AFSA туынды қаржы құралдарымен сауда жасау жөніндегі Нұсқаулықты жариялады
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясындағы деривативтерді реттеуге қатысты жаңа нұсқаулықты (Guidance) жариялады.
Нұсқаулық АХҚО-ның Бизнес жүргізу қағидаларына (Conduct of Business Rules) сәйкес бөлшек клиенттердің позицияларын қамтамасыз етуге (маржаға) қойылатын талаптарды түсіндіреді. Құжатта қолдану тәсілдерінің бірізділігін және кредиттік иіннің пропорционалды деңгейін қамтамасыз ету мақсатында базалық активтердің әртүрлі санаттары бойынша маржалық қамтамасыз етудің ең төменгі параметрлері белгіленген.
Аталған өзгерістер инвесторларды қорғауды күшейтуге, кредиттік иінді пайдалана отырып сауда жасауға байланысты тәуекелдерді төмендетуге, сондай-ақ АХҚО-да теңгерімді әрі пропорционалды реттеуші ортаны сақтай отырып, нарықтың тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізеді.
Нұсқаулық AIFC Guidance on Margin Requirements for Retail Clients in Relation to Derivatives сілтемесі бойынша қолжетімді.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. Оның мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу. АХҚО актілері мен қағидаларында қаржы компаниялары және нарықтық институттарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу мен қадағалау мәселелерін көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
AFSA Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті [email protected]