Жеке қор
Жеке қор
Жеке капиталды басқару саласында, мираскерлікті жоспарлауда және қайырымдылық мақсаттарына жетуде жәрдем көрсетуге арналған қорлар үшін жаңа режім.
- Жеке қор бөлек заңды тұлға болып табылады;
- Жеке қордың заңды мекенжайы Жеке қорға барлық хабарламалар жеткізілетін АХҚО аумағының шекарасында орналасуы керек;
- Жарғылық құжаттар Жарғыдан (Charter) және Ішкі тәртіптеме қағидаларынан (By-laws) тұрады;
- Жеке қор төмендегілер үшін құрыла алады:
(a) тек қайрымдылық болып табылатын мақсаттар; және/немесе
(б) төмендегілердің бірі немесе бірнешеуі үшін:
(i) тек қайырымдылық болып табылмайтын мақсаттар; немесе
(ii) атауы, санаты немесе класы бойынша тұлғаларға пайда әкелетін мақсаттар.
- Жек қордың қайырымдылық мақсаттары болуы мүмкін немесе нақты тұлғалардың пайдасына арналуы мүмкін;
- Жеке қордың мақсаттары үшін қажетті, жалғаспалы немесе тән қызметтерден басқа, Жеке қордың қандай да бір коммерциялық қызмет атқаруға құқығы жоқ;
- Мүлікті басқару және мақсаттарды орындау үшін кеңесі (Council) болуы керек;
- Егер Қордың қайырымдылық мақсаттары немесе белгіленген қайырымдылық емес мақсаттары болса, бақылауды қамтамасыз ету үшін қамқоршысы (Guardian) болуы керек;
- Тіркеу алымы – 1000 АҚШ доллары.
Жеке қорды тіркеу үшін құжаттар пакеті қоса берілген.