Ескерту: Реттеуші шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі туралы жалған ақпарат
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жүзеге асыратын тіркеу, лицензиялау, қадағалау, құқық қолдану практикасы немесе тәртіптік жаза процестеріне байланысты маңызды мәселеге назар аударуыңызды сұраймыз.
AFSA:
— заңды тұлғаны тіркеумен;
— АХҚО қатысушыларын лицензиялаумен;
— негізгі тағайындауларды (Approved Individuals, Principal Representatives, Controllers және басқа да бақыланатын функциялар мен ұқсас лауазымдарды) мақұлдаумен;
— АХҚО реттеуші талаптарындағы ерекшеліктерді (Waiver) және өзгерістерді (Modification) мақұлдаумен;
— АХҚО актілеріне сәйкес реттеушілік немесе құқық қолдану шешімдерін қабылдаудың кез келген басқа процесімен байланысты
мәселелерді қарауды «жеделдету» қызметтерін көрсету, оң шешім шығаруға кепілдік беру немесе AFSA-ның кез-келген шешімдеріне қатысты басым түрде қарау бойынша қызметтерді ұсынбайтынына, жүзеге асырмайтынына және үшінші тұлғаларға мұндай өкілеттіктерді бермейтініне назар аударады.
Барлық сұраулар мен өтінімдер олардың сапасын, толықтығын, дәлдігін және АХҚО актілерінде көрсетілген қолданылатын талаптарға сәйкестігін ескере отырып, белгіленген реттеуші рәсімдерге сәйкес бағаланады. Сұраулар мен өтінімдерді қарауды тәуелсіздік пен бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алатын тек уәкілетті лауазымды адамдар ғана жүзеге асырады.
Егер қандай да бір адам немесе делдал ақшалай сыйақыға немесе басқа да бір пайда үшін сіздің сұрауыңыз немесе өтініміңіздің қаралуын тездете немесе нәтижесін өзгерте аламын десе, мұндай мәлімдемелер жалған және алаяқтық болып саналады. Мұндай ұсыныстар, басқалармен қатар, мыналарды қамтуы мүмкін:
- сіздің сұрауыңыз немесе өтініміңіздің қаралуын «жеделдету» ұсыныстары;
- AFSA-да шешім қабылдауға ерекше ықпал ете алу немесе артықшылықты қолжетімділіктің болуы туралы мәлімдемелер;
- мақұлдауды алу немесе оны басымдықпен өңдеуге кепілдіктер беру.
Біз барлық өтініш берушілерді қырағы және сақ болуға шақырамыз. Адал емес адамдармен немесе ұйымдармен қарым-қатынас жасай отырып, сіз алаяқтықтың құрбаны, жемқорлық фактісінің сыбайласы болуыңыз, қаржылық шығындарға немесе іскерлік беделіңізге нұқсан келтіруіңіз мүмкін, бұл сондай-ақ басқа да елеулі тәуекелдерге әкелуі мүмкін.
Қосалқы қызметтердің лицензияланған көрсетушілерінің тізімі AFSA веб-сайтында қолжетімді екенін естеріңізге саламыз. Сіз https://publicreg.myafsa.com/ancillary/ сілтемесі бойынша ресми жария тізілімге қол жеткізе аласыз.
AFSA-ның тіркеу және лицензиялау үшін ресми алымдары мен төлемдері АХҚО алымдарының қағидаларында жарияланған, олар https://orderly.myafsa.com/articles/feesrules сілтемесі бойынша қолжетімді.
Өтінім берер алдында сіз АХҚО әкімшілігінің қатысушыларды қолдау командасына жүгіне аласыз, мамандар процестер жөнінде бастапқы консультациялар беруге және лицензиялау және тіркелу үшін құжаттар топтамасын дайындауға жәрдемдесуге әзір. Олармен [email protected] электрондық поштасы немесе +7 7172 959 000 телефон арқылы байланысуға болады.
Егер үшінші тарап сізге бизнес этикасын немесе заң нормаларын бұзатын қызметтерді ұсынса немесе сіз осындай алдаудың құрбаны болдым деп ойласаңыз, https://afsa.aifc.kz/afsa-hotline-services/ немесе https://afsa.aifc.kz/consumers/complaints/ сайтымыз арқылы шағым жіберіп, бізге дереу хабарлаңыз. Кез келген шағым құпия түрде қаралады.
Анықтама үшін:
Анықтама ретінде:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 3700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]