АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) және Әзірбайжан Республикасының Орталық банкі (ӘРОБ) консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) мен Әзірбайжан Республикасының Орталық банкі (ӘРОБ) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, құжат осы ұйымдар арасында олардың қадағалау функцияларын орындауды қолдауға және тиісті юрисдикцияларда қаржы нарықтарының қауіпсіз және сенімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуге бағытталған барынша тығыз ынтымақтастықтың негізін қалайды.
Меморандум AFSA мен ӘРОБ-дің қаржы нарықтарын қадағалау саласындағы өзара сенім мен түсіністікке негізделген ынтымақтастықты нығайтуға бейілділіктерін көрсетеді. Органдар қадағалау және жылдам әрі уақтылы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету саласында ынтымақтасуға және екі юрисдикцияда жұмыс істейтін мекемелерді тиімді қадағалауға жәрдемдесу үшін өзара көмек көрсетуге күш-жігерін салады.
Меморандум сонымен қатар білім мен тәжірибе алмасу, сондай-ақ қызметкерлерді іссапарға жіберу арқылы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған үйлестіру жұмыстарын көздейді. Юрисдикция өкілдері сонымен қатар сенімді қадағалау практикасын нығайтуға бағытталған қызметкерлерді оқытудың бірлескен бағдарламаларын жалғастыруға келісті.
Осылайша, AFSA-ның ұқсас реттеушілермен жасасқан халықаралық келісімдерінің жалпы саны 57-ге жетті.
AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов: «Бұл өзара түсіністік туралы меморандум AFSA мен Әзірбайжан Республикасының Орталық банкі арасындағы серіктестіктің нығаюының басталуын білдіреді және ынтымақтастықтың жалғасы мен болашақтағы жаңа бірлескен жобаларды асыға күтеміз».
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]