AFSA АХҚО қатысушыларына қатысты кәсіби жарамдылық және адалдық саласындағы талаптарға қатысты нұсқаулықты енгізу бойынша консультациялық құжатын жариялады. Пікірлерді жіберудің соңғы мерзімі – 2022 жылғы 14 мамыр.

АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО қатысушыларының кәсіби жарамдылығы мен адалдығын бағалау бойынша AFSA тәсілдері туралы ұсынылған нұсқаулыққа қатысты пікір алу үшін № AFSA-P-CE-2022-0002 консультативтік құжатын жариялады. Нұсқаулыққа сәйкес кәсіби жарамдылық пен адалдықты бағалау АХҚО ережелеріне сәйкес қолданылатын болса, лицензиаттарға (Authorised Person) (соның ішінде FinTech Lab қатысушылары мен өтініш берушілеріне), қосалқы қызметтерді жеткізушілерге, уәкілетті тұлғаларға қолданылады. Беріліп отырған нұсқаулық AFSA-ның кәсіби жарамдылық және адалдық стандарттарына көзқарасы туралы көбірек түсінік беру үшін дайындалған. Ағымдағы жылы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ (ЕАТ) Қазақстан Республикасы заңнамасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарға техникалық сәйкестігіне өзара бағалаудың екінші кезеңін өткізеді. Сонымен қатар, ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық әрекет жөніндегі жұмыс тобы (FATF) қадағалаушыларға қылмыстық топтардың акцияларды бақылауға алуы немесе компаниялардағы басшылық лауазымдарды иеленуі мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдап жатқанын көрсетуді ұсынады.

Консультациялық құжаттың толық мазмұнын мына сілтемеден табуға болады https://aifc.kz/files/legals/450/file/cp-on-proposed-regulatory-guidance-on-fitness-and-propriety.pdf.

Барлық ескертулер жазбаша түрде немесе келесі мекенжайларға электрондық пошта арқылы жіберілуі керек:

Саясат және стратегия департаменті

АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA)

Мәңгілік Ел 55/17, C3.2, Қазақстан

Электрондық пошта: consultation@afsa.kz

Пікірлерді жіберудің соңғы мерзімі – 2022 жылғы 14 мамыр.

 

Пікірлер жіберу кезінде тақырып жолында келесіну көрсетуді сұраймыз: «Consultation paper #AFSA-P-CE-2022-0002». Қаласауыңыз бойынша, хатта өкілдік ететін ұйымды көрсетуіңізге болады. AFSA, егер басқаша талап етілмесе, сіз берген кез келген түсініктемелерді, соның ішінде өз веб-сайтында жариялау құқығын өзіне қалдырады. Аргументтермен расталған пікірлердің AFSA-да талқылау процесінде көбірек салмағы болады.