AFSA «Арнайы мақсаттағы компания туралы» АХҚО қағидаларына ұсынылатын түзетулер жөніндегі консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 19 қазаны.
AFSA «Арнайы мақсаттағы компания туралы» АХҚО қағидаларына ұсынылатын түзетулер жөніндегі консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 19 қазаны.
AFSA
19 September 2024 15:13:16

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Арнайы мақсаттағы компания туралы» АХҚО қағидаларына ұсынылатын түзетулер жөніндегі консультациялық құжатты нарықтан ұсыныстар алу үшін жариялады. Консультациялық құжатқа мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: Consultation Paper AFSA-L-CE-2024-0002 from 19 September 2024 on Proposed Amendments to the AIFC Special Purpose Company Rules (myafsa.com).

Осы құжаттағы ұсыныстар «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы (АХҚО) арнайы мақсаттағы компаниялар арқылы секьюритилендіру мәмілелерін құрылымдауға мүдделі АХҚО-ның қазіргі және әлеуетті қатысушылары үшін қызықты болады.

Нарықтың қызығушылығын және АХҚО қатысушыларының бизнес қажеттіліктерін назарға ала отырып, осы консультациялық құжатта «Арнайы мақсаттағы компания туралы» АХҚО қағидаларын жетілдіру жөніндегі, соның ішінде «orphan» құрылымын құру және лицензияланған компанияларға өздерінің арнайы мақсаттағы компанияларын дербес басқаруға мүмкіндік беру ұсыныстар қамтылған.

Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 19 қазаны. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.

Анықтама үшін: 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]


Соңғы жаңалықтар