Баламалы реттелетін биржалар

Баламалы реттелетін биржада («өзге нарықта») сауда-саттыққа бұрыннан жіберілген немесе сол уақытта бір мезгілде саудаға жіберілген бағалы қағаздар үшін проспект дайындау талабы қолданылмайды.

 

Осындай бағалы қағаздарды саудаға жіберуді сұрайтын тұлға MAR 1.4. талаптарына сәйкес Авторизацияланған инвестициялық биржа бекіткен проспектінің қысқаша мазмұнын жұртшылыққа ұсынуға тиіс. Бұл құжатта өзге нарықтың заңнамасына сәйкес бекітілген қолданыстағы проспектіні қайдан алуға болатыны, сондай-ақ эмитенттің тұрақты негізде ақпаратты ашу міндеттемелері шеңберінде жариялайтын қаржылық ақпаратының қай жерде қолжетімді екені немесе қолжетімді болатыны көрсетілуі тиіс.

 

Төменде көрсетілген реттелетін биржалар MAR 1.2.2(2) және АХҚО Глоссарийіне (листингтік қорлар үшін баламалы реттелетін биржа) сәйкес Astana International Exchange (AIX) ресми тізіміне енгізілетін бағалы қағаздар мен листингтік қорлар үшін AFSA тарапынан баламалы реттелетін биржалар ретінде айқындалған:

1. London Stock Exchange (Лондон қор биржасы)
  ·        Main Market (Негізгі нарық)
  ·        Alternative Investment Market (Баламалы инвестициялар нарығы, AIM)
2. Euronext Dublin (Euronext Dublin биржасы)
3. Hong Kong Stock Exchange (Гонконг қор биржасы)
  ·         Main Board (Негізгі нарық)
  ·         Growth Enterprise Market (Өсіп келе жатқан компаниялар нарығы, GEM)
4. Shanghai Stock Exchange (Шанхай қор биржасы)
  ·        Main Board (Негізгі нарық)
5. Toronto Stock Exchange (Торонто қор биржасы)
6. Frankfurt Stock Exchange (Франкфурт қор биржасы)
  ·         General Standard (Листингтің стандартты сегменті)
  ·         Prime Standard (Листингтің премиум сегменті)
7. Australian Securities Exchange (Австралия қор биржасы)
8. New York Stock Exchange (Нью-Йорк қор биржасы)
9. Nasdaq Stock Market (Nasdaq қор биржасы)
10. Shenzhen Stock Exchange (Шэньчжэнь қор биржасы)
11. Warsaw Stock Exchange (Варшава қор биржасы)
12. Luxembourg Stock Exchange (Люксембург қор биржасы)
13. Budapest Stock Exchange (Будапешт қор биржасы)
14. Euronext Brussels (Euronext Brussels биржасы)
15. Moscow Stock Exchange (Мәскеу қор биржасы)
16. Kyrgyzstan Stock Exchange (Қырғызстан қор биржасы)
17. Georgia Stock Exchange (Грузия қор биржасы)
18. Bucharest Stock Exchange (Бухарест қор биржасы)
19. Baku Stock Exchange (Баку қор биржасы)
20. Borsa Istanbul (Стамбұл қор биржасы)
21. Singapore Exchange (Сингапур биржасы)
22. Republican Stock Exchange “Toshkent” (Республикалық «Тошкент» қор биржасы)