AFSA АХҚО-ның көпжақты және ұйымдастырылған сауда алаңдарды реттеу жөніндегі қағидаларына түзетулерді қабылдады

AFSA реттеуші режимді жетілдіру және MTF/OTF платформаларында токенизацияланған білікті инвестициялармен сауда жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында АХҚО-ның көпжақты және ұйымдастырылған сауда алаңдарын реттеу жөніндегі қағидаларына түзетулерді қабылдады.

AFSA-ның токенизацияланған қаржы құралдарын реттеу тәсіліне сәйкес, режим MTF/OTF платформаларына білікті инвестициялық токендерді ұсынуға мүмкіндік беру үшін кеңейтілді.

MTF/OTF платформаларды реттеудің қолданыстағы режимі токенизацияланған білікті инвестицияларды ұсынатын платформаларға қолданыла береді.

Өзгерістер АХҚО-ның көпжақты және ұйымдастырылған сауда алаңдарын реттеу жөніндегі қағидаларына, АХҚО-ның бизнесті жүргізу туралы қағидаларына және АХҚО глоссарийіне енгізілді, олар АХҚО сайтында жарияланды және 2024 жылғы 18 қазанда күшіне енеді.

Анықтама үшін:

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]