gergergr1

Қытай құрылыс банкі АХҚО лицензиясын алды

Опубликовано: 26 апреля, 2019 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Қытай құрылыс банкі (China Construction Bank, CCB) «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызмет көрсетуге лицензия алды. CCB АХҚО аумағындағы өз филиалы арқылы банк қызметтері мен капитал нарығы саласындағы қызметпен айналысатын болады. China Construction Bank активтер көлемі бойынша әлемдегі екінші банк және АХҚО-дағы шетелдік банктің алғашқы лицензияланған филиалы.         

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) лицензиясын банк өкілдеріне АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовпен Пекин қаласындағы «Белдеу және жол» екінші форумының алаңында табыс етілді.

 Қ. Келімбетов: «Біз жаңа Жібек жолы мен компанияларға тартымды реттеуіш режимді ұсына отырып, «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі географиялық орналасуымызды толық көлемде пайдалануға ниеттіміз. Еуропа мен Қытай арасындағы стратегиялық орналасуының арқасында АХҚО Еуразия аумағындағы жобалар үшін қаржылық қызметтер хабына айналмақ».         

 AFSA бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бубеев АФSA қатысушылары арасында CCB-ны қарсы алуға қуанышты екенін атап өтті.

CCB басқарма төрағасы Тянь Голи: «Белдеу және жол» бастамасы алғаш рет Жаңа Жібек жолы бойындағы ең маңызды елдердің бірі Қазақстанда ұсынылған болатын. «Астана» филиалының ашылуы – аталған бастамаға ССВ жауабы», — деп атап өтті.

Банк төрағасы, сонымен қатар, «Астана» филиалы Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты қолдау мақсатында CCB тобының бар мүмкіндіктеріне ие болады. Филиал «Белдеу және жол» бастамасының жүзеге асырылуына себептесіп, Қытай мен Қазақстан өндірістік қуаттарының дамуы мен өзара ықпалдасуы мақсатында жоғары стандартты қаржылық ұсыныстар көрсетеді. Сонымен қатар, CCB АХҚО-да Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қаржы ынтымақтастығының жаңа платформасын құруды көздейді», — деді.

Сұраулар:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық өз қызметін 2015 жылғы желтоқсанда қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО мақсаты қаржы қызметтері мен капитал нарықтары саласында, бағалы қағаздарды, банктік қызметтерді және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда, инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тарту болып табылады.
www.aifc.kz 

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA АХҚО ережелері мен ережелерін жүзеге асырады, олар қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялауды, тіркеуді, аккредиттеуді және қадағалауды көздейді.
www.afsa.kz 

China Construction Bank (CCB) Corporation 1954 жылдың қазан айында құрылған, штаб-пәтері ҚХР, Пекин қаласында орналасқан. Компания қаржылық және банктік қызметтерді ұсынады. Қытайдың ірі банктерінің бірі ССВ ҚХР-ның мемлекет иелігіндегі үлкен коммерциялық төрт банкінің қатарына кіреді. China Construction Bank желісі құрлықтық Қытай аумағында 15 000 жуық бөлімшеден тұрады. «Астана» филиалынан басқа Банктің әлемнің 29 елінде филиал мен бөлімшелері бар: Гонконг, Сингапур, Йоханнесбург, Токио, Сеул, Нью-Йорк, Сидней, Люксембург, Куала-Лумпур және т.б.
http://en.ccb.com/en/home/indexv3.html

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көмек көрсету және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Опубликовано: 2 апреля, 2019 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (АХҚО Комитеті) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ) жәрдем көрсету және өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Келісімнің мақсаты екі реттеуіштің өзара іс-қимылы, оның ішінде ақпарат алмасу және қадағалау жөніндегі функцияларды іске асыруға жәрдемдесу үшін негіздемелік жағдайлар жасау. Атап айтқанда, ол реттеушілердің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін ақпарат алмасуға мүмкіндік береді және өзара мүддені білдіретін мәселелерді талқылау үшін тетіктер құруды көздейді.
Келісім қаржы қызметтері секторларының өсуін ынталандыру мақсатында түрлі салалардағы ынтымақтастықты орнату және кеңейту үшін стратегиялық тұғырнама болады.
АХҚО бағалы қағаздар нарығын, сақтандыру және банк қызметтерін, Ислам қаржыларын және FinTech дамыту бойынша мақсаттарды көздейді. Қазақстанның Ұлттық Банкімен тиімді ынтымақтастық АХҚО Комитеті үшін маңызды басымдық. ҚР Ұлттық Банкімен ынтымақтастық екі реттеушіге өз функцияларын тиімді орындауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

 

Сұраулар:

АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық 2015 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға сәйкес қызмет етеді. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz

AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA қаржы компаниялар мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау, және қадағалау секілді АХҚО қызметтерін реттейді. www.afsa.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі — ҚРҰБ) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі — Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру болып табылады. https://nationalbank.kz

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті Түркияның банктік реттеу және қадағалау агенттігімен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Опубликовано: 19 февраля, 2019 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) Түркияның банктік реттеу және қадағалау агенттігімен (BDDK) банк саласында реттеу бойынша ынтымақтастықты қолдау мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) бас директорының міндетін атқарушысы Мұхтар Бөбеев және BDDK Төрағасы Мехмет Али Акбен қол қойды.

Мұхтар Бөбеев «Меморандум AFSA мен BDDK арасында ақпарат алмасуға және банктік қадағалау салаларында ынтымақтасуға жол береді. Бұл – реттеушілердің екі жақты ынтымақтастығының жаңа сатысының белгісі» – деп атап өтті.

Мехмет Али Акбен «Осы меморандумға қол қоя отырып, BDDK және AFSA арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың дамуына қажетті негіздеме қалыптастырады,» – деді.

Меморандум AFSA және BDDK трансшекаралық қызметті іске асыруға және оны қадағалауға негіздеме беріп, қаржылық қызметтер бойынша заңнама саласындағы ақпаратпен, реттеу тәжірибесімен алмасуға жағдай туғызады. Тараптар, сонымен қатар, әлеуетті арттыру мен қадағалаудың сенімді тәжірибесін нығайту бойынша бастамаларды қолдауға және екі ел қаржылық нарықтарының өсіміне септігін тигізеді.

 

Қосымша ақпарат:

 

АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық 2015 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға сәйкес қызмет етеді. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

www.aifc.kz

 

AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA қаржы компаниялар мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау, және қадағалау секілді АХҚО қызметтерін реттейді.

 

Түркияның банктік реттеу және қадағалау агенттігі (BDDK) әкімшілік және қаржы дербестігі бар қоғамдық ұйым. Агенттік 2005 жылғы № 5411 Банктер туралы Түркия Респуликасының заңына сәйкес қызмет етеді. Агенттік банктерді, қаржылық компаниялар мен холдингтерді қадағалау және реттеуге өкілетті.

http://www.bddk.org.tr

АХҚО Комитеті «Жаһандық Құмсалғыш» бағдарламасын іске қосты

Опубликовано: 1 февраля, 2019 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Қаржылық инновациялардың жаһандық желісі (Global Financial Innovation Network, бұдан әрі – GFIN) — бұл Ұлыбританияның қаржылық қызметін бақылау жөніндегі басқаруды, Халықаралық валюта қорын, Дүниежүзілік банк тобын және қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі АХҚО комитетін қоса алғанда, 29 әлемдік қаржылық реттеуіштер мен ұйымдардан тұратын бірлестік. GFIN инновация саласында ынтымақтастық және тәжірибе алмасу; реттеуші технологиялармен (RegTech) байланысты мәселелер бойынша білім алмасу; компанияларға бір мезгілде Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да юрисдикцияларды қоса алғанда, бірнеше елдерде инновациялық өнімдерді, қызметтерді немесе бизнес-модельдерді тестілеуге мүмкіндік беру мақсатында құрылған.

«Біз осы бастаманың бір бөлігі болуға қуаныштымыз. GFIN әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау мақсатында реттеуші-пікірлестер арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді. Бұл жоба әділ, транспарентті және тиімді негізде трансшекаралық қаржылық қызметтерді дамыту бойынша АХҚО міндеттерінің бірін іске асыруға жәрдемдеседі», — деп атап өтті АХҚО комитетінің қаржылық технологиялар жөніндегі Басқарушы директоры Асылбек Давлетов.

Жаһандық құмшсалғышында тестілеу үшін қатысушы реттеуіштердің тізімін, тиісті талаптарды қарау және өтінімді 2019 жылғы 28 ақпанға дейін жіберу қажет. Қатысуға ниет білдірушілер тестілеу өткізгісі келетін елдердің реттеуші талаптарына сәйкес болуы тиіс. GFIN мүшелерінің өкілеттіктері мен міндеттерін мына сілтеме арқылы көре аласыз. GFIN сондай-ақ басқа қаржылық реттеуіштер мен халықаралық ұйымдарды желіге қосылуға шақырады.

GFIN және пилоттық тестілеуді өткізуге болатын елдердің тізімі туралы қосымша ақпарат алу үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз.

«Астана» ХҚО «Жаһандық құмсалғыш» бағдарламасын іске қосты

Опубликовано: 1 февраля, 2019 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы әлемдік реттеушілермен бірлесіп «Жаһандық құмсалғыш» (Global Financial Innovation Network) бағдарламасын іске қосты. Қаржылық инновациялардың жаһандық желісі (Global Financial Innovation Network немесе GFIN) — бұл Ұлыбританияның қаржылық қызметін бақылау жөніндегі басқаруды, Халықаралық валюта қорын, Дүниежүзілік банк тобын және қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі АХҚО комитетін қоса алғанда, 29 әлемдік қаржылық реттеуші мен ұйымдардан тұратын бірлестік. GFIN инновация саласында ынтымақтастық және тәжірибе алмасу; реттеуші технологиялармен (RegTech) байланысты мәселелер бойынша білім алмасу; компанияларға бір мезгілде Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да юрисдикцияларды қоса алғанда, бірнеше елде инновациялық өнімдерді, қызметтерді немесе бизнес-модельдерді тестілеуге мүмкіндік беру мақсатында құрылған.

«Біз осы бастаманың бір бөлігі болуға қуаныштымыз. GFIN әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау мақсатында реттеуші-пікірлестер арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді. Бұл жоба әділ, транспарентті және тиімді негізде трансшекаралық қаржылық қызметтерді дамыту бойынша АХҚО міндеттерінің бірін іске асыруға жәрдемдеседі», — деп атап өтті АХҚО комитетінің қаржылық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Асылбек Давлетов.

«Жаһандық құмсалғышта» тестілеуден өту үшін қатысушы реттеуіштердің тізімін, тиісті талаптарды қарап шығып, өтінімді 2019 жылғы 28 ақпанға дейін беру қажет. Қатысуға ниет білдірушілер тестілеу өткізгісі келетін елдердің реттеуші талаптарына сәйкес болуы тиіс. GFIN сондай-ақ басқа қаржылық реттеуіштер мен халықаралық ұйымдарды желіге қосылуға шақырады.

GFIN және пилоттық тестілеуді өткізуге болатын елдердің тізімі туралы қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті Оңтүстік Кореяның қаржылық қызметтер жөніндегі комиссиясымен және қаржылық қадағалау қызметімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

Опубликовано: 22 января, 2019 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Корея Республикасының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комиссиясымен (FSC) және қаржылық қадағалау қызметімен (FSS) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Құжатқа AFSA бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бубеев, FSC Вице-төрағасы Ким Ен-бим және FSC Басқарушысының бірінші орынбасары Ю Кван Ел қол қойды.
AFSA, FSC және FSS Меморандум шеңберінде өз юрисдикциялары шегінде трансшекаралық кәсіпорындардың қызметін қадағалау мәселелері бойынша өзара сенім мен түсіністікке негізделе отырып, капитал нарығын реттеу, банктік және сақтандыру қызметі саласында ынтымақтасуға ниет білдірді. Реттеушілер қадағалау қызметін жүзеге асыру саласында өзара іс-қимыл жасауға және қажетті ақпаратпен алмасуға келісті.
М. Бубеев: «Біз Корея Республикасының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комиссиясымен және қаржылық қадағалау қызметімен ынтымақтастықты орнатуға қуаныштымыз. Өзара түсіністік туралы Меморандумға Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Корей бизнес-форумын өткізу күні қол қойылғаны символдық мәні бар. Біз қадағалау қызметі саласындағы басқа реттеуіштермен ынтымақтастыққа үлкен мән береміз және корей компанияларына АХҚО алаңында тіркеуге жәрдемдесуге дайынбыз».
Ким Ен-бим: «Біз Корея мен Қазақстан арасындағы қаржылық қадағалау саласындағы ынтымақтастықтың негізін қалауға қуаныштымыз. Меморандум екі елге қаржылық қадағалау саясаты саласында тәжірибе алмасуға көбірек мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық бір-біріне нарыққа шығуға мүдделі корей және қазақстандық компанияларға жәрдемдесетін болады деп күтеміз».
Ю Кван Ел: «Қаржылық қадағалау қызметі АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитетімен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігін қолдайды. Бұл Меморандум ынтымақтастық деңгейін арттырады және біздің елдеріміздің қаржы компанияларын бір-бірінің нарықтарына шығуға ынталандырады деп күтеміз. Мен реттеушілер арасындағы белсенді ынтымақтастық пен коммуникацияға үміт артамын».

Сұраулар:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық өз қызметін 2015 жылғы желтоқсанда қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО мақсаты қаржы қызметтері мен капитал нарықтары саласында, бағалы қағаздарды, банктік қызметтерді және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда, инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тарту болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA АХҚО ережелері мен ережелерін жүзеге асырады, олар қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялауды, тіркеуді, аккредиттеуді және қадағалауды көздейді.

www.afsa.kz

Қаржылық қызметтер жөніндегі Комиссия (FSC) — қаржы саясаты мен қадағалау қызметін жүргізуге уәкілетті Оңтүстік Кореяның мемлекеттік мекемесі. FSC Қаржылық реттеу саласындағы қадағалау функцияларының кең спектрін орындауға, оның ішінде қаржы бизнесін лицензиялау, Қаржы саясатын қалыптастыру және қайта қарау, сондай-ақ Кореяның қаржылық қадағалау қызметіне бақылау жасауға уәкілетті.

https://www.fsc.go.kr

Қаржылық қадағалау қызметі (FSS) Кореяның ұлттық жиналысы 1997 жылғы 29 желтоқсанда қабылдаған «қаржылық қадағалау ұйымдары туралы» заң актісіне сәйкес 1999 жылдың 2 қаңтарында құрылды. Осы актіге сәйкес, FSS Оңтүстік Кореяның барлық қаржы секторында қаржылық қадағалау жүргізуге уәкілетті арнайы квазимемлекеттік реттеуші болып табылады.

http://english.fss.or.kr

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің банктік қадағалау органдары тобына мүше болды

Опубликовано: 26 ноября, 2018 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

2018 жылдың 26 қарашасында, Абу Даби қаласында өтіп жатқан банктік қадағалау жөніндегі Базель Комитетінің халықаралық конференциясында АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінің Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті аймақтық тобының Орталық және Шығыс Еуропа елдері банктік қадағалау органдары тобына (BSCEE) кіру рәсімі орын алды.  

 АХҚО Комитеті BSCEE-ге мүшелікке кіре отырып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктік қызметтер нарығын реттеу және қадағалау саласын Базель комитеті стандарттарына сәйкес келтіруге септігін тигізеді.

BSCEE мүшелері арасындағы өзара ынтымақтастықтың нығайуына Базель стандарттары мен негізгі қағидаларын жүзеге асыру мақсатында  ықпал жасап, банктік қадағалау саласында ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер ұсынады. Сонымен қатар, топ техникалық сипаттамаға қатысты мәселелерді талқылау үшін жоғары деңгейдегі алаң болып, зерттеу, оқыту және білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

BSCEE-ке мүшелікке кіру АХҚО-да банктік қызметтердің сенімді нарығын қалыптастыруда үлкен маңызға ие екені сөзсіз. Банк саласы АХҚО-ның аймақтық қаржы хабына айналу жолында үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, банк секторы экономикалық өсімді ынталандыруда және даму мақсатында капитал ағымын қамтамасыз етуде, қаржы ресурстарын тартуда өте маңызды.

Мұхтар Бөбеев, АХҚО Комитеті бас директорының міндетін атқарушы: «Біз BSCEE құрамына кіргенімізге ризамыз. АХҚО Комитетінің BSCEE қауымдастығына мүшелігі АХҚО-ның даму тарихында үлкен маңыз береді. Банк секторы АХҚО-ның жоғары деңгейдегі басымдылықтарының бірі ретінде қарастырылады, ал BSCEE мүшелерімен әріптестікті бастау АХҚО-ның қаржы хабы ретінде қалыптасуына өз септігін тигізеді», — деді.

 

Анықтамалық ақпарат:

 

АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Орталық өз қызметін 2015 жылы желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО мақсаты қаржы қызметтері және капитал нарығы саласында инвестиция салу үшін тартымды орта құру мақсатында, оның ішінде, бағалы қағаздар, банк қызметтері және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда ел экономикасына инвестиция тарту болып табылады.

www.aifc.kz

 

AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қызметпен байланысты қаржы қызметтерін реттеу мақсатында  құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA АХҚО қаржы компаниялары және нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау және қадағалауды қарастыратын ережелері мен қағидаларын жүзеге асырады.

www.afsa.kz 

 

BSCEE, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің банктік қадағалау органдар тобы. Болгария, Хорватия, Чехия, Эстония, Грузия, Венгрия, Латвия, Литвия, Македония, Молдова, Монтенегро, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словакия, Словения, Түркия және Украина елдерінің банктік қадағалаушылар органдарынан құралған. BSCEE Төраға, және Техникалық кеңсе және Мүшелердің Конференциясынан құралады.

www.bscee.org

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Литва Банкі қаржылық қызмет көрсету саласындағы инновацияны ілгерілету үшін ынтымақтастық туралы келісімге келді

Опубликовано: 8 ноября, 2018 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі — «AFSA») Литва Банкімен ынтымақтастық орнатты.

Келісім ынтымақтастық үшін шекті бағдарламаны, АХҚО мен Литва Банкі арасындағы финтех инновациялары саласындағы ақпарат және ұсыныстар алмасуды қамтамасыз етеді. Тараптар ынтымақтастық тиісті нарықтағы инновацияның ілгерілеуіне септігін тигізеді деп санайды. Сонымен бірге, ынтымақтастық сандық және мобильді төлемдер, блоксызбалар мен таратушы реестрлер, ауқымды деректер, икемді платформалар (API) және жаңа технологиялар мен қызметтердің басқа да салаларында маңызды технологияларды қолдану бойынша бірлескен жобаларды әзірлеудің әлеуетті мүмкіндігін қарастырады.  

Екі ұйымда да инновациялар бойынша мықты командалар қалыптасты, олардың жұмысы технологиялық инновацияларды дамытуға және енгізуге ұмтылатын компанияларды қолдауға бағытталған. Осы саладағы күш біріктіруі екі юрисдикцияда да инновациялық компаниялар үшін көп мүмкіндіктер ашады.

  

Анықтамалық ақпарат:

 

АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Орталық өз қызметін 2015 жылы желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО мақсаты қаржы қызметтері және капитал нарығы саласында инвестиция салу үшін тартымды орта құру мақсатында, оның ішінде, бағалы қағаздар, банк қызметтері және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда ел экономикасына инвестиция тарту болып табылады.

www.aifc.kz

 

 AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қызметпен байланысты қаржы қызметтерін реттеу мақсатында  құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA АХҚО қаржы компаниялары және нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау және қадағалауды қарастыратын ережелері мен қағидаларын жүзеге асырады.

Финтех үшін АХҚО-ның реттеушісі  — бұл финтех саласының жаңашылдарына бақыланатын ортада реттеуші органның қадағалауымен нақты уақытта эксперимент жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы құрылым.  

www.afsa.kz


Литва Банкі
Литваның Орталық банкі болып табылады.
www.lb.lt/en/

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті және Қытайдың банк және сақтандыру қызметін реттеу комиссиясы банктік және сақтандыруды қадағалау саласындағы ынтымақтастықты күшейту үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

Опубликовано: 14 сентября, 2018 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті («AFSA») Қытайдың банк және сақтандыру қызметін реттеу комиссиясымен («CBIRC») өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қол қою салтанаты CBIRC делегациясының Астана халықаралық қаржы орталығына («АХҚО») ресми сапары барысында жүзеге асырылды.

Меморандумға CBIRC төрағасы Гуо Шукинг мырза, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және AFSA Бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бубеев мырза қол қойды. Тараптар трансшекаралық банк және сақтандыру мекемелерін екі құзыреттілікте қадағалау саласындағы серіктестікті дамытуға және CBIRC және AFSA арасындағы сәйкес ақпарат алмасуға мүмкіндік жасауға келіскен.

Гуо Шукинг мырза Меморандумға қол қоюды қолдап, «CBIRC және AFSA арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою Қытай мен Қазақстан арасындағы реттеуші серіктестікті нығайтудың қосымша іргетасы болып табылады, ол алдағы уақытта банк қызметтері және сақтандыру саласындағы екі жақты өзара әрекеттестікті дамытуға және екі жақты экономикалық және сауда қатынастарын қолдауға мүмкіндік береді» деп айтып өткен.

Келімбетов мырза Меморандумға қол қоюдың маңыздылығына тоқталып: «Мен Қытайдың банктік және сақтандыру қызметін реттеу жөніндегі комиссиясы мен АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті арасындағы серіктестікті қолға қоюды қолдаймын. Реттеушілер арасындағы тиімді өзара әрекеттестік «Бір белдеу, Бір жол» бастамасы шеңберінде Қазақстан-Қытай серіктестігін дамытуға мүмкіндік жасайтынына сенімдімін» деп пікір білдірді.

Бубеев мырза: “Біз AFSA және CBIRC арасындағы ортақ мүддені білдіретін серіктестікті кеңейтетін Меморандумға қол қоюға қуаныштымыз, ол екі тараптан банк және сақтандыру қызметтері саласындағы ақпарат алмасу және қадағалауды күшейту мақсатында қажет” деп айтып өтті.

 

Анықтамалық ақпарат:

 

АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Орталық өз қызметін 2015 жылы желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО мақсаты қаржы қызметтері және капитал нарығы саласында инвестиция салу үшін тартымды орта құру мақсатында, оның ішінде, бағалы қағаздар, банк қызметтері және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда ел экономикасына инвестиция тарту болып табылады.

www.aifc.kz

 

AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қызметпен байланысты қаржы қызметтерін реттеу мақсатында  құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA АХҚО қаржы компаниялары және нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау және қадағалауды қарастыратын ережелері мен қағидаларын жүзеге асырады.

www.afsa.kz 

 

CBIRC өз қызметін ҚХР банктік қадағалау және реттеу туралы заңына және ҚХР сақтандыру туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады. CBIRC сақтандыруда андеррайтинг, депозиттерді қабылдау, есеп айырысуды ұйымдастыру және ҚХР коммерциялық банктер туралы заңына және ҚХР компаниялар туралы заңына сәйкес басқа да қызметтер түрлерін жүзеге асыратын қаржылық мекемелерді реттеу мен қадағалау үшін жауапкершілікте болады. CBIRC Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесіне тікелей бағынатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Мемлекеттік кеңес CBIRC нарықтың тұрақты дамуын, заңдылығы мен тиісті жұмысын қамтамасыз ету үшін Қытайдың банктік және сақтандыру нарығын әкімшілендіру, қадағалау және реттеуді жүзеге асыруға өкілеттілік берген.

http://www.cbrc.gov.cn/english/index.html