AFSA АХҚО-да ESG ақпаратты ашу жөніндегі нұсқаулықты жариялады

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) аспектілеріндегі ақпаратты ашу жөніндегі АХҚО нұсқаулығын жариялады.

Бұл Нұсқаулық барлық банктерге, қор басқарушыларына және сақтандыру компанияларына қолданылады. Нұсқаулық мақсаты – АХҚО қаржы экожүйесінің неғұрлым орнықты әрі жауапты болуына ықпал ете отырып, ESG стандарттарын қаржы ұйымдарының есептіліктері мен шешім қабылдау процестеріне интеграциялауды ынталандыру.

Бастапқы кезең ретінде AFSA АХҚО-дағы қаржы ұйымдары үшін ерікті негізде ESG туралы ақпаратты ашу практикасын енгізеді. Бұл қаржы ұйымдарына халықаралық стандарттармен танысуға және олардың операциялық қызметі мен есеп беру процестерін тиісті түрде бейімдеуге мүмкіндік береді.

Сілтеме: https://orderly.myafsa.com/articles/aifc-environmental-social-and-governance-disclosure-guidance.

Анықтама ретінде: 

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45  [email protected]