Ресми танылу процесі
Ресми танылу процесі
- АХҚО Бизнесті дамыту тобымен хабарласыңыз
Біз компанияларға ең алдымен AIFC Business Connect-ке хабарласуды ұсынамыз. Олар сізге Орталықта болуыңыз фирмаңыз үшін экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай ма екенін анықтауға мүмкіндік беру үшін АХҚО ұсынатын артықшылықтарды бағалауға көмектеседі.
AIFC Business Connect-пен хабарласуға арналған электрондық пошта мекенжайы: [email protected].
- Өтінім беруге дайындық
АХҚО-ның қолданыстағы Актілерімен және Қағидаларымен танысыңыз және оларды қалай сақтау керектігін көрсетуге дайын болыңыз. АХҚО Актілері мен Қағидаларын біздің веб-сайттың «Нормативтік-құқықтық база» бөлімінен табуға болады.
- Өтінім нысанын толтыру
Сіздің барлық қажетті ақпаратты бергеніңіз өте маңызды. Ашықтық пен адалдық – бұл міндетті шарт. Егер бізге сіздің қандай да бір ақпаратты ашуыңызға байланысты сіздің өтінішіңізді мұқият зерделеу қажет болса, бұл міндеті түрде сізге теріс әсер етеді деген сөз емес. Алайда, ақпаратты әдейі бермеу немесе жалған немесе жаңылыстыратын ақпарат беру сіздің өтініміңіздің қаралуына кері әсерін тигізеді.
- Өтінімдерді өңдеу
Өтінімнің сәтті қаралуының нәтижесі Комитеттің тұлғаға Recognized Non-AIFC Member (АХҚО мүшесі емес аккредиттелген компания) мәртебесі берілетіндігі туралы қаулы қабылдауы болып табылады. Қаулы шығарғанға дейін, Комитет өтінім берушінің АХҚО қаржылық қызметтері туралы актісінің 91-бөлімінде белгіленген осындай аккредиттеу талаптарына сәйкестігін тексеруі керек.
- Бізбен хабарласу үшін
Барлық сұрақтар бойынша кез келген уақытта, [email protected] электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.