АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Abu Dhabi Global Markets халықаралық қаржы орталығының тіркеушілері ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) және Abu Dhabi Global Markets халықаралық қаржы орталығы (ADGM) тіркеушілер арасындағы ынтымақтастық туралы декларациясына қол қою арқылы екіжақтық қарым-қатынасты нығайтуда. Құжатқа AFSA Бас директоры Стивен Глинн және ADGM Тіркеу органының Атқарушы директоры Дхахер Бин Джахер Аль Мхеири қол қойды.
- Ынтымақтастық туралы декларацияның мақсаты реттейтін ережелерді, тіркеушілердің процестері мен ақпараттық технологияларын және АХҚО мен ADGM-де компанияларды тіркеу функцияларын өзара түсінуді жақсарту болып табылады.
- Декларацияда әр органның функциясын орындауға жәрдемдесу, өзара көмек көрсету, өзара кәсіби тренингтер өткізу және әр органның қызметкерлерін іссапарға жіберу ұсыну мүмкіндіктерін ұсынуға қажетті шарттар қарастырылған. Тараптар компанияларды тіркеу процесстеріне ықпал ететін халықаралық стандарттарды және компанияларды тіркеу бойынша қызметтер мен операцияларды дамытудағы үрдістер туралы ақпарат алмаса алады.
- «AFSA мен ADGM берік екіжақты қарым-қатынас орнатып, тиісті саладағы сараптамаға бір-біріне сүйенеді. AFSA мен ADGM қаржы технологиялар саласында өзара қолдау және ақпарат алмасу туралы екіжақты келісім орнатты және де осы Ынтымақтастық туралы декларация біздің өзара іс-қимылымызды кеңейтеді», — деді Глинн мырза.
«ADGM басты артықшылықтарының бірі халықаралық стандарттар шеңберінде озық тәжірибемен алмасу және тұрақты қолдау үшін әлемнің көшбасшы компаниялардың тіркеушілерімен өзара әріптестікті орнату болып табылады. Бұл серіктестік біздің қызметкерлердің дағдыларын дамытуға және білімдерімен бөлісу үшін бірегей мүмкіндік ұсынады. Біз өз серіктестерімізбен ADGM-да компанияларды тіркеу функциясын одан әрі дамытуды қолдау үшін тығыз ынтымақтастыққа үміттенеміз», — деді Дхахер Аль Мхеири мырза.
Анықтама ретінде:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
www.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) қаржылық қызметтерді және «Астана» халықаралық қаржы орталығында олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі, заңды тұлға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы болып табылады. Осылайша, АФСА қаржы компаниялары мен нарық мекемелерінің рұқсатын алуын, тіркеуді, растауды және бақылауды көздейді.
www.afsa.kz
Abu Dhabi Global Market халықаралық қаржы орталығы (ADGM) бизнес үшін 2015 жылдың 21 қазан айынан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында ашылған. БАӘ федералдық өкіммен қаржы орталық ретінде, ADGM бизнес пен қаржы жаһанды хабы ретінде болу үшін және Таяу Шығыс, Африка, Оңтүстік Азия және қалған әлем мемлекеттерінің өсіп келе жатқан экономикаларының арасында стратегиялық байланыстырушы буын ретінде Абу-Дабидың позициясын күшейтуге жәрдемдесу үшін құрылған.
ADGM стратегиясы Абу-Дабидың жеке банктер, капиталды басқару, активтерді басқару және қаржылық инновациялар негізгі артықшылықтарына негізделген. ADGM үш тәуелсіз органдар — ADGM Соты, қаржылық қызметтерді Реттеуші, және халықаралық қаржы орталық бола отырып, Тіркеуші орган, қаржылық бос аймағы болып табылатын Әл-Марьа Аралын басқарады. Ол жалпы құқығында негізделген тіркелген қаржы институттары мен компанияларға өзінің қызметін, халықаралық нормативтік база шеңберінде инновацияларды құруға және жетуге мүмкіндік береді. ADGM бастамалар мен қаржы нарығы және капитал нарығы индустриясына қосқан үлесі үшін іске қосылғаннан бері бастап «Жыл Қаржы Орталығы (MENA)» наградаларына екі жыл қатарынан ие болды.
www.adgm.com
АХҚО 2021 жылға дейін лицензиялық төлемдерден бас тартпақ
Астана халықаралық қаржылық орталығының (АХҚО) қаржылық қызметтерді реттеу бойынша комитеті (AFSA) 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін реттелетін, нарықтық және көмекші қызметтерге лицензия беру төлемін қабылдамау туралы шешім қабылдады. Алайда аталмыш бас тарту компанияның тіркелу жарнасына қатысты қолданылмайды, бұл жарна $100 мөлшерінде қалады.
«Лицензиялық алымды төлеуден бас тарту АХҚО дамытудағы маңызды бастапқы қадамдардың бірі, себебі ол бизнес жүргізу құнын айтарлықтай төмендетуге және бизнеске АХҚО-ны қаржылық және қаржылық емес қызметтердің орталығы ретінде қабылдауына себепші болады. Бұл шешімнің мақсаты – компаниялардың орталық қатысушысына айналуы үшін қолайлы бизнес орта қалыптастыру. Біздің пікірімізше, алымдардан бас тарту жергілікті және халықаралық компанияларды, сондай-ақ жеке тұлғаларды алаңды Орталық Азия мен шет мемлекеттерде бизнес жүрігузег арналған орталық ретінде қолдануға ынталандырады.», – деді AFSA басшысы Стивен Глинн.
Абу-Даби Халықаралық қаржы орталығы және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО-АФСА) қаржы нарықтарындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойды
24 мамыр 2018 жыл, Астана, Қазақстан: Будапешт қаласында өткен, Халықаралық ұйымның бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясының (IOSCO) жыл сайынғы конференциясында Абу-Даби (ADGM) жаһандық нарықтың Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (FSRA) және Астана қаласының «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АФСА-АХҚО) Өзара түсіністік туралы Меморандумға (ӨТМ) қол қойды.
Аталған келісім екі елдің басшыларына Абу-Даби және Қазақстандағы қаржы нарықтарының өсуін нығайту жөніндегі бірлескен бастамалары мен шаралары бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға мүмкіндік береді.
Меморандум тиісті заңдар, нормативтер саласындағы тәжірибе және білім алмасу үшін және әрбір нарықта қаржылық қызмет көрсету саласындағы нормативтік реттеу практикасы және трансшекаралық топтық қызметті және қадағалауды жеңілдету үшін FSRA және АФСА командаларына арналған стратегиялық платформаны анықтайды. Басшылық, сондай-ақ, адами капиталдың дамуына және екі қаржы нарығының да едәуір өсуіне септігін тигізетін өзара тиімді жобалар мен шараларды қарастырады.
FSRA ADGM-ның халықаралық байланыс жөніндегі директоры Филипп Ричард мырза былай деді: «Аталған Меморандум біздің «Астана» халықаралық қаржы орталығымен және оның реттеуші органдарымен тұрақты ынтымақтастығымыздағы маңызды оқиға болып табылады. Бұдан да тығыз байланыс жасаудың және тәжірибе мен білім алмасудың арқасында екі реттеуші орган платформалар және юрисдикциялар арқылы трансшекаралық операцияларға мүдделі қаржы мекемелеріне қолдау көрсете алады».
АФСА бас саяси қайраткері Мухтар Бубеев мырза былай деді: «Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылғанна кейін біз FSRA-мен біздің ынтымақтастығыздың нығайғандығына өте қуаныштымыз. Біздің құқықтық және нормативтік шектеулеріміз көптеген синергизмге ие, ал ADGM біздің халықаралық қаржы орталығын құрсақ деген талпынысымызды қолдайды».
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) туралы
АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңға сәйкес әрекет етеді. АХҚО мақсаты қаржылық қызмет көрсету және капитал нарықтары үшін, оның ішінде бағалы қағаздар нарығын, Қазақстан Республикасын сақтандырушылық, банктік және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда, тартымды және қолайлы іскерлік орта құру арқылы Қазақстан экономиксына инвестиция тарту.
www.ifc.kz
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) «Астана» Халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз реттемелі органы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қаржылық қызметімен байланысты қызметтерін реттеу мақсатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңға сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы және жарғылық органы болып табылады. Осылайша, АФСА қаржылық компаниялардың және нарықтық институттардың авторизациясын, тіркелуін, мақұлдануын және оларды бақылауды көздейтін АХҚО-ның нормалары мен ережелерін басқарады.
www.afsa.kz
Леди Барбара Джадж АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Директорлар кенесінің Төрайымы қызметіне тағайындалды
«Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес Леди Барбара Джаджты АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (Astana International Financial Authority, бұдан әрі – AFSA) Директорлар кенесінің Төрайымы етіп тағайындады.
Леди Джадж британдық және америкалық азаматтығы бар коммерциялық аға басшы, төрайым және атқарушы емес директор ретінде жеке және мемлекеттік секторларда, сондай-ақ, энергетика, инфрақұрылым, өндіріс, бөлшек сауда және қаржылық қызметтер көрсету секторларында зор әрі табысты халықаралық мансапқа ие. Леди Джадж корпоративтік басқару саласында танымал сарапшы болып табылады және осыған орай Ұлыбританияның Директорлар институтының Төрайымы болып сайланған.
Ол, сондай-ақ алаяқтық пен қаржылық қылмыстардың алдын алуға маманданған Cifas Ұлыбританияның мүшелік ұйымының Төрайымы болып табылады. Бұған дейін Леди Джадж АҚШ-тың Бағалы қағаздар мен биржа комиссиясының Комиссары (Министрі) және Ұлыбританияның Қаржылық есептілік кеңесінің (корпоративтік басқарудың британдық реттеушісі) Төрайымы қызметтерін атқарған.
«Бұл лауазымға тағайындалу мен үшін үлкен абырой. Мен AFSA-ның Директорлар кеңесінің тиімділігін және халықаралық стандарттарға сай келуін қамтамасыз етуге және де АХҚО-ның дамуына өз үлесімді қосуға тырысатын боламын», — деп Леди Джадж өзінің тағайындалуы туралы жылы лебізін білдірді.
АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов Леди Джаджтың басшылығымен және Директорлар кеңесінің басқа мүшелерінің қолдауымен AFSA айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізетініне және әлемдік деңгейдегі қаржы реттеушісі болатынына сенім білдірді.
Сұраулар:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
АФСА. «Астана» халықаралық қаржы орталығының Комитеті «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес заңды тұлға және жарғылық орган болып табылады. АФСА-ның негізгі мақсаты – АХҚО аумағындағы қаржы жүйесінің тұрақтылығын, сондай-ақ қаржы нарықтарының АХҚО аумағында ашықтық, әділдік және тиімділік қағидаттарымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
АФСА-ның ең жоғарғы органы Төраға басқаратын Директорлар кеңесі болып табылады. АФСА-ның Директорлар кеңесі АФСА-ның Атқарушы органын және АФСА-ның жалпы қызметін қадағалайды, қызметтің стратегиялық бағыттарын айқындайды, АФСА-ның актілерін қабылдайды, сондай-ақ АХҚО-ның басқару жөніндегі кеңестің және/немесе АХҚО Басқарушысының актілерінде белгіленген өзге де өкілеттіктерге ие.
АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңес Леди Барбара Джаджты АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің Директорлар кенесінің Төрайымы етіп тағайындады
«Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес Леди Барбара Джаджты АХҚО-ның Қаржылық қызметтер реттеу жөніндегі комитетінің (Astana Financial Services Authority, бұдан әрі – AFSA) Директорлар кенесінің Төрайымы етіп тағайындады.
Леди Джадж британдық және американдық азаматтығы бар коммерциялық аға басшы, төрайым және атқарушы емес директор ретінде жеке және мемлекеттік секторларда, сондай-ақ, энергетика, инфрақұрылым, өндіріс, бөлшек сауда және қаржылық қызметтер көрсету секторларында зор әрі табысты халықаралық мансапқа ие. Леди Джадж корпоративтік басқару саласында танымал сарапшы болып табылады және осыған орай Ұлыбританияның Директорлар институтының Төрайымы болып сайланған.
Ол сондай-ақ алаяқтық пен қаржылық қылмыстардың алдын алуға маманданған Cifas Ұлыбританияның мүшелік ұйымының Төрайымы болып табылады. Бұған дейін Леди Джадж АҚШ-тың Бағалы қағаздар мен биржа комиссиясының Комиссары (Министрі) және Ұлыбританияның Қаржылық есептілік кеңесінің (корпоративтік басқарудың британдық реттеушісі) Төрайымы қызметтерін атқарған.
«Бұл лауазымға тағайындалуым мен үшін үлкен абырой. Мен AFSA-ның Директорлар кеңесінің тиімділігін және халықаралық стандарттарға сай келуін қамтамасыз етуге және де АХҚО-ның дамуына өз үлесімді қосуға тырысатын боламын», — деп, Леди Джадж өзінің тағайындалуы туралы жылы лебізін білдірді.
АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов Леди Джаджтың басшылығымен және Директорлар кеңесінің басқа мүшелерінің қолдауымен AFSA айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізеді және әлемдік деңгейдегі қаржы реттеушісі болатынына сенім білдірді.
Анықтама ретінде:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
АФСА. «Астана» халықаралық қаржы орталығының Комитеті «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес заңды тұлға және жарғылық орган болып табылады. АФСА-ның негізгі мақсаты – АХҚО аумағындағы қаржы жүйесінің тұрақтылығын, сондай-ақ қаржы нарықтарының АХҚО аумағында ашықтық, әділдік және тиімділік қағидаттарымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
АФСА-ның ең жоғарғы органы Төраға басқаратын Директорлар кеңесі болып табылады. АФСА-ның Директорлар кеңесі АФСА-ның Атқарушы органын және АФСА-ның жалпы қызметін қадағалайды, қызметтің стратегиялық бағыттарын айқындайды, АФСА-ның актілерін қабылдайды, сондай-ақ АХҚО-ның басқару жөніндегі кеңестің және/немесе АХҚО Басқарушысының актілерінде белгіленген өзге де өкілеттіктерге ие.
www.aifc.kz
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Қытайдың Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы қаржылық нарықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді
АХҚО Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті және Қытайдың Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы қаржы нарықтары және капитал нарықтары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа АХҚО Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі — АФСА) Бас директоры Стивен Глинн (Stephen Glynn) мырза және Қытайдың Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – CSRC) Төрағасы Лю Шиюй мырза (Liu Shiyu) қол қойды.
Бұл АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің халықаралық реттеушімен қол қойған тұңғыш меморандумы. Аталмыш құжат екі реттеуші органның өзара әрекеттесу және бағалы қағаздарды реттеу бойынша ақпарат алмасу ниетін бекітеді. CSRC реттеу жөніндегі ақпарат алмасуға белсене қатысуда және 1992 жылы қазан айында құрылған күнінен бастап шетелдік серіктестерімен ынтымақтастықта қызмет етіп келеді.
«Қытайдың Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы АХҚО-ның маңызды серіктесі болып табылады. АХҚО CSRC қолдауымен Шанхай қор биржасымен әрекеттесуде. Бүгінгі екі реттеуші арасындағы Меморандумға қол қойылуы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының дамуына өз үлесін қосатынына сенемін», — деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.
Анықтама ретінде:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
www.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА). АХҚО-ның тәуелсіз реттегіші, заңды тұлға және қаржылық қызметтер көрсетуді және «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық Заңға сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы болып табылады. Осылайша, АФСА қаржылық компаниялардың және нарықтық мекемелердің рұқсаттамасын, тіркелуін, расталуын және оларды бақылауды қарастыратын АХҚО-ның қағидалары мен ережелерін реттейді.
Толығырақ www.aifc.kz сайтында.
Қытайдың бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы (China Securities Regulatory Commission) тікелей Мемлекеттік кеңес жанындағы мемлекеттік мекеме, заңдар мен қағидаларға сәйкес бірыңғай реттеуші қызметті атқарады. Толығырақ: http://www.csrc.gov.cn/pub/csrc_en/ сайтында берілген.
Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО комитеті бизнес үшін ашық
Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі Астана Халықаралық қаржы орталығы комитеті (қысқартылған атауы АФСА) өз қызметінің іске қосылғанын ресми түрде хабарлайды.
АФСА-ның Бас директоры Стивен Глинн (Stephen Glynn) мырза атап өткендей, АФСА қызметінің басталуы Қазақстандағы қаржы саласы мен капитал нарығындағы маңызды оқиға болып табылады. АФСА Еуразиядағы бүкіл әлемге сыйлы қаржылық қызметтер мен нарық каиталын реттеуші болуға ұмтылады.
АФСА -ның мақсаты халықаралық стандарттарға сай келетін және іс-әрекеттің жоғары стандарттарына кепілдік беретін нормативтік-құқықтық базаны ұсыну, сондай-ақ инвесторлардың сенімділігі мен бизнеске деген сенімді қамтамасыз ету үшін қауіпсіз инвестициялық орта құру болып табылады.
АФСА -ның негізгі басымдығы – бизнеске деген достық қарым-қатынас және оның өркендеуі үшін экожүйе құру. Реттеудің жалпы мақсаты – инвесторлар мен тұтынушыларға бірдей қатысты ережелерге сәйкес адалдық пен ашықтық қағидалары негізінде әл-ауқат құру.
AFSA қаржылық қызметтердің кең шоғырын, соның ішінде инвестициялар мен активтерді басқаруды, privatebanking, қорларды басқару және әкімшілдендіруді, кастодиалды қызметтерді, исламдық қаржыландыруды және басқа да қызмет түрлерін, сондай-ақ өкілдік кеңселерінің жұмысын лицензиялайды.
АФСА, сондай-ақ, қаржылық қызметтер саласына қолдау көрсететін кәсіби қызметтерді де лицензиялайтын болады. Олардың қатарына барлығы бірге көмекші қызметтерді жеткізушілер ұғымына жататын заңгерлер, бухгалтерлер, аудиторлар, несиелік рейтингтік агенттіктер мен кеңесшілер кіреді. Кеңес беру қызметтеріне IT, Қаржылық технологиялар және басқа да қолдау көрсетуші қызметтер жатады.
Лицензия негізінде қаржылық қызметті іске асырғысы келетін мекемелер тез арада АФСА-ға жүгіне алады.
Қаржылық немесе көмекші қызметтерді жеткізушілер ретінде тіркелетін компаниялар АХҚО-мен жасалған уағдаластыққа сай салықтардан босатылатын болады.
Глинн мырзаның сөзіне сүйенеск, АФСА компанияларды тіркеу орнына айналады, сондықтан АХҚО аумағында компания құрғысы келетін кез-келген адам қазірдің өзінде тіркелу үшін АФСА-ға жүгіне алады. Ол сондай-ақ тіркеу үшін қызмет түрлеріне шектеулер жоқтығын да хабарлады.
Глинн мырзаның болжауынша, АФСА-да тіркелген компаниялар өзінің аймақтық және халықаралық әріптестерінің сенімі мен құрметін тудыруы тиіс, себебі олар жаһандық деңгейде танылған корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес әрекет ететін болады.
Сенім мен сенімділік АХҚО-ның іргетасын құрайтын Ағылшын Жалпы Құқығына негізделген. Ағылшын Жалпы Құқығы қазіргі уақытта дүниежүзі халқының 30%-ы арқа сүйеп өмір сүріп жатқан ең көп тараған құқықтық жүйе болып табылады.
АХҚО аумағында қызметін жүзеге асыруға мүдделі мекемелер мен жеке тұлғалар бірінші кезекте АФСА-дан лицензия алуы тиіс. Тіркеу, лицензиялау туралы толығырақ ақпаратты, АФСА басқаратын жаңа нормативтік-құқықтық актілер мен ережелерді, сондай-ақ заңнамалық базаны АФСА-ның http://afsa.kz веб-сайтынан таба аласыздар.
Өтінішкерлер +7 (7172) 61 3657 телефоны арқылы немесе [email protected] электронды мекенжайына сұрау жолдау арқылы кеңес ала алады.
___________________________________________________________________________________
АФСА АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі болып табылады.
АФСА-ның Бас директоры – қаржылық қызметтер мен капитал нарығын реттеу жөніндегі сарапшы Стивен Глинн (Stephen Glynn) болып табылады. Оның құзырет аясына сондай-ақ корпоративтік басқару, капитал нарығы, екіжақты қорлар, комплаенс бақылау, менеджмент тәуекел, ақшаның ізін жасырумен және алаяқтықпен күрес, құнды қағаздар мен қаржылық қызметтерді реттеу де кіреді. Глинн мырзаның ішкі және трансшекаралық реттеу шеңберінде әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтық қорғау құралдарын қолдануда бай тәжірибесі бар.
Соңғы 13 жылда Глинн мырза Дубай Халықаралық Қаржы Орталығының (қысқартылған атауы DIFC) қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің және DIFC-тің өзінің басқарушы командасында жұмыс істеп, нормативтік базаны жасау жұмыстарына жауап берген. Бұрын ол Австралияның Құнды Қағаздар және Инвестициялар жөніндегі Комиссиясының (Australian Securitiesand Investments Commission) әртүрлі басшы қызметтерінде болған.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің актілері жария түрде тыңдалды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – АФСА) актілері екінші рет жария түрде тыңдалды. Пікір алмасуға қазақстандық және халықаралық брокерлік компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің, активтерді басқарушы компаниялардың және исламдық қаржы саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті заң консультанты Хоган Ловелспен, сондай-ақ халықаралық сарапшылар командасымен бірлесіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына іске қосылуы жоспарланған АХҚО-ның құқықтық және нормативтік базасын жасау үшін орасан зор жұмыстар атқарды», – деді АФСА-ның Бас директоры Стивен Глинн.
Екінші жария талдау барысында бизнес жүргізу қағидалары, қаражатты жымқырумен күрес және терроризмге қарсы күресті қаржыландыру, аудиториялық қағидалар, исламдық қаржы қағидалары, пруденциялық талаптар, АХҚО-да қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қойылатын талаптар, кірістері корпоративтік табыс салығынан босатылатын АХҚО қатысушыларының қаржылық қызметтер тізімі және басқа да актілерді қоса алғанда бірқатар мәселелер талқыланды.
Қағидалар халықаралық стандарттарға сәйкес және әлемнің жетекші халықаралық қаржы орталықтарының тәжірибелері негізінде әзірленді. АФСА-ның Заңнамалық кеңесі қарағаннан кейін қағидалар «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің Директорлар кеңесіне бекітуге жіберіледі.
Тыңдаудың қатысушылары АФСА-мен консультация үдерісіндегі ұсыныстарға қызығушылық танытты. Комитеттің құқықтық және нормативтік базасын жақсырақ түсіну үшін 2018 жылы тұрақты негізде консультациялар өткізіп тұру туралы шешім қабылданды.
Бұған дейін, 2017 жылдың тамыз айында «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі алғашқы актілер топтамасын талқылауға ұсынған болатын, олар: қаржылық қызметтер мен нарықтар бойынша негізгі акт, лицензиялаудың жалпы қағидалары, нарықтың инфрақұрылымын құратын ұйымдардың қызметін реттеу жөніндегі қағидалар, нарықта қызметті жүзеге асыру қағидалары, сондай-ақ нарық қатысушыларын тану қағидалары. АФСА-ның Бас директоры Стивен Глинн бұл актілерді «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті зерттеп-мақұлдағанын және олар «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы мақұлдағаннан кейін күшіне енетіндігін атап өтті.
Сұраулар:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Мемлекет басшысы 2015 жылғы 7 желтоқсанда АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты – қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
АФСА. «Астана» халықаралық қаржы орталығының Комитеті «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес заңды тұлға және жарғылық орган болып табылады. АФСА-ның негізгі мақсаты – АХҚО аумағындағы қаржы жүйесінің тұрақтылығын, сондай-ақ қаржы нарықтарының АХҚО аумағында ашықтық, әділдік және тиімділік қағидаттарымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету.