АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA тәуекелі төмен қаржылық қызметтерді ұсынатын компанияларға қатысты AFSA-ның тәсілін түсіндіретін консультациялық құжат жариялады.
Көптеген юрисдикцияларда қаржылық қызметтердің белгілі бір түрлерін ұсынатын компаниялар тәуекелі төмен қаржылық қызметтерді ұсынатын фирмаларға жатқызылады және оларға бизнестің сипаты мен күрделілігіне негізделген онша қатаң емес нормативтік талаптар қолданылады.
Бұдан басқа, тәуекел деңгейі төмен қаржылық қызметтерді ұсынатын компаниялар үшін режимді әзірлеу қажеттігі әртүрлі өтінімдерді қарау кезінде туындайтын проблемаларға байланысты. Өтінімдерді беру процесіне, оларда баяндалған тиісті нормативтік ережелер мен талаптарға жасалған талдау корпоративтік басқару талаптарын қанағаттандыру, соның ішінде негізгі функцияларды қызмет көрсетуші аутсорсингке беру ісіндегі проблемаларды анықтады.
Үздік халықаралық практикаларға жасалған талдауға сүйене отырып, AFSA тәуекел деңгейі төмен қаржылық қызмет көрсететін компанияларды анықтауды және бизнестің ауқымы мен ықтимал тәуекелге ұшыраушылықты ескере отырып, қатаң емес нормативтік талаптарды қолдануды ұсынады.
Осы құжаттағы ұсыныстар АХҚО-да қаржылық қызметтер көрсетуге ниет білдірген өтініш берушілерге, AFSA лицензиаттарына, қызмет көрсетушілерге, сондай-ақ кез келген басқа мүдделі тұлғаларға қызығушылық тудыратын болады.
Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін қалдыруға шақырамыз.
Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 20 қазаны. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы ұсынысқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.
AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.
Консультациялық құжатқа мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-a-ce-2024-0001-from-20-september-2024-on-policy-statement-on-the-approach-of-the-astana-financial-services-authority-to-low-risk-financial-services-firms.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]