Евгения Богданова

Евгения Богданова

Бас атқарушы директор

Евгенияның 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі халықаралық қаржы нарықтарымен байланысты болды. AFSA-ға келгенге дейін бес жыл бойы ол Astana International Exchange («AIX») реттеу және комплаенс жөніндегі басшысы болды және осы лауазымда  қаржы құралдарын саудаға жіберуге, AIX сауда қатысушыларының қызметін қадағалауға, AIX нарығына қатысушыларға арналған реттеуші базаны әзірлеуге және оның орындалуын қамтамасыз етуге жауапты болды, сондай-ақ AIX-тің комплаенс, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі аудит саласындағы функцияларына жетекшілік етті. AIX-те жұмыс істегенге дейін Евгения Renaissance Capital инвестициялық банкінде заң қызметі мен корпоративтік басқару блогына басшылық етті.

 

White & Case компаниясында жеке заң практикасымен айналыса отырып, ол әлемдегі жетекші инвестициялық банктердің, ірі корпорациялардың, егеменді эмитенттердің және қор биржаларының мүдделерін білдіре отырып, бағалы қағаздар мен капитал нарықтарындағы трансшекаралық мәмілелерге қатысты көптеген мәселелер жөнінде кеңес берді.

 

Евгения өзінің мансабын Ресейдің Бағалы қағаздар нарығы жөніндегі федералды комиссиясында бастады, онда ол бағалы қағаздар нарығын реформалау бойынша заң жобалау және халықаралық даму институттарының қолдауымен жаһандық стандарттарды енгізу жұмысына қатысты.