Ескерту: Atlas Capital Limited атауын алаяқтық мақсатта пайдалану
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) бұған дейін atlaslimited.capital/login доменінде жұмыс істеген, қазіргі уақытта белсенді емес веб-сайтқа қатысты осы ескертуді жариялайды. Аталған веб-сайт өзін Atlas Capital Limited (бұдан әрі — «Компания») веб-сайты немесе Компаниямен байланысты веб-сайт ретінде жалған таныстырған болуы мүмкін.
Atlas Capital Limited (БСН: 220640900330) – «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген және AFSA-ның 2022 жылғы 20 маусымда берілген № AFSA-A-LA-2022-0019 лицензиясына ие компания. Лицензия Компанияға мынадай реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық береді: ұжымдық инвестициялық схеманы басқару (Managing a Collective Investment Scheme), инвестицияларды басқару (Managing Investments), инвестициялар бойынша кеңес беру (Advising on Investments) және инвестициялар бойынша мәмілелерді ұйымдастыру (Arranging Deals in Investments).
Болжамды алаяқтық әрекеттер
AFSA-ға аталған веб-сайттың:
- Компанияның рұқсатынсыз оның атауын веб-сайттың мекенжайында пайдаланғаны;
- пайдаланушыларда веб-сайтты лицензияланған Компания басқарады немесе ол Компаниямен байланысты деген жалған түсінік қалыптастыру мақсатында Компанияның логотипін пайдаланғаны белгілі болды.
Жұртшылыққа ескерту
AFSA жұртшылықты AFSA лицензиясы негізінде қаржылық қызметтер көрсететінін мәлімдейтін веб-сайттармен, платформалармен немесе тұлғалармен өзара әрекеттесу кезінде аса сақ болуға шақырады.
Мынаны ескеру қажет:
- алаяқтар өз қызметінің заңдылығы туралы жалған түсінік қалыптастыру үшін шынайы реттеушілік лицензияларды, сертификаттарды, компаниялардың атаулары мен логотиптерін, сондай-ақ тіркеу деректерін көшіріп пайдалануы мүмкін;
- веб-сайтта AFSA лицензиясының сертификатын орналастырудың өзі веб-сайт операторының AFSA тарапынан авторизацияланғанын растамайды;
- қаражат аудармас немесе жеке ақпаратты ұсынбас бұрын инвесторлар қаржылық қызметтер ұсынатын кез келген тұлғаның немесе ұйымның жеке басын және реттеушілік мәртебесін дербес тексеруі, сондай-ақ пайдаланылатын интернет-ресурстың АХҚО Қатысушысының ресми ресурсы екеніне көз жеткізуі қажет.
Компанияның ресми веб-сайты — atlascapital.kz.
Күдікті қызмет туралы хабарлау және одан әрі әрекет ету
Егер сіз осындай ұсыныстарға тап болсаңыз немесе күмәнді инвестициялық қызметке не жарнамалық ұсыныстарға қатысты күдігіңіз болса, бұл туралы AFSA-ға [email protected] электрондық поштасы арқылы дереу хабарлауды ұсынамыз.
AFSA жұртшылықты AFSA лицензиясы негізінде қаржылық қызметтер көрсететінін мәлімдейтін ұйымдармен өзара әрекеттесу кезінде аса сақ болуға шақырады және мұндай ұйымдардың мәртебесін AFSA Жария тізілімінен тексеруді ұсынады. Онда AFSA авторизациялаған және/немесе тіркеген барлық ұйымдар туралы ақпарат қамтылған.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. Оның мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу. АХҚО актілері мен қағидаларында қаржы компаниялары және нарықтық институттарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу мен қадағалау мәселелерін көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
AFSA Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті [email protected]