AFSA 18 шілде күні, Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де реттеуші таунхолды онлайн-форматта өткізеді
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) сізді 2024 жылғы 18 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін Zoom форматында өтетін реттеуші таунхолға қатысуға шақырады.
Таунхол кезінде біз АХҚО заңнамасына жаңа нормативтік базалар мен түзетулерді ұсынамыз және талқылаймыз. Біздің сайтта кері байланыс үшін тиісті консультациялық құжаттар орналастырылды (оларға сілтемелер әр тақырыптың алдында төменде келтірілген). AFSA нарықтан реттеу мен заңнамалық ұсыныстарға көзқарас бойынша ұсыныстар алуға, сондай-ақ аудиторияның сұрақтарына жауап беруге тырысады.
Бағдарлама
- I. Презентациялар 11:00 — 11:45:
Токенизацияланған инвестициялар саудасына рұқсат беру (https://shorturl.at/m27GG)
Гауһар Қаттабек, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA
Қазынашылық орталықтарды реттеудің қағидалары (https://shorturl.at/770Oh)
Мадина Маймақова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA
Кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеу бойынша нормативтік база (https://shorturl.at/Dy8ni)
Зарина Сейдахметова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA
Орнықты облигацияларды реттеу үшін нормативтік база (https://shorturl.at/reEj3)
Әйгерім Нұрмаханова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің сарапшысы, AFSA
Заңды тұлғалардың қызметін реттеу (https://shorturl.at/INbxU)
Бекежан Амантай, Тіркеу бөлімінің сарапшысы, AFSA
Антонина Буц, Тіркеу бөлімінің аға сарапшысы, AFSA
- II. Сұрақ-жауап сессиясы 11:45 — 12:15
Төмендегі сілтеме арқылы 2024 жылғы 18 шілде сағат 09:00-ге дейін Астана уақыты бойынша алдын ала ОНЛАЙН ТІРКЕУДЕН өтуді шақырамыз:
https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZUrd-utqzIrEtdqJF9SJy-rYpQF7az8qcZI
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 81 елден 2900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]