«Қазпошта» АҚ арқылы цифрлық активтерге инвестициялау мүмкіндігі болады
«Қазпошта» АҚ арқылы цифрлық активтерге инвестициялау мүмкіндігі болады
AFSA
22 July 2024 09:02:11

Қазақстанның ұлттық пошта желісінің операторы «Қазпочта» АҚ енді цифрлық активтермен фиат[1] операцияларын жүзеге асыра алады. Компания Қазақстанның коммерциялық банктерімен (екінші деңгейлі банктер – ЕДБ) қатар осы қызметтерді көрсете алатын ұйымдардың тізіміне ресми түрде енді. Тиісті өзгерістер Цифрлық активтерге қызметтерінің жеткізушілері мен Қазақстанның коммерциялық банктері арасындағы өзара іс-қимыл қағидаларында[2] көрсетілген.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, Өзара іс-қимыл қағидаларына ұлттық пошта желісінің операторын қосу арқылы фиат арналарының тізімін кеңейтетін нақтылаушы өзгерістер енгізді. 

АХҚО қаржылық инновацияларды, соның ішінде ең жылдам дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып табылатын цифрлық активтер саласын дамытуды белсенді түрде қолдайды. Түзетулер ұлттық пошта желісінің операторына фиат арнасы ретінде әрекет етуге, яғни өз клиенттеріне ақшалай қаражатты толықтыру және алу бойынша қаржылық қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Жаңа фиат арнасының қосылуы цифрлық активтермен қызмет провайдерлері үшін таңдауды кеңейтіп, осылайша жаңа қатысушылардың реттелетін цифрлық активтер нарығына шығуын жеңілдетеді.

Өзара іс-қимыл қағидаларына енгізілген өзгерістер - Қазақстанды цифрлық қаржы мен инновацияның жетекші орталығы ретінде тұрғыландыру бойынша кеңірек бастаманың бөлігі. «Қазпошта» АҚ-ның кең желісі мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, АХҚО мен оның серіктестері өсіп келе жатқан цифрлық активтер нарығына сенімдірек қолдау көрсетуге ұмтылады.

AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов: «Цифрлық активтер индустриясын дамыту үшін фиат арналары маңызды рөл атқарады. «Қазпошта» АҚ-ның Өзара іс-қимыл қағидаларына қосылуымен АХҚО цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері мен цифрлық активтерге инвесторлар фиат арнасын таңдауда көбірек мүмкіндіктерге ие болады. Біз сондай-ақ АХҚО цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің сауда-саттық көлемінің ұлғаюын күтеміз. Сонымен қатар, фиат арналарын ұсынатын ойыншылар санының артуы да бәсекелестікке ықпал етеді, бұл тұтастай индустрияға оң әсер етеді. АХҚО-да жаһандық крипто-хаб құру мақсатында АХҚО цифрлық активтер саласындағы инновацияларды дамытуға қолдау көрсетуді алда да жалғастыруға ниетті».

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова: «Қағидаға Қазпоштаның қосылуы цифрлық активтер саласына қызығушылық танытатын азаматтарымыз, клиенттеріміз және бизнес субъектілері үшін жаңа көкжиектерді ашады. Қазпоштаның қаржылық өнімдері мен инфрақұрылымдық шешімдерін пайдалана отырып, клиенттер цифрлық активтермен жұмыс істеу үшін фиат қаражатын енгізе және шеше алады. Биылғы жылы «Қазпошта» төлем карталарын ұстаушыларға криптовалюталарды сатып алу үшін криптобиржаға фиат қаражаттарын салуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ, біздің бөлімшелерге бармай-ақ, криптобиржадан картаға фиат қаражатын ондайн аудару бойынша кері операциясын орындау бойынша алғашқы коллаборация жоспарлануда».

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында АХҚО-да лицензиясы бар барлық цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің сауда-саттық көлемі 543 млн АҚШ долларынан асты. Мұндай айтарлықтай сауда-саттық көлемі Қазақстандағы цифрлық активтер нарығында қызығушылық пен белсенділіктің артып келе жатқанын көрсетеді.

Анықтама ретінде: 

«Қазпошта» АҚ - пошталық, қаржылық, логистикалық, брокерлік, агенттік қызметтерді және e-commerce ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы. «Қазпошта» АҚ – Қазақстанның бүкіл аумағын дерлік, әсіресе облыстық және ауылдық деңгейде қамтитын елдегі ең ауқымды филиалдық желі.

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) - АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі, ол «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және онымен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялауды, тіркеуді, аккредиттеуді және қадағалауды қамтиды.

АХҚО-да 81 елден 2900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді көрсетеді. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтердің спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және басқалар сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу. www.aifc.kz    

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

[1] Фиат валютасы – шығарылған елде (немесе елдерде) үкімет немесе оның атынан шығарылған және қаулы, реттеу немесе заң негізінде сол елде немесе елдерде заңды төлем құралы ретінде айқындалған валюта.

[2] Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер биржалары және/немесе цифрлық активтерге қатысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар АХҚО Қатысушылары мен Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктер арасындағы өзара іс-қимыл қағидалары мен тетіктері (Өзара іс-қимыл қағидалары).


Соңғы жаңалықтар