Өз құқығыңызды біліңіз
Өз құқығыңызды біліңіз
Шағым беру
- Егер сізде Орталық Қатысушыларының көрсететін қызметтеріне қатысты проблема туындаса, сіз Орталық Қатысушысына шағыммен жүгінуге құқылысыз. Ол сіздің шағымыңызға ерекше жағдайлар болмаған жағдайда 15 күн ішінде жауап беруі керек.
- Егер сіз фирманың жауабына қанағаттанбасаңыз, егер ол сіздің шағымыңыздан бас тартса немесе олардан жауап алмасаңыз, сіз Комитетке шағым жасауға құқылысыз.
- Егер шағымыңыз банкіңізге қатысты болса, мысалы, егер банк заңсыз төлемді қайтарудан бас тартса, банкке шағыммен жүгінгеніңіз дұрыс. Сіз АФСА-ға осындай шағымды онлайн форма арқылы жасауға құқылысыз.
Өзіңізді қорғау жолдары
- Біз клиенттердің осы өзгерістердің алып келуі мүмкін барлық артықшылықтарын пайдаланғанын қалаймыз, бірақ кейбір маңызды жайттарды есте сақтаған жөн.
- Абай болыңыз – онлайн төлемдерді немесе шот жағдайы туралы ақпарат қызметін пайдаланған кезде алаяқтық туралы әрқашан есіңізде болсын. Егер кіммен сөйлесіп тұрғаныңызды білмесеңіз немесе провайдер болып көрінгісі келетініне сезіктенсеңіз, банктік қауіпсіздік бойынша сәйкестендіру деректеріңізді немесе басқа да жеке не қаржылық ақпаратты ашпаңыз.
- Нақтылауларды оқыңыз – тіркелер алдында, қаржылық қызметтер жеткізушісінің шарттарын, сонымен бірге қызметтерді көрсету шарттарын да әрқашан мұқият оқыңыз.
- Деректерге мұқият болыңыз – өз шоттарыңызға қадай қолжетімділік беріп жатқаныңызды, шот жағдайы туралы ақпараттың қалай қолданылатындығын және ол кімге берілуі мүмкін екендігін түсінетініңізге және келісетініңізге көз жеткізіңіз.
- Үзінді көшірмелеріңізді тексеріңіз – банктік үзінді көшірмелеріңізді қадағалаңыз және төлемді мойындамасаңыз, банкке хабарласыңыз.
Деректерді қорғау
- Сіздің деректеріңізге қолжетімділік алатын компаниялар деректерді қорғау туралы заңды сақтауы керек. Банк және төлем қызметтерінің өзге де жеткізушілері деректерді қорғау туралы заңның аясына кіреді.
- Егер деректерді қорғау туралы заңды бұзуға қатысты наразылығыңыз болса, АФСА-ға хабарласа аласыз.