AFSA 27 тамыз күні, Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де реттеуші таунхолды онлайн-форматта өткізеді

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) сізді 2024 жылғы 27 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ға дейін Zoom форматында өтетін реттеуші таунхолға қатысуға шақырады.

Таунхол кезінде біз АХҚО заңнамасына жаңа нормативтік базалар мен түзетулерді ұсынамыз және талқылаймыз. Біздің сайтта кері байланыс үшін тиісті консультациялық құжаттар орналастырылды (оларға сілтемелер әр тақырыптың алдында төменде келтірілген). AFSA нарықтан реттеу мен заңнамалық ұсыныстарға көзқарас бойынша ұсыныстар алуға, сондай-ақ аудиторияның сұрақтарына жауап беруге тырысады.

Бағдарлама

  1. I. Презентациялар 12:00 — 12:30:

АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілеріне ұсынылып отырған түзетулер (https://orderly.myafsa.com/articles/consultationpaperafsapce-2024-0009-from-2-august-2024-onproposedenhancementstotheaifcassetmanagementframework)

  • Гауһар Қаттабек, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

ESG ақпаратты ашу жөніндегі нұсқаулық (https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0010-from-5-august-2024-on-consultation-paper-on-the-aifc-environmental-social-and-governance-disclosure-guidance)

  • Мадина Маймақова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

АХҚО-да жұмысқа орналасу үшін қажетті біліктіліктер туралы ережелеріне ұсынылған өзгерістер (https://orderly.myafsa.com/articles/consultationpaperafsapce-2024-0011-from-16-august-2024-onproposedamendmentstotheaifcactno.gr009-of-2017-concerningqualificationsnecessaryforemploymentintheaifc)

  • Айнұр Жуматова, АХҚО Экспат орталығының директоры
  1. II. Сұрақ-жауап сессиясы 12:30 – 13:00

Төмендегі сілтеме арқылы 2024 жылғы 27 тамыз сағат 09:00-ге дейін Астана уақыты бойынша алдын ала ОНЛАЙН ТІРКЕУДЕН өтуді шақырамыз:

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]