Шағымды қарастыру
Шағымды қарастыру
Шағымды қарастыру
АФСА уәкілдік еткен Орталық қатысушыларында клиенттердің шағымдарын қарау бойынша жеткілікті сайма-сай тетіктері мен құралдары болуға тиіс. Бұл тетіктер мен құралдар компаниялармен тікелей жұмыс істей отырып, сіздерге (клиенттерге) шағымдары мен дауларын шешу үшін көмектесуге арналған.
АФСА-мен байланысар алдында, Уәкілетті фирмамен байланысқаныңыз жөн. Осылайша, сіздің шағымыңыз жылдамырақ және тиімдірек шешілуі мүмкін, өйткені сіздің шағымыңызды шешуге компания да мүдделі.
Сіз Уәкілетті фирмамен тікелей, телефон немесе хат арқылы байланыса аласыз. Мәселеңізді жазбаша түрде баяндау ең оңтайлы нұсқа болып саналады, өйткені шағымыңыз құжатталады да, сіз оның көшірмесін сақтап қоя аласыз.
Компанияға жүгінгеніңізде шағымыңыздың жағдайын оқиғаларды хронологиялық тәртіппен барынша нақты және қарапайым баяндауыңыз керек.
Уәкілетті фирма шағымыңызды растап, сіз қойған сұрақтарға жауап беруі керек.
Егер жауапқа қанағаттанбасаңыз, АФСА-мен байланыса аласыз.
АФСА тек жазбаша түрде берілген шағымдарды ғана қарайды. Біз шағымыңызды жедел және тиімдірек бағалауымыз үшін ол төмендегі ақпаратты қамтуы керек:
- Сіздің деректеріңіз, мысалға, аты-жөні/атауы, мекенжайы, телефоны, электронды поштасы;
- Үстіне шағым беріп жатқан, сондай-ақ сіз байланысқан тұлға туралы мәліметтер, мысалы, аты-жөні/атауы, мекенжайы, телефоны, электронды поштасы;
- Мүмкіндігінше уақыты мен күнін көрсетіп, оқиғалардың хронологиясы.
Алған барлық құжаттарды немесе сіздің ойыңызша шағымға қатысы болуы мүмкін деген барлық құжаттарды қоса беріңіз. Егер сіз осыған дейін қандай да бір тұлғаға немесе Фирмаға шағымыңыз бойынша жүгінсеңіз, өтінішіңіздің немесе сол тұлғадан не Фирмадан алған жауаптың көшірмесін ұсыныңыз.
Сіз талапарызбен сотқа жүгіндіңіз бе? Егер сіз мәлімденген әрекеттерге қатысты сот ісін бастасаңыз, адвокатыңыздың деректерін және қосымша ақпарат алуымыз үшін онымен хабарласуға келісіміңізді беретіндігіңіз жөнінде хабарлаңыз.
Барлық шағымдар толығымен құпия қабылданады және біз шағым берушінің тұлғасын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Фирмаға тікелей жүгіну – ақпаратты алудың ең жылдам әдісі, бірақ біз мұны сіздің келісіміңізбен ғана істейміз.
Егер сіз АФСА-ға шағым бергіңіз келсе, Шағымның онлайн нысанын толтыра аласыз.