AFSA орнықты облигацияларды реттеуге арналған нормативтік базаны (AIFC ESG Debentures) қабылдады, ол 2024 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) орнықты облигацияларды реттеудің нормативтік базасын (AIFC ESG Debentures) қабылдады, ол 2024 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді.

Нормативтік база «АХҚО ESG-облигацияларының» кешенді тұжырымдамасы аясында жасыл және орнықты борыштық құралдарды шығару мен ұсынуға қойылатын минималды реттеу стандарттары мен талаптарды енгізеді. Оның мақсаты – эмитенттерге нақты нұсқаулар беру, бұл осы қаржылық өнімдерді әзірлеу мен олардың маркетингін жеңілдетеді, сондай-ақ инвесторларға орнықты инвестициялау мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.

Бұл қағидалар жасыл қаржыландыру саласында капитал ағындарын ынталандыруға және жаһандық климаттық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете отырып, климаттық тәуекелдердің салдарын бейімдеу және азайту жөніндегі күш-жігерді қаржыландыруды қолдауға бағытталған. Ол эмитенттердің нақты экологиялық мақсаттарды орындауын қамтамасыз ете отырып, ашықтыққа, есептілікке және халықаралық стандарттардың сақталуына ықпал етеді.

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]