“Крипто-реттеудің болашағы: Академиялық орта мен индустрия сарапшыларының басын қосқан ой-талас” сессиясы өтті
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) Astana Finance Days — 2023 аясында «Крипто реттеудің болашағы: Академия мен индустрия сарапшыларымен арадағы пікірталас» панельдік сессиясын ұйымдастырды.
Криптовалюта нарығының капиталдандыруы қазір 1,17 триллион АҚШ долларын құрайды. Кейбір елдер криптовалюталарды төлем құралы ретінде мойындаса, басқалары қарқынды дамып келе жатқан криптовалюта бизнесін реттеу үшін заңдар әзірлеуде.
Криптовалюта биржаларының күйреуінен кейін цифрлық активтерді жақсырақ реттеу талаптары артты. Еуропалық Одақ пен басқа елдер аймақтық ережелерді дайындағанымен, жаһандық саясаткерлер бұл салада реттеушілік вакуум тудырғаны үшін сынға ұшырады.
Академия мен сала өкілдері тенденциялар мен қиындықтарды талқылап, саланың жалпы көрінісін көрсететін пікірлерімен бөлісіп, болашаққа көз жүгіртуге тырысты.
Сессияға Queen Mary Лондон университетінің Банк және қаржылық құқық бойынша профессоры Роза Мария Ластра, Кембриджегі баламалы қаржы орталығы цифрлық активтерді реттеу бойынша Жетекшісі Заин Умер, Сингапур қаржы реттеушісінің қаржы технологиялары директоры Сопненду Моханти, Bitfinex Securities операциялық директоры Джесси Кнутсон, Binance криптобиржасының Қаржыны жымқыруға қарсы және есеп беру бойынша ғаламдық директоры Амжад Какиш, Bybit криптобиржасының Бас директоры және негізін қалаушыларының бірі Бен Чжоу, BigONE криптобиржасының бизнесті дамыту бойынша вице-президенті Афина Миао, Халықаралық қаржы ұйымдары Ғаламдық альянсының Басқарушы директоры Йохен Бидерманн қатысты.
«Біз криптоактивтер бойынша әмбебап нормативтік құқықтық базаның қабылдануының куәгеріміз. Бұл инвесторлар мен Уолл-стриттен алыста, Азия, Африка, Таяу Шығыста болып жатыр. Дубай мен Гонконгта жаңа крипторежим бойынша орталық бар, олар қаржылық активтер бойынша негізгі орталыққа айналып жатыр. Біз дамушы елдердің алға жылжығанын көріп отырмыз. Біз ол елдердің крипто бойынша әділетті режим құрып, ол бойынша инновациялар артып, тәуекел азаятынына сенгіміз келеді», — деді Кембриджегі баламалы қаржы орталығы цифрлық активтерді реттеу бойынша Жетекшісі Заин Умер.
«Еуропа одағында қабылданған MiCA немесе крипто активтерді реттеу құжаты криптосалаға деген сенімді арттыруға көмектеседі деп ойлаймын, өйткені, бұл сала, әсіресе, 2022 жылы крипто салада орын алған шудан соң әрі соңғы кездері болып жатқан оқиғалардан соң сенімге зәру. Еуропалық Одаққа кіретін 27 қатысушы ел үшін бұл жақсы құжат және ол ғаламдық талаптың рөлін атқаруы да ғажап емес», — деді Queen Mary Лондон университетінің банк және қаржылық құқық бойынша профессоры Роза Мария Ластра.
«Ең алдымен клиент бірінші орында тұруы тиіс. Әрбір криптобиржа осы жөнінде — оның клиенті кім, оның қандай дағдысы бар деп дұрыстап ойлануы тиіс. Криптокомпаниялар, олардың негізін қалаушылар, қожайындары нарықтағы жұмысына назар аударуы қажет. Өздерінің жоғарғытехнологиялық нормативті талапты ұстана алады ма, жоқ па, соны түйсінуі тиіс. Егер дұрыстап ұстанса, осы салады жұмыс істесін, ал егер сай келмесе, онда оларға бұл салада орын жоқ, себебі бұл өте жауапты сала. Бұл салымшылардың ақшасы, оған жүре-барды қарауға болмайды», -деді Сингапур қаржы реттеушісінің қаржы технологиялары директоры Сопненду Моханти.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 76 елден 2000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]
Otan Private Bank Ltd өз лицензиясын кері қайтарып алды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) Otan Private Bank Ltd депозиттерді қабылдау, несие беру, несиелік линия бойынша кеңестер беру, несиелік линияны ұйымдастыру және қаржы қызметін көрсету бойынша реттелетін қызмет лицензиясын өз еркінше қайтарып алуына келісім берді.
AFSA-ның лицензияға ие тұлғаларға қоятын негізгі принциптерінің бірі (10-шы Принцип — клиенттердің активтері мен қаржысы), егер Лицензияға ие тұлға Клиенттерге тиесілі қаржы мен активтерді сақтауға тиісті жағдайда жауапкершілікке ие болса және оны бақылауында ұстаса, онда Лицензияға ие тұлға өзі мойнына алған міндеттемелерге сәйкес, ол активтерді және қаржыны тиісінше қорғауға міндетті.
Бұл тұрғыда, AFSA клиенттердің қаржысы мен депозиттері Банктің лицензиясы қайтарылып алынғанға дейін клиенттерге толықтай қайтарылғанына көз жеткізді.
Банк өз лицензиясын қайтарып алғаннан кейін (енді OPB Ltd ретінде), АХҚО-да холдингтік компания ретінде қызмет атқаратын Жеке компания болып тиісті қайта тіркеуден өтті.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 74 елден 1900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
email: [email protected]
AFSA Корпоративті регистраторлар қауымдастығының инновациялар бойынша марапатына ие болды
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) Корпоративті регистраторлар қауымдастығының (Corporate Registers Forum немесе CRF) инновациялар саласында («Ынталандыру» номинациясы) тіркеу қызметтерін цифрландыру жобасы бойынша марапатқа ие болды.
AFSA-ның Тіркеу бөлімі соңғы төрт жыл ішінде ұсынылатын қызметтердің барлығын да автоматтандырды. Оның ішінде тіркеу, берілген тіркеу ақпаратын өзгерту, жылдық есептерді қабылдау, компаниялар атауларына резервация жасау, корпоративті реестрлерден көшірмелер алу, сертификаттар мен автоматты хабарламалар алу т.б. қызметтер кіреді.
Онлайн түрінде көрсетілетін цифрланған қызметтер қатысушыларға және болашақтағы қатысушыларға қызметтің түріне байланысты, 30 минут пен 3 сағат арасында өздері тапсырыс берген қызмет түрлерін алуға мүмкіндік береді.
Қызметтер барынша ыңғайлы жасалынған және бизнес тұрғысынан көрсетіледі, және анкетаны толтыру кезінде қате жібермес үшін және оның алдын алу үшін барынша даярланған алгоритмдерді пайдаланады.
Қызметтер цифрлық болғандықтан, көптеген бизнес процестер онлайн жүргізіледі, бұл қызметкерлердің тапсырыс бойынша істейтін жұмысын барынша қысқартуға мүмкіндік береді.
Кейбір процестер, мәселен, берілген тіркеу ақпаратын өзгерту, (Certificate of Good Standing) сертификатын алу, компаниялар атауларын резервация жасау қызметкердің қатысуынсыз-ақ дайындалады.
«AFSA Digital Resident өз өзіне қызмет көрсету порталының арқасында компанияларды тіркеуді толықтай цифрландырды. Бұл бізге қатысшыларды тіркеу процесін бес күннен үш сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. АХҚО компанияларды тіркеу туралы өтініштердің 98% онлайн түрінде беріледі және оларды тексеру уақытын азайтады. Тек 2022 жылдың аяғында АХҚО-да тіркелген компаниялардың саны 1738-ге жетті немесе бұл 2021 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 68%-ға көп. Тіркеу процесі АХҚО-ға кіретін есік рөлінде болғандықтан да, қатысушылардың қызметті тезірек және сапалы түрде алуы үшін автоматизацияның атқарар рөлі жоғары» — дейді AFSA Тіркеу бөлімінің жетекшісі Лаура Нұрғалиева.
CRF – Ұлыбритания, Сингапур, Гонконг, АҚШ, Австралия және БАӘ секілді 70-тен астам мүше елдің және юрисдикциялардың басын қосқан корпоративтік реестрлер әкімшілілері мен құнды қағаздар реестрлерін біріктіретін халықаралық қауымдастық.
CRF инновация саласындағы марапаты Қауымдастықтың әлемдік деңгейдегі бастамаларды сәтті жүзеге асыратын мүшелерін және өздерінің бизнес серіктестерінің қызметі үшін жекелеген шешімдерді шығармашылық тұрғыда жүзеге асырған мүшелерін марапаттауға бағытталған, әрі бұл бастама жаңашылдықтың рухын алға жетелейді.
Марапатталғандардың жетістіктері мойындалады, ал жеңіске жеткендер жыл сайын өз саласының көшбасшылары болып танылады.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 72 елден 1800-ге жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
+7 7172 61-37-45; +7 7172 64-73-43. email: [email protected]
AFSA ПОД/ФТ халықаралық талаптарына сәйкестігін бағалайтын Еуразиялық топ өкілдерімен кездесті
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) қылмыстық табысты заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы қимыл Еуразиялық тобының (ЕАГ) бағалаушы өкілдерімен көзбе-көз кездесті.
Қазақстанның (ҚР мен АХҚО жүйелерінің) ПОД/ФТ халықаралық талаптарына сәйкестігін бағалау процесі қазір жүргізіліп жатыр.
Кездесудің мақсаты – Өзара бағалау жөніндегі Есепті құрылымдау кезінде туындаған мәселелер бойынша түсіністікке келу.
Кездесу сессиялары кезінде бағалаушылар мен бағаланып отырған мемлекеттің өкілдері техникалық сәйкестендіру және тиімділік бойынша көтерілген мәселелерді шешіп, өзара бағалау мен құқықтық Жұмыс Тобының жиынында/Пленарлық жиында қарастырылатын әлеуетті сұрақтарды айқындау. Бұл – 2023 жылы маусымда өтетін Еуразиялық тобының (ЕАГ) жиынында Өзара бағалау жөніндегі Есепті қорғау алдындағы негізгі кезең.
2021–2022 жылдар аралығында Қаржы мониторингі жөніндегі ҚР Агенттігінің тікелей қатысуымен AFSA табысты жымқыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы қимылды күшейтуге қатысты және ақшаны жымқыруға қарсы қаржылық қимыл дайындау Тобының (ФАТФ) Ұсыныстарына техникалық сәйкестік деңгейін арттыру бойынша негізгі іс-шараларды жүзеге асырды.
ЕАГ-ның өзіне мүше елдерге ФАТФ-тің 40 ұсынысын жүзеге асыруға ықпал етеді. Зерттеулердің қорытындысы бізге жоғарғы тәуекелді салаларды анықтап, оларды басқарудың тиімді методологиясын құруға көмектеседі. Атқарылған шаруаның қорытындысы бойынша ПОД/ФТ талаптары АХҚО-ның 80 Актісінде көрініс тапты. Ал олар біздің қатысушы компаниялардың әртүрлі саладағы қызметтерін қамтиды.
ҚР ПОД/ФТ Заңы бойынша АХҚО қатысушы компаниялары қаржылық мониторинг субъектілері. Ал AFSA – қатысушылардың ПОД/ФТ бойынша АХҚО құқығы аясында жұмыс істеуін қадағалаушы орган.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 72 елден 1800-ге жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
+7 7172 61-37-45; +7 7172 64-73-43. email: [email protected]
Freedom Finance Global PLC АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитетімен келісімге келді
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) Freedom Finance Global PLC (FFG) компаниясының 2022 жылы жасалынған қадағалау инспекциясы кезінде анықталған реттеушілік сәйкессіздіктерін жоятынына келіскенін хабарлайды.
FFG өз жүйесінде қажетті жүйе мен бақылаудың толықтай болмағанын және іс жүргізу кезінде АХҚО Актілерінде белгіленген негізгі принциптер мен көптеген ережелерді бұзғанын мойындайды. Мұнан соң өз іс жүргізуінің біраз бөлігінде сәйкессіздіктерге орын берілгендігін де мойындайды.
AFSA қорытындысы мен айыппұл төлемін төлеуді қабылдау арқылы, FFG AFSA-мен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыру арқылы AFSA көрсеткен салалардағы олқылықтарды жылдам түзеп, және AFSA айқындаған өзге де мәселелерді тезірек жөнге келтіру бойынша жоспар түзуге келісті.
AFSA Бас директорының орынбасары Гарет Линг «AFSA лицензиясына ие барлық компаниялардың AFSA-ның ережелері мен принциптеріне сай, жоғарғы талаптарына сәйкес болуын күтеді. FFG оны мойындады және әрі қарай тиісінше іс атқаруға міндеттеме алды. Лицензияға ие компаниялардың барлығының олардан қажет етілетін талаптарды білетіндігі және оларды басынан бастап, әрі үнемі жүзеге асыруға қажетті механизмдерді қамтамасыз етуі маңызды», — деді.
Freedom Finance Global PLC Директорлар Кеңесінің Төрағасы Сергей Лукьянов «FFG AFSA көрсеткен олқылықтарды мойындайды және оларды уақытылы түрде шешуге міндеттеме алады. FFG, бұрынғыша, АХҚО-ға қолдау білдіруге және Қазақстан экономикасына, азаматтарына, АХҚО-ға экономикалық тиімділік әкелуге бейіл», -деді.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 70 елден 1700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.
www.aifc.kz
Байланыс үшін:
+7 7172 61-37-45; +7 7172 64-73-43. email: [email protected]
Қаржылық жарнама мәселелері бойынша ескерту
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) АХҚО қатысушыларына AIFC Conduct of Business Rules («СОВ») Ережелерінің 3.3.1 тармағына сәйкес, тұлғаға AFSA-да лицензия алып, Реттелетін қызметпен айналысатын Компанияның қызметін Қаржылық Жарнама жасауға тиым салатынын ескертеді, тек мынадай жағдайларды қоспағанда, а) Тұлғаның өзі Реттелетін компания болса; б) Қаржылық Жарнаманың мәтіні Реттелетін компания тарапынан мақұлданған; немесе в) Қаржылық Жарнама СОВ 3.3.3. Ережелерінің аясында болса.
Қаржылық жарнама — (презентация, телефон қоңырауы, брошюраны қоса есептегенде кез келген байланыс түрінің көмегімен) жасалатын хабарлама, оның мақсаты немесе нәтижесі а) Инвестиция немесе Реттелетін қызметті жарнамалау және алға жылжыту; б) Кез келген Тұлғаны өзге кез келген Тұлғамен Қаржылық Өнім немесе Реттелетін қызмет бойынша келісім түзуге шақыру және оған түрткі болу.
Осылайша, Қаржылық Жарнама кез келген ауызекі, хат арқылы және электрондық хабарламаны қамтиды (мәселен, электрондық хаттар, жарнамалық хабарландыру, хаттар, телефон қоңырауы, жеке кездесулер, конференциялар).
АХҚО-да және АХҚО-дан жасалатын Қаржылық Жарнаманың барлық түрі ашық, адал болуы қажет және адастырмауы тиіс. Қаржылық Жарнамамен айналысатын Тұлғалар өздері тарататын және таратуға мақұлдаған Қаржылық Жарнаманың барлық түрлері СОБ бойынша тіркелген 5 Қосымшаға сәйкес ақпарат болатынына көз жеткізуі тиіс (мәселен, Қаржылық Жарнаманы тарататын Реттелетін компанияның толық есімі, реттелетін статусы, Реттелетін Компанияның мекен-жайы, Қаржылық Жарнаманың берілген уақыты, мерзімінің аяқталуы).
AFSA сонымен қатар, AIFC Collective Investment Scheme Rules Ережелеріне сәйкес, Exempt және Non-Exempt Funds ретінде паи немесе өзге де құнды қағаздарды ұсынатын кез келген тұлға Қаржылық Жарнаманы тарату бойынша Ережелерді мұқият ұстану қажеттігіне назар аударады.
Мұнан өзге, Exempt Funds Паилары АХҚО-да тек Кәсіби клиенттерге, минималды түрде 50 000 АҚШ доллары көлеміндегі жазылу бойынша жеке орналастыру түрінде ұсыныла алады.
Осыған байланысты, Қаржылық Жарнамамен айналысушы тұлғалар Қаржылық Жарнаманың тек Кәсіби клиенттерге арналатынын және оның Кәсіби Клиент санатына жатпайтын өзге тұлғаларға бағытталмайтындығына көз жеткізуі керек.
Қаржылық Жарнама, егер ол Кәсіби клиенттер мен нарықтық контрагенттерге арналса, негізгі аудиторияның кім екендігін және өзге тұлғалардың онымен қатысы болмайтындығын анықтап көрсетуі тиіс.
АХҚО-ның қаржылық және сонымен қатысты қызметтерін реттеушісі ретінде AFSA инвесторларды және болашақ инвесторларды оларды адастыратын Қаржылық Жарнамадан қорғауды мақсат тұтады.
АХҚО-ның тиісті актілерін бұзу жағдайлары орын алса, AIFC Financial Services Framework Regulations Актісінің 7(3) Бөлімінде көрсетілген Реттеушілік Мақсаттарына ықпал ететін болса, AFSA дисциплинарлық және өзге де іс- шараларды қабылдай алады.
AFSA-ның үшінші реттеушілік таунхолында 200-ге жуық қатысушы жиналды
«Астана» Халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті» (AFSA) АХҚО-ның заң бойынша бастамаларын паш ететін реттеушілік жиынында (таунхолл) мынадай тақырыптар қамтылды:
- АХҚО-ның қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және төлем жасауға қабілетсіз қаржылық институттарды реттеуге қатысты іс-шараларды ұсынатын құжат;
- Қорларды басқарушы компанияларға ұжымдық инвестиция тарту бойынша жүйе (әдістеме);
- Активтерді басқарудағы заңдылыққа толықтырулар енгізу;
- Негізгі (компаниядағы шешім қабылдайтын) тұлғаларды бағалау, олардың біліктілігі мен оқыту бойынша нормативтік әдістеме;
- Сандық активтермен сауда жасаудағы платформалардың заңдық базасын жетілдіру саясаты;
Онлайн жиынға алдын ала тіркелу бойынша 200-дей қатысушы қатысты. AFSA қызметкерлері олардың сауалдарына толықтай жауап берді.
AFSA KBI Partners Limited компаниясына АХҚО Ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салады
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) АХҚО-да тіркелген KBI Partners Limited жеке компаниясына қатысты мәжбүрлі іс-шара қабылдады.
Іс-шара осы компанияның АХҚО-ның қаржылық қызметтер жөніндегі негіздемелік Ережелерінің 24-ші тармағын бұзғаны үшін және АХҚО-да іс жүргізу Ережелерінің 3.3.1 (а) тармағын бұзып, AFSA лицензиясынсыз қаржылық қызмет көрсетуіне байланысты қабылданды.
АХҚО-ның қаржылық қызметтері бойынша Ережелерінің 118 (1) (a) тармағына сәйкес KBI Partners Limited компаниясына 7000 АҚШ доллары көлемінде қаржылық айыппұл салынды.
AFSA бұл шешімді KBI Partners Limited компаниясының мынадай Актілерін бұзғаны үшін қабылдады:
- АХҚО-ның қаржылық қызметтері бойынша Ережелерінің 24-ші тармағы қатысушының AFSA лицензиясынсыз реттелетін қызмет түрлерін көрсетуге, нарықтық қызметпен және қосымша қызметтермен айналысуға тиым салады.
- АХҚО-да іс жүргізу Ережелерінің 3.3.1 тармағы (a) тұлғаға, егер тұлғаның өзі реттелетін компания болып табалмаса, оған AFSA лицензиясы бар компанияның реттелетін қызметін қаржылық тұрғыда алға жылжытуға тиым салады.
AFSA Бас директорының орынбасары Гарет Линг: «Арнайы лицензияға ие болу арқылы іс жүргізу АХҚО қаржылық жүйесінің толыққанды болуы үшін және сенімді қалыптастыру үшін өте маңызды. Тұтынушылар мемлекет тарапынан ұсынылатын нормативті-құқықтық базаның өздерін қорғайтынына және АХҚО-дағы өздерімен жұмыс істейтін компанияның AFSA-дан тиісті лицензия алғандығына сенімді болуы керек», -деді.
AFSA қабылданған шешім АХҚО-ның қаржылық қызметтері бойынша Ережелерінің 7 (3) тармағында көрсетілген реттеушілік мақсаттарына, АХҚО заңдылығына және KBI Partners Limited әрекеттерін реттеуге сәйкес келеді деп есептейді.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 70 елден 1700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.
www.aifc.kz
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) 2022 жылды қорытындылады
2022 жылы АХҚО қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (Комитет, AFSA) үшін табысты болып, мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді:
- Комитет 500-ден астам компанияны тіркеді.
- Қаржы және нарықтық реттеу аясында жұмыс істеу үшін 20лицензия берілді. Ислам банкіне лицензия берілді, бұл АХҚО-да жұмыс істеп жатқан екінші ислам банкі. Мұнан өзге FinTech Lab қатысушысы толыққанды лицензияға ие болды. Бүкіл лицензиялардың 75% инвестициялық компанияларға берілді.
- АХҚО Қаржы секторы компанияларының активтері, оның ішінде инвестициялық және сақтандыру компанияларының, банк және банк секторының активтері 689 млн. АҚШ долларын құрады.
- АХҚО-дағы инвестициялық компаниялардың басқаруындағы активтер (AUM) 555 млн.АҚШ долларын құрады, оның ішінде 20 инвестициялық қордың активтерінің көлемі 128 млн АҚШ доллары.
- Қазақстан Қор нарығы тарихындағы ірі IPO (ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ) үздік халықаралық талаптарға сәйкес AFSA реттеу Ережелеріне сәйкес өткізілді.
- 2022 жылы АХҚО-да тіркелген криптобиржалар мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы қатынасты реттейтін пилоттық жоба іске қосылды.
2022 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ЭЫДҰ) өзі жариялаған есебінде АХҚО салық режимінің салық ашықтығының жаһандық талаптарына сәйкестігін хабарлады.
- Своптармен деривативтердің халықаралық қауымдастығы (ISDA) АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тарату неттингін қолдану мүмкіндігі туралы бейресми елдік есепті жариялады.
- «Сақтандыру және құнды қағаздар нарығын дамыту және реттеу мәселелері бойынша кейбір заңдық актілерді өзгерту мен толықтырулар туралы» Заң қабылданды. Заң аясында АХҚО қатысушылары сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының қызметі кеңейеді. Заң, сонымен қатар, АХҚО қатысушы компанияларына Екінші дәрежелі банктерде корреспонденттік шот ашуға мүмкіндік береді.
- AFSA 2030 жылға дейінгі қабылданған Қаржы нарығын дамыту жөніндегі Концепцияны дайындауда айтарлықтай рөл ойнады.
- 2022 жылы АХҚО өз алаңқайында Қылмыстық табысты заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы қимыл Еуразиялық тобының (ЕАГ) көшпелі миссиясын қабылдады, онда АХҚО-ның ПОД/ФТ халықаралық талаптарына сәйкес келетін 40 ұсынысы туралы айтылды.
- 2022 жылы АХҚО алаңқайында Орталық Азия қаржылық реттеушілерінің жоғарғы деңгейдегі жиыны өтіп, Тәжікстан қаржы министрлігімен арада Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” Халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 70 елден 1700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.
www.aifc.kz