АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығы 2022
АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығы 2022
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA)

2022 жылғы 3-7 қазан аралығында АХҚО Халықаралық инвесторлар апталығын гибридті форматта өткізеді.

Халықаралық инвесторлар апталығының ұйымдастырушысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA). 

Бірлесіп ұйымдастырушылар – АХҚО Әкімшілігі, АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы, АХҚО Жасыл қаржы орталығы, АХҚО Биржасы, Үздіксіз кәсіби даму Бюросы, және AIFC Business Connect.

Осы жылы АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығының басты тақырыбы «Тұрақты инвестиция» болады. Апталық аясында «рисктерді түсіну», «білімді арттыру» және «ақылды инвестиция» сияқты салаларға назар аударылады.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:

(1) инвесторларды оқыту және қорғауға жәрдемдесу;
(2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері мен инвестициялық тәуекелдер туралы ақпараттандыруды арттыру;
(3) инвестициялық сауатты ақпараттандыру арқылы қаржылық білімді насихаттау және қаржылық сауаттылықты көтеру;
(4) қаржы нарығындағы инновацияларды талқылау.


АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығы тақырыптық тұрғыда инвесторлардың тұрақтылығы, инвесторларды оқыту және қорғау, крипто активтер, тұрақты қаржыландыру, исламдық қаржыландыру, алаяқтықтың алдын алудың, қаржылық сауаттылық пен білімнің негіздерін түсінуге бағытталады. Сондай-ақ Халықаралық инвесторлар апталығының алаңында ESG Investments Forum, New Financial Instruments Forum, Digital Assets Investments Forum, Islamic Finance форумы және Financial Literacy форумы сияқты бірнеше тақырыптық форумдар өтеді.

Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 100 елдеріндегі қаржылық реттеушілерімен қор нарығын реттеушілердің халықаралық ұйымы болып табылатын Халықаралық бағалы қағаздар комиссиялары ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі. IOSCO мүшелері әлемнің 115-тен аса юрисдикциясында бағалы қағаздар нарығының 95%-нан астамын реттейді. Халықаралық инвесторлар апталығын өткізу АХҚО-нің қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша IOSCO стандарттарына адалдығын көрсетеді.

Осы жылы Халықаралық инвесторлар апталығының іс-шаралары вебинарлар, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер мен панельдік сессиялар онлайн және оффлайн форматында өтеді. Іс-шараның спикерлері АХҚО сарапшылары, сондай-ақ қор нарығы, тұтынушылар мен инвесторларды қорғау, цифрлық активтер, қаржылық технологиялар, жасыл және исламдық қаржыландыру, бағалы қағаздар нарығының құралдары, сондай-ақ кәсіби біліктілікті үздіксіз арттыру саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар болады.

БАҒДАРЛАМА

ТІРКЕЛУ ҮШІН:

GARP NETWORKING ІС-ШАРАСЫНА ТІРКЕЛУ ҮШІН:

 

 

 


Гибридті

from
03 October 22
to
07 October 22


Соңғы жаңалықтар