AFSA тәуекелі төмен қаржылық қызметтер көрсететін компаниялар үшін арнайы реттеуші базаны қабылдады
AFSA АХҚО-да тәуекел деңгейі төмен қаржылық қызметтерді ұсынатын компаниялар үшін арнайы реттеуші базаны ұсынды. Тәуекелге бағдарланған реттеу тәсіліне негізделген режим шағын қаржы компанияларының ерекшеліктерін ескереді және көлемі шектеулі әрі операциялары аса күрделі емес компаниялар ірі компаниялар сияқты тәуекелдер тудырмайтынын мойындай отырып, оларға реттеудің жеңілдетілген қағидаларын ұсынады, Басқару және операциялық процестерге қойылатын талаптарды жеңілдету арқылы AFSA қатаң қадағалауды сақтай отырып, осындай компаниялардың дамуын қолдауға тырысады. Жаңа режим қаржылық тұрақтылыққа қауіп туғызбастан реттеуші жүктемені азайтады, бұл АХҚО-да неғұрлым тиімді әрі бәсекеге қабілетті қаржылық ортаны құруға ықпал етеді.
Ұсынылған режим тәуекелі төмен қаржылық қызметтер көрсететін компаниялар санатына жатқызылуы мүмкін ұйымдарды анықтаудың өлшемшарттарын белгілейді. Бұл режимнің басты артықшылықтарының бірі – басқару органын құрудағы икемділік. Мұндай компанияларда акционерлер (жеке тұлғалар), бірінші басшылар жеке дара немесе басқа акционерлермен және/немесе басқа басшы қызметкерлермен бірлесіп, басшы органның рөлін атқара алады. Бұдан басқа, мұндай режим инвестицияларды/несиелеуді таңдау және жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдарға компанияның бухгалтерді қоса алғанда, бухгалтерлік есеп жүргізудің тиісті жүйесі болған жағдайда Қаржы офицерін тағайындамауға мүмкіндік береді. Режим сонымен қатар бақылау функцияларын[1] аутсорсингке беруге рұқсат етеді, бұл компанияларға мұндай функцияларды басқа қызмет көрсетушілерге тапсыруға мүмкіндік береді.
Жаңа режим жаңадан өтінім берушілер үшін де, оның талаптарына сәйкес келетін лицензиясы бар компаниялар үшін де қолданылады. Тәуекелі төмен қаржылық қызметтер көрсететін компаниялар санатына жатқызылғысы келетін жұмыс істеп тұрған лицензияланған компаниялар қадағалау бөлімдерінің тиісті менеджерімен байланысуы керек.
AFSA-ның тәуекелі төмен компанияларды реттеуге деген тәсілі туралы мәлімдеме веб-сайтта қолжетімді.
Анықтама үшін:
Анықтамалық ақпарат
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]
[1] Лицензияланған компанияның функциясы, оны тек бекітілген адам орындай алады.