АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) деривативтерді реттеу, маржалық сауданы, қысқа сатуды және жоғары жиілікті сауданы реттеу жөніндегі AFSA-P-CE-2024-0004 консультациялық құжатында баяндалған бастапқы ұсыныстарға қосымша деривативтерді реттеудің ұсынылған тәсілдері туралы пікірлер алу үшін консультациялық құжат шығарды.
Бұл құжаттағы ұсыныстар:
Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін қалдыруға шақырамыз.
Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 20 қазаны. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.
AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.
Консультациялық құжатқа мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0013-from-20-september-2024-on-proposals-to-derivatives-framework-enabling-margin-trading-short-selling-and-high-frequency-trading.
Анықтама үшін:
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]