Ескерту: AFSA атауын рұқсатсыз пайдалану және жалған түрде өздерін АХҚО-да лицензияланған қатысушы ретінде көрсету

«Астана» халықаралық қаржы орталығының («AFSA») Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті қаржы нарығының қатысушыларын және жұртшылықты «Я Собрал» (Ya Sobral) жобасының AFSA атауын рұқсатсыз пайдалануы және өз қызметін заңды тіркелген және лицензияланған компанияның қызметі ретінде көрсетуге әрекет жасауы фактісі туралы хабардар етеді.

https://ya-sobral.com/ веб-сайтында AFSA тарапынан реттелгені туралы жалған мәлімдеме жасалған. Бұдан басқа, веб-сайтта орналастырылған Инвесторға арналған шартта және Қарыз алуға арналған шартта АХҚО-да заңды тіркелген және AFSA лицензиялаған InvestRoom Ltd. компаниясының (AFSA берген AFSA-G-LA-2022-0005 лицензиясы қарыздық краудфандинг алаңын басқару бойынша нарықтық қызметті жүзеге асыруға құқық береді) атауы заңсыз пайдаланылған.

Осы хабарлама арқылы «Я Собрал» немесе осыған ұқсас атаумен бірде-бір заңды тұлға АХҚО-да тіркелмегенін және AFSA-дан лицензия алмағанын хабарлаймыз. Осылайша, «Я Собрал» қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (Алаяқтық) және 214 (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) баптары бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілерін қамтиды.

AFSA АХҚО-да тіркелген компаниялар және AFSA лицензиясы бар компаниялар туралы өзекті ақпаратты қамтитын AFSA Жария тізілімін қарауды ұсынады. Кез келген қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланар алдында компанияның мәртебесін тексеру сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін және АХҚО-ның қолданыстағы құқығын сақтау үшін маңызды шара саналады.

AFSA осы жоба өкілдерінің қандай да бір өтініштеріне жауап бермеуге және ешбір жағдайда онымен шарттық қатынастарға түспеуге, сондай-ақ онымен байланысты кез келген тұлғалардың пайдасына ақша қаражатын аудармауға қатаң түрде кеңес береді.

Егер сіз кез-келген хат-хабардың растығына күмәндансаңыз немесе заңсыз әрекеттерге қатысы бар адамдар сізбен байланысқа шықты деп күдіктенсеңіз, біз сізге тікелей AFSA-ға хабарласуды ұсынамыз. Сіз мұны біздің веб-сайттағы онлайн нысанды қолдана отырып жасай аласыз.

Анықтама үшін:

Анықтама ретінде:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 85 елден 3700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 pr@afsa.kz