AFSA 2025 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15:00-де онлайн-форматта реттеу мәселелеріне арналған таунхол өткізеді
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) сіздерді 2025 жылғы 26 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 15:00-де Zoom платформасында өтетін реттеу мәселелеріне арналған таунхолға қатысуға шақырады.
Іс-шара барысында жуырда қабылданған Қағидаларды практикалық қолдануға және осы реттеуші база шеңберінде қайта қаралған реттелетін төлем қызметтерінің көлеміне қатысты мәселелер талқылауға түседі. Әсіресе цифрлық активтермен байланысты төлем қызметтерін көрсету мәселесіне айрықша назар аударылады.
Таунхол 2025 жылғы 13 қазанда енгізудің бірінші кезеңі басталатын осы Қағидаларды AFSA-мен тікелей талқылауға арналған алаң болмақ. Барлық мүдделі тараптарға эфирге қосылып, дискуссияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Ілтипат сөз:
Еркеғали Еденбаев, Лицензиялау және қаржылық технологиялар офисінің басқарушы директоры
Презентация:
Мердан Алтыев, AFSA Қаржылық технологиялар департаментінің аға сарапшысы
Төмендегі сілтеме арқылы 2025 жылғы 26 қыркүйек күнгі сағат 12:00-ге дейін алдын ала онлайн тіркеуден өтуге шақырамыз:
https://us06web.zoom.us/meeting/register/gSrd1eFlSzqhD5ltZ1ah1A#/registration
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4300-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45