АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) AFSA-P-CE-2024-0007 консультациялық құжатында бұрын ұсынылған ұсыныстардың жалғасы ретінде, кредиттік рейтингтік агенттіктерді (КРА) реттейтін нормативтік базаны жетілдіру жөніндегі біздің тәсілдеріміз бөлігінде жаңартылған ұсыныстарға қатысты қосымша пікірлер алу үшін осы консультациялық құжатты жариялады.
КРА кредиттік тәуекелдерге тәуелсіз бағаны ұсына отырып, қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтуға ықпал ете отырып, тәуекелдер туралы ақпаратты ашып және тұрақтылықты сақтау үшін реттеуші әрекеттердің қабылдануына ықпал ете отырып, қаржы нарықтарының ашықтығы мен тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Инвесторлар мен қаржы институттары негізделген инвестициялық шешімдер қабылдаған кезде кредиттік рейтингтерге сүйенеді.
Нарықтан қоғамдық консультациялар барысында алынған пікірді ескере отырып, AFSA КРА-ны көмекші қызмет көрсетуші мәртебесінен авторизацияланған компания мәртебесіне ауыстыруды және қолданыстағы реттеуді одан әрі жақсартуды ұсынады. Бұл ұсыныс КРА үшін реттеуші ортаны жетілдіруге, сенімді және тиімді қадағалауды қамтамасыз етуге және кредиттік рейтингтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
Бұл құжаттағы ұсыныстар КРА, AFSA лицензиаттары, КРА-дан кредиттік рейтингтер алуға мүдделі заңды тұлғалар, кредиттік рейтингтерді пайдаланушылар және Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен қаржылық қадағалау органдарын қоса алғанда, кез келген басқа да мүдделі тараптар үшін қызық болады.
Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін қалдыруға шақырамыз.
Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 19 қазаны. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы ұсынысқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.
AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.
Консультациялық құжатқа мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-e-2024-0012-from-19-september-2024-on-proposals-to-enhancements-to-credit-rating-agencies-framework.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]