АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығы 2021
АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығы 2021

2021 жылғы 4-8 қазан аралығында АХҚО виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығын өткізді.

Виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығының ұйымдастырушысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) болып табылады. Бірлесіп ұйымдастырушылар – АХҚО Әкімшілігі, Astana International Exchange, Үздіксіз кәсіби даму бюросы, АХҚО-ның Финтех Хабы, АХҚО-ның Жасыл қаржы орталығы және AIFC Business Connect.

Осы жылы АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығының басты тақырыбы «Promotion of investment intelligence» болды.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:
(1) инвестициялық мүмкіндіктер мен құралдар туралы ақпараттандыру;
(2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері мен инвестициялық тәуекелдер туралы ақпараттандыруды арттыру;
(3) инвестициялық сауатты ақпараттандыру арқылы қаржылық білімді насихаттау және қаржылық сауаттылықты көтеру;
(4) қаржы нарығындағы инновацияларды талқылау.

АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығы тақырыптық тұрғыда инвестициялаудың, ақылды инвестициялаудың, цифрлық активтердің, тұрақты қаржыландырудың, алаяқтықтың алдын алудың, қаржылық сауаттылық пен білімнің негіздерін түсінуге бағытталды.

Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 80 елдеріндегі қаржылық реттеушілерімен қор нарығын реттеушілердің халықаралық ұйымы болып табылатын Халықаралық бағалы қағаздар комиссиялары ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі. IOSCO мүшелері әлемнің 115-тен аса юрисдикциясында бағалы қағаздар нарығының 95%-нан астамын реттейді. Халықаралық инвесторлар апталығын өткізу АХҚО-нің қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша IOSCO стандарттарына адалдығын көрсетеді.

Осы жылы Халықаралық инвесторлар апталығының іс-шаралары вебинарлар, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер мен онлайн панельдік сессиялар форматында өтті. Іс-шараның спикерлері АХҚО сарапшылары, сондай-ақ қор нарығы, тұтынушылар мен инвесторларды қорғау, қаржылық технологиялар, жасыл және исламдық қаржыландыру, бағалы қағаздар нарығының құралдары, сондай -ақ кәсіби біліктілікті үздіксіз арттыру саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар болды.

БАҒДАРЛАМА  



from
04 October 21
to
08 October 21


Соңғы жаңалықтар