AFSA жыл сайынғы қадағалау алымдарын қолдану жөніндегі Нұсқаулықты жариялады

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) жыл сайынғы қадағалау алымдарын қолдану жөніндегі Нұсқаулықты жариялады. Құжат реттелетін қызмет түрлерін немесе нарықтық қызметті жүзеге асыруға арналған әртүрлі лицензияларды біріктіру жағдайларында AFSA-ның жыл сайынғы қадағалау алымдарын есептеу тәртібін түсіндіреді.

Нұсқаулық АХҚО-ның Алымдар туралы қағидаларында (Fees Rules) белгіленген жыл сайынғы қадағалау алымдары жүйесі аясында әзірленді. Қағидалардың 3.1.5(c) және 3.1.5(d) тармақтары авторизацияланған тұлға бірнеше реттелетін қызмет түрін немесе нарықтық қызметті жүзеге асырған жағдайда жыл сайынғы қадағалау алымдарын есептеу әдістемесін белгілейді.

Қағидалардың 3.1.5(e) тармағына сәйкес AFSA белгілі бір реттелетін қызмет түрлерінің немесе нарықтық қызметтердің комбинациялары есептеу мақсатында жеткілікті дәрежеде өзара байланысты немесе сипаты жағынан бір-бірімен қабаттасатын болып саналуы мүмкін жағдайларды айқындайтын Нұсқаулық шығаруға құқылы. Мұндай жағдайларда АХҚО қатысушылары тек ең жоғары қолданылатын алымды төлейді.

Нұсқаулықта сондай-ақ жеткілікті дәрежеде өзара байланысты немесе сипаты жағынан бір-бірімен қабаттасатын болып саналуы мүмкін жиі кездесетін қызмет түрлері комбинацияларының мысалдары қамтылған. Бұл тізбе толық болып табылмайды.

Нұсқаулықпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://orderly.myafsa.com/articles/aifc-guidance-on-application-of-annual-supervision-fees.

 

Анықтама үшін: 

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. Оның мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу. АХҚО актілері мен қағидаларында қаржы компаниялары және нарықтық институттарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу мен қадағалау мәселелерін көзделген. afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz

AFSA Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті [email protected]