AFSA реттеушілік алымдарға ұсынылған өзгерістерді талқылауға шығарады
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО шеңберінде реттеуші алымдарды жаңарту жөніндегі ұсыныстарды талқылауға шығарады.
Ұсынылып отырған өзгерістер алымдар жүйесінің пропорционалдығын, ашықтығын және АХҚО-ның орнықты дамуын қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, кейбір қызмет түрлері бойынша тіркелген алымдарды қайта қарау және айнымалы компоненттерді енгізу жоспарлануда. Бұл өзгерістер қаржы нарықтарының өсуі мен күрделене түсуіне байланысты қолға алынып жатыр.
Аталған өзгерістер AFSA-ның жоғары деңгейдегі реттеушілік қадағалауды қолдауы және нарықтың тұрақтылығы мен сенімділігін одан әрі нығайту мақсатында заманауи қаржы технологиялары мен SupTech[1] сияқты жаңа тәсілдерді жетілдіруі үшін маңызды болмақ.
AFSA реттеуші алымдарды соңғы рет 2017 жылы жаңартқан еді. Сол уақыттан бері AFSA өкілеттіктері едәуір кеңейді. Бүгінгі таңда АХҚО-да 85 елден 4 400-ден астам компания мен ұйым тіркелген. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында AFSA реттейтін компаниялардың басқаруындағы активтер көлемі 1,85 млрд АҚШ долларын құрады.
«АХҚО дамыған қаржылық экожүйеге айналды. Тұтынушыларды қорғау, киберқауіпсіздік пен қаржылық қылмыстар сияқты жаңа тәуекелдерді ескеру, сондай-ақ қадағалаудың жоғары деңгейін сақтау үшін қаржыландыру моделіміз нарық шындығына сай болуы аса маңызды. Бұл қоғамдық талқылау мүдделі тараптарға әділ әрі ашық жүйені қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді», — деді AFSA Бас директоры Евгения Богданова.
AFSA барлық мүдделі тараптарды сілтемесі бойынша консультациялық құжатпен танысуға және 2025 жылғы 2 қарашаға дейін [email protected] электрондық мекенжайына пікірлерін жолдауға шақырады. Барлық ұсыныстар түзетулердің түпкілікті нұсқасын бекітер алдында мұқият қаралады.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4400-ге жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[1] Қаржы нарықтары мен институттарын бақылау және қадағалау үдерістерін жақсарту мақсатында қаржылық реттеуші және қадағалаушы органдардың инновациялық технологияларды қолдануы.