АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО-ның ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және санкциялар жөніндегі заңнамалық негізіне түзетулер бойынша ұсыныстары бар консультациялық құжатты қоғамдық пікір алу үшін жариялады.
АХҚО-ның ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) және санкциялар жөніндегі қолданыстағы заңнамалық негізі ақшаны жылыстатуды, санкцияларды бұзуды және осындай қызметке қандай да бір жолмен жәрдемдесуді қалайтын адамдарды, терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қоса алғанда, қаржы секторындағы қылмыстық қызмет үшін елеулі тежеуші фактор ретінде әрекет ететін режимді қолдайды.
АХҚО-ның АЖ/ТҚҚ бойынша заңнамалық негізін практикада іске асыру барысында AFSA АХҚО-ның ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және санкциялар жөніндегі қағидалары шеңберінде әлеуетті түрде жақсартуға болатын бірнеше саланы айқындады. Атап айтқанда, кейбір ережелер АХҚО қатысушыларының ұғымында әртүрлі қабылдануына байланысты түсіндіруді талап етеді. Бұдан басқа, осы ережелерді ФАТФ стандарттарымен тығыз сәйкестендіру үшін түзетулер мен қосымша түсініктемелер қажет.
Бұл құжаттағы ұсыныстар лицензияланған компаниялар, лицензияланған нарықтық институттар, финтех зертханасының (FinTech Lab) қатысушылары, белгілі бір қаржылық емес кәсіпорындар мен кәсіптер (БҚЕКК) және АХҚО-да тіркелген аудиторлар үшін қызығушылық тудырады.
Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін қалдыруға шақырамыз.
Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 20 қазаны. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы ұсынысқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.
AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.
Консультациялық құжатқа мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-asfa-j-ce-2024-0001-from-20-september-2024-on-proposals-to-the-amendments-to-the-aifc-anti-money-laundering-counter-terrorist-financing-and-sanctions-framework.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]