Қазақстан Республикасының ақшаны жылыстатуға (АЖ) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ТҚҚІ) туралы ережелеріне негізгі өзгерістер
Қазақстан Республикасының ақшаны жылыстатуға (АЖ) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ТҚҚІ) туралы ережелеріне негізгі өзгерістер 2020 жылғы 14 қарашада күшіне енеді. Осыған байланысты АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті («AFSA») бизнесі АЖ және ТҚҚІ бөлігінде реттелетін АХҚО қатысушыларын келесі негізгі түзетулер туралы хабардар етеді.
2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 325-VІ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне түзетулер олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін алты ай өткенде келесі ережелері жаңарып, күшіне енеді (шамамен 2020 жылғы 14 қараша).
Қызметі AFSA басшылығымен жүзеге асырылатын тиісті АХҚО Қатысушыларына қатысты «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (КЖ/ТҚҚІ туралы заң) негізгі түзетулерге сәйкес:
- Реттелетін секторлардың салалары жаңа «қаржылық мониторинг субъектілері» санаты 3)-баптың 1-тармағында (19-тармақшасы) қосылып, кеңейтіледі. Бұл КЖ/ТҚҚІ туралы заңының белгілеген талаптары тиісті АХҚО Қатысушыларына қолданылатынын білдіреді. КЖ/ТҚҚІ туралы заңының мақсаттары үшін АХҚО Қатысушылары қызметтері түрлерінің тізімін Кірістерді жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларды әзірлеу жөніндегі топтың (ФАТФ) Ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша AFSA құрастырады және бекітеді.
- AFSA АХҚО Қатысушылары үшін КЖ/ТҚҚІ мақсатына Ішкі бақылау қағидаларына қолданылатын Талаптарды (11-баптың 3-2 тармағы) қабылдауы керек. Бұл тармаққа түзетулер енгізілді, ал Талаптарға тиісті түзеулерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша AFSA қабылдайтын болады.
- AFSA Клиенттерді кешенді тексеруге Талаптарды АХҚО Қатысушылары клиенттермен сырттай іскери қарым-қатынас орнатқан жағдайларда қабылдауы керек (5-баптың 11-тармағы). Талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша AFSA қабылдайтын болады
КЖ/ТҚҚІ туралы заңға өзге түзетулерге кіретіндер:
- Жаңа преамбулада Адрестік қаржылық санкцияларды және Жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қолдану (ФАТФ Ұсынымдарына сәйкес) кіретін кеңейтілген анықтама бар.
- Қаржылық мониторинг субъектілеріне 4-баптың 3-тармағына түзетулерге сәйкес олардың КЖҚІ саясатына, қағидаларына және рәсімдеріне сай күдікті операцияларды анықтауға мүмкіндік ұсынады. Демек, КЖҚІ саясатында, қағидаларында және рәсімдерінде қаржылық мониторинг субъектілерінің күдікті қаржылық операцияларының белгілері белгіленіп, анықталуы керек.
- 5-баптағы түзетулер Кеңейтілген кешенді тексеріс жағдайында клиенттің қызметінің сипаты мен қаражат көзі туралы қосымша ақпаратты алуға талаптарды белгілейді және Клиенттерді кешенді тексеру шаралары қолданылмайтын жаңа жағдайларды сипаттайды. Одан басқа, түзетулер қаржылық мониторинг субъектілері мен олардың клиенттері арасында сырттай іскери қарым-қатынас орнату процесіне қатысты жаңа тыйымдарды белгілейді және ФАТФ Ұсынымдарын орындамаған немесе жеткіліксіз көлемде орындаған елдердің тұлғаларына қатысты Кеңейтілген кешенді тексеру бойынша жаңа шараларды қарастырады.
- 10-баптағы түзетулер қаржылық мониторинг субъектілерінің Қаржылық барлау қызметіне (ҚБҚ) ақпарат ұсыну бойынша рәсімдер мен талаптарды белгілейді.
- 11-баптың 4 және 8 тармақтарына түзетулер КЖҚІ саласында іс жүргізуге, оқытуға және тренингтерге қатысты талаптарды белгілейді.
- 11-1-баптың жаңа 3, 4, 5 және 6 тармақтары Ұлттық тәуекелді бағалауды өткізу және ҚБҚ мен құқық қорғау органдары және мемлекеттік қадағалау органдары арасындағы ынтымақтастық рәсімдерін сипаттайды.
- Жаңа 12-1-бабы мен 12-бапқа түзетулер терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату үшін Адрестік қаржылық санкцияларға қатысты талаптарды белгілейді.
- Жаңа 12-2-бап қайырымдылық қорлары мен діни ұйымдардың терроризмді қаржыландыруын болдырмау бойынша шараларды сипаттайды.
- 13-баптың 1-1 және 2 тармақтарына түзетулер тапсырыс беруші терроризмді қаржыландырумен немесе жаппай қырып-жою қаруын таратумен байланысты тұлғалардың немесе ұйымдардың тізімінде болған жағдайда активтерді/операцияларды тоқтатып қоюға қатысты талаптарды белгілейді.
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті КЖ/ТҚҚІ мақсаттары үшін Ішкі бақылау қағидаларына Нұсқаулықты бекітті
21 мамырда АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті КЖ/ТҚҚІ мақсатында Ішкі бақылау қағидаларына қолданылатын Нұсқаулықты (Талаптарды) бекітті. Ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып, қызметі АФСА басшылығымен жүзеге асырылатын АХҚО-ның тиісті қатысушыларына арналған (бұдан әрі – Нұсқаулық).
Нұсқаулық:
- «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (КЖ/ТҚҚІ туарлы заң) 11-бабы 3-2-тармағына;
- Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және санкциялар қолдану туралы АХҚО қағидаларының (КЖҚІ қағидалары) 4.3.1-бөліміне;
- «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» «Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарушысының (2018 жылғы 11 шілдедегі №65) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (2018 жылғы 19 шілдедегі №678) Бірлескен бұйрығының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Нұсқаулық тәуекелдерді басқару бағдарламаларына, клиенттерді сәйкестендіруге, операцияларды мониторингілеу және зерттеуге, қызметкерлерді оқыту мен таныстыруға қатысты Тиісті тұлғалардың КЖҚІ саясатына, қағидалары мен рәсімдерінде енгізілуі қажет талаптарды белгілейді.
Нұсқаулық Қазақстанның КЖ/ТҚҚІ туралы заңнамасын қолдану аясын кеңейтеді және анықтайды, оған мыналар:
- КЖҚІ саясаты, ережелері мен рәсімдерін белгілеу және сақтау;
- ақшаны жылыстату/терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін айқындау және коммерциялық тәуекелдерді және клиенттің/тұтынушының тәуекелдерін қоса алғанда анықталған тәуекелдерді басқару;
- ықпалды саяси тұлғалар мен түпкілікті бенефициарлық меншік иелерін қоса алғанда, клиенттердің операциялары мен қызметтерін мониторингілеу және бағалау;
- Клиенттерді кешенді тексеруді, Кеңейтілген кешенді тексеруді және Жеңілдетілген кешенді тексеруді орындаушылар;
- Қызметкерлерге арналған КЖҚІ саласындағы тиісті оқыту кіреді.
(Нұсқаулыққа сілтеме)
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Болгар қаржылық қадағалаудың комиссиясы ынтымақтастық туралы келісті
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) мен Болгар қаржылық қадағалаудың комиссиясы (FSC) Қаржы нарықтарын қадағалау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар қадағалау ақпаратымен алмасатын және капитал нарығы мен сақтандыруды қадағалау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтетін болады. Бұл екі юрисдикция арасында қаржылық қызметтерді дамыту үшін негіздемелік жағдай жасауға мүмкіндік береді. Реттеуші органдар қаржы кәсіпорындарының тиісті юрисдикцияларындағы трансшекаралық филиалдарының, өкілдіктерінің және еншілес компанияларының қызметін қадағалауды жүзеге асыруға келісті.
Бұл бас офистер мен қаржы кәсіпорындарының өз трансшекаралық филиалдары мен еншілес компанияларының қызметіне барабар және тиімді бақылауды жүзеге асыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қол қойылған құжатқа сәйкес AFSA және FSC трансшекаралық ұйымдарды шоғырландырылған негізде тұрақты қадағалауды қамтамасыз етуде бір-біріне көмектесетін болады.
AFSA бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бөбеев: «Қол қойылған құжат біздің институттар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тағы бір маңызды қадам болып табылады. Ол Ақпарат және реттеу тәжірибесімен алмасу тетіктерін жетілдіру жолымен екі елдің қаржы нарықтарын дамытуға ықпал ететін болады.”
FSC төрағасы Бойко Атанасов: «Меморандумға қол қойғандағы екі жақтың да мақсаты капитал нарықтарында және сақтандыру секторында трансшекаралық субъектілерді реттеу мен бақылауды жүзеге асыруда екі институттың өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу болып табылады. Қаржылық қадағалау жөніндегі комиссия озық тәжірибе мен ақпарат алмасу мақсатында халықаралық әріптестік пен ынтымақтастық саясатын жүргізеді. Мен шын мәнінде, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум тиісті нарықтарды неғұрлым тиімді қадағалау және пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау үшін алғышартқа айналады деп есептеймін.»
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ) және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі (ҚР ҚНРДА) ақпарат, оның ішінде конфиденциалды ақпарат алмасу туралы үш жақты келісімге қол қойды.
Үш бақылаушы орган қаржы нарықтарын қадағалау, қаржылық тұрақтылықты қолдау, қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша ынтымақтастықты күшейтуге келісті. Келісім рұқсат беру, тұрақты қадағалау, дәрменсіздік рәсімдері, қаржылық сауықтыру, ақшаны жылыстатумен күрес, қаржы нарығындағы жосықсыз тәжірибе және заңнаманы бұзу сияқты салалардағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу үшін жан-жақты негізді қамтамасыз етеді.
Осы келісімге қол қою үш реттеуші орган арасындағы ынтымақтастық және ақпарат алмасу тетіктерін, олардың тиісті қадағалау міндеттерін орындауын жеңілдетеді. Онда қадағалаудың ең жоғары стандарттарын қолдауға және елде қаржылық қызметтердің тұрақты секторын құруға бірлесіп жәрдемдесуге жалпы бейілділік атап өтіледі. Бұл құжат қаржылық қылмыстарға қарсы күресті, шоғырландырылған қадағалау жүргізуді және қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғауды қоса алғанда, олардың тиісті юрисдикцияларындағы мекемелердің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырады.
Мұхтар Бөбеев (AFSA) былай деп мәлімдеді: «Қол қойылған келісім барлық реттеуші органдарға барынша қаржылық тұрақтылықты, нарықтың тұтастығын және реттеу саласындағы неғұрлым тиімді ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосу үшін күш-жігерді түпкілікті мақсатпен біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл ынтымақтастық ақпарат алмасуға, тұрақты кездесулерге және қадағалау өзара іс-қимылына ықпал ететін болады».
AFSA реттеу талаптарын АХҚО-ның сақтандыру бизнесі өкілдерімен талқылады
Сақтандыру бизнесі сияқты қаржы өнімдеріне қатысты клиенттердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, қаржы қызметтерін жеткізушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауда реттеу маңызды рөл атқарады.
АХҚО-да тұрақты сақтандыру нарықтарын дамыту үшін тиімді реттеу мен қадағалаудың маңыздылығын мойындай отырып, Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) сақтандыру бизнесінде кездесетін негізгі проблемаларды талқылау үшін барлық АХҚО бойынша сақтандыру компаниялары мен сақтандыру делдалдары үшін онлайн-семинар өткізді.
Бұл іс-шара сақтандыру компаниялары мен сақтандыру делдалдарын пруденциялық реттеу саласындағы әртүрлі тақырыптарға және олардың есептілікке қойылатын талаптары – AFSA-ның түйінді түсініктері мен идеяларына арналды.
Қатысушылар сондай-ақ COVID-19 пандемиясына ден қою шараларын талқылады және AFSA қабылдаған реттеушілік көмек шараларына ризашылықтарын білдірді.
AFSA банктік және инвестициялық компаниялар үшін осындай семинарлар өткізуді жоспарлап отыр және барлық мүдделі тараптарды талқылауға қатысуға шақырады. Мұндай іс-шараны өткізу күні кейінірек жарияланады.
AFSA АХҚО-ның тиісті қатысушылары ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру қауіптерін жақсы түсіну үшін негізгі қылмыстардың тізімін және типологиялық зерттеу есептерін жариялайды
AFSA қадағалау органы ретінде ақшаны жылыстатумен айналысатын адамдарды және террористік актілерге қандай да бір түрде жәрдемдесуді қалайтын адамдарды қоса алғанда, кез келген қылмыстық элементтер үшін елеулі тежеуші фактор ретінде әрекет ететін режимді қолдауға ұмтылады. AFSA ақшаны жылыстатум (АЖ) және терроризмді қаржыландырумен (ТҚ) күрес туралы АХҚО заңнамасын басқарады және сақтауды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты АФСА АХҚО қатысушыларының ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру қауіптерін жақсы түсінуі үшін негізгі қылмыстардың тізімін және типологиялық зерттеу есептерін жариялайды.
Негізгі құқық бұзушылықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарына сілтемелермен ақшаларды жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен байланысты қылмыстардың тізбесі АФСА-мен қаржылық іс-шаралар бойынша нысаналы топтың (FATF) ұсынымдарымен (2019 жыл) анықталған қылмыстардың белгіленген санаттары негізінде қабылданды.
FATF ұсынымдарының 3 және 5-тармақтарына сәйкес ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен байланысты қылмыстар Вена конвенциясы, Палерм конвенциясы және Терроризмді қаржыландыру туралы конвенция негізінде қылмысталуы тиіс. Елдерге негізгі қылмыстардың ең кең ауқымын қамту үшін барлық маңызды қылмыстарға ақшаны жылыстату қылмысын қолданған жөн.
Негізгі қылмыстар тізімімен танысу үшін мұнда басыңыз.
Типологиялық зерттеу есептерінің тізбесі
Ақшаны жылыстату (АЖ) және терроризмді қаржыландыру (ТҚ) әдістері туралы типологиялық есептер АЖ/ТҚ саласындағы барлық мүдделі тараптарға АЖ және ТҚ-дан туындайтын қатерлердің табиғатын жақсы түсінуге және осы қатерлерге қарсы күрестің тиімді стратегиясын әзірлеуге көмектесе алады. Типологиялық зерттеулер туралы есептер FATF және FATF (FSRBs) стиліндегі өңірлік органдардың веб-ресурстарында ашық қолжетімді болады. Бұл құжаттар АЖ және ТҚ әдістері мен үрдістерінің үлгілерін, АЖ және ТҚ қарсы күрес жөніндегі шараларды түсіндіруді, сондай-ақ типологиялар мен тақырыптық зерттеулердің жалпы сипаттамасын қамтиды. Типологиялық есептердің бұл үлгілері қаржы мекемелері мен қаржылық емес кәсіпорындар мен кәсіптерге олар ұшырайтын АЖ және ТҚ тәуекелдерін анықтауға, бағалауға және түсінуге, сондай-ақ АЖ және ТҚ -мен анықтауға және күресуге көмектеседі.
Қазіргі уақытта AFSA өзінің АЖ/ТҚ типологиялық есептерінің практикалық үлгілері жоқ және басшылық ретінде FATF және FSRBs типологиялық зерттеу есептерінің тізімін пайдалануды ұсынады.
Типологиялық зерттеулер бойынша есептер тізімімен танысу үшін мұнда басыңыз.
AFSA COVID-19 жаһандық пандемиясының сын-қатерлеріне жауап ретінде қаржы нарығын қолдау шараларын ұсынды
Халықаралық қаржы орталығының реттеуші – AFSA – АХҚО нарығына қатысушыларды қолдау, нарықтың тұтастығын және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бірқатар мақсатты шараларды ұсынды. Бұл шаралар COVID-19 туындатқан ерекше жағдайларға байланысты реттелетін фирмаларға теріс әсерін жеңілдетуге арналған.
Реттеуші қысқа мерзім ішінде нарықтың тұтастығы үшін шешуші маңызы жоқ міндетті есептерді ұсыну жоспарларын қайта қарады. Бұл нарыққа қатысушы компанияларға осы күрделі кезеңде тұтынушыларды қолдау мен өз қызметін шоғырландыруға мүмкіндік береді.
AFSA қабылдаған шұғыл қадамдардың бірі Қазақстандағы төтенше жағдай аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күнге міндетті есептілік түрлерін ұсыну мерзімін ұзарту болып табылады. Толық мәліметтермен реттеуіштің ресми сайтында осында танысуға болады.
Реттеуші қалыпты режимде жұмыс істейтінін және қаржы нарығын қадағалау бойынша өзінің операциялық қызметін жалғастырып жатқандығын атап өткен жөн. AFSA қызметкерлері қашықтан жұмыс режимінде істейді, сонымен қатар АХҚО қатысушылары және қаржы қызметтерін тұтынушылармен кездесулер мен сұраныстарды уақтылы және тиімді өңдеу үшін барлық қажетті сандық шешімдерге ие.
АХҚО-ның барлық қаржылық қызметтері мен платформалары нарыққа қатысушылар үшін ашық және қолжетімді болып қала береді. Бұл халықаралық AIX биржасына да қатысты, ол пандемияның басынан бастап үздіксіз жұмыс істеуін жалғастыруда.
AFSA сондай-ақ қаржы нарықтарын, трансшекаралық операцияларды тиімді қадағалауды және COVID-19 ықпалына қарсы шараларды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін ұлттық реттеуіштермен, шетелдік реттеуіштермен және халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыс жасайды. AFSA COVID-19 байланысты ықтимал нормативтік әрекеттерді және IOSCO, IAIS, FinCoNet және т.б. алқаптарында тұтынушыларды қорғау шараларына қатысты ағымдағы талқылауларға белсенді қатысады.
Сонымен қатар, AFSA АХҚО қатысушылары – AFSA лицензиаттарының назарын, әсіресе тәуекелдерді басқару, киберқауіпсіздік пен қаржылық және операциялық тұрақтылық үшін бизнес-операциялардың үздіксіздігін қамтамасыз ету бөлігінде бақылау жүйелері мен құралдарына қатысты талаптарды сақтаудың маңыздылығына назар аударады. Реттеуші пруденциялық реттеуге жататын компаниялар өз өтімділігін белсенді басқара алады және компания қиындықтарға тап болады деп пайымдауға негіз болса, AFSA-ға дереу хабарлауға тиіс деп күтеді. АХҚО-ның капиталға және өтімділікке қойылатын талаптары Базель III халықаралық стандарттарына сәйкес келеді және экономикалық күйзеліске төзімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Барлық лицензияланған қатысушылар AFSA-ға олардың нормативтік талаптарды орындау қабілетіне әсер етуі мүмкін кез келген маңызды оқиғалар мен мәселелер туралы дереу хабарлауы тиіс.
Реттеуші өзінің миссиясын берік ұстанады және мемлекет экономикасын қолдау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі уақтылы қабылдаған шараларын қолдайды.
COVID-19 пандемиясы жағдайының дамуына қарай реттеуші қаржы нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін жаңа шараларын ұсынуды жоспарлап отыр. AFSA ақпараттың барлық жаңарулары жайлы оның пайда болуына қарай хабарлап отырады.
Айта кету керек, бүгінгі күні АХҚО қаржы нарығында 438 компания тіркелген. Жыл басынан АХҚО-да 75 жаңа қатысушы тіркелді. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Финляндия, Сингапур, БАӘ, Нидерланды, Түркия, Швейцария, Германия, Италия және т.б. компаниялардың көпшілігі бар.
AFSA өз қаржы қауымдастығын қолдау мақсатында реттелетін нысандарға төтенше шараларын ұсынды
COVID-19 пандемиясы орын алған күрделі кезеңде Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) бұрынғысынша қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, нарықтың тұтастығына жәрдемдесуге, тұтынушыларды қорғауға және «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қаржы нарықтарын қолдауға бағытталған өзінің реттеу міндеттеріне шоғырланған.
AFSA қаржы фирмалары қызметі үшін пандемияның қаржылық және экономикалық салдарын бағалау үшін реттелетін қоғамдастықпен тығыз жұмыс жасайды. Экономикалық қызметтердің бұзылған кезеңінде қажетсіз реттеуші ауыртпашылықтарды болдырмау үшін AFSA пікірлері негізінде бірқатар облыстарда уәкілетті фирмалардың жағдайын жеңілдету жөнінде шаралар ұсыну туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар:
(1) Уәкілетті фирмалардың есептерді ұсыну мерзімдерін кейінге шегеру;
(2) Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай кезінде аяқталатын рұқсат беру сатысында тәуекелдерді азайту бағдарламаларының шеңберінде көзделген уәкілетті фирмалар ұсынымдарын орындау мерзімдерін тоқтата тұру. Оның орнына реттелетін фирмалар Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін немесе одан әрі нұсқаулықтар берілгенге дейін 30 күнтізбелік күн ішінде AFSA алдында ұсынымдардың орындалуы туралы есеп беруге міндетті болады;
(3) Есеп беруші ұйымдардың өзінің жылдық қаржылық есебіне қатысты ақпаратты ашу үшін нарықтық қызмет туралы АХҚО қағидаларының 3.4.2 (а) ережесіне сәйкес талап етілетін уақытты 2020 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей ұзарту;
(4) АХҚО-ның ақшаны қаражатын жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы және 2019 жылғы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) туралы жылдық есепті беру үшін санкцияларды (АЖ/ТҚҚ) белгілеу туралы қағидаларының 13.7-бөлімінде көзделген АЖ/ТҚҚ бойынша АХҚО ережесінің күші қолданылатын талаптарды қосалқы қызметтерді көрсететін барлық компаниялар үшін төтенше жағдай аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күннен кейін тоқтата тұру және есептерді тапсырудың жаңа мерзімін тағайындау;
Бұл күштер COVID-19 байланысты проблемалар мен сын-қатерлерге жауап беруге арналған. AFSA қаржылық тұрақтылықты және тұтынушыларды қорғауды қамтамасыз ету үшін COVID-19 ағымдағы және ұзақ мерзімді әсерін бағалау мақсатында реттелетін қоғамдастықпен тұрақты байланыстар үшін ашық болып қалады.
Хабарламалардың толық мәтіні осында жарияланды (хабарламаларға сілтеме).
АХҚО Қаржылық қызметтер реттеу жөніндегі комитеті мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық банкі екіжақты ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойды
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу комитеті («АФСА») Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық банкімен («БАӘ ОБ») өзара түсіністік туралы меморандум («Меморандум») жасасты. Өзара түсіністік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында Меморандумға Абу-Дабиде қол қойылды.
Тараптар, Меморандумға сәйкес, тәжірибе алмасу, өзара консультациялар жүргізу, екі юрисдикцияда қолданылатын заңдарды талқылау, олардың тиісті юрисдикцияларында трансшекаралық мекемелерге қатысты реттеу және қадағалау функцияларын орындау кезінде БАӘ ОБ мен АФСА арасында ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесуге уағдаласты. Өзара түсіністік туралы Меморандумға БАӘ Орталық банкінің басшысы, Мубарак Рашид аль-Мансури, АХҚО-ның басшысы Қайрат Келімбетов пен АФСА бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бубеев қол қойды.
Бұл меморандум әлеуетті арттыру, семинарлар ұйымдастыру және сапарлар алмасу саласындағы ынтымақтастық үшін жағдай жасайды.
Мубарак Рашид аль-Мансури өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюды құптап: “БАӘ Орталық банкі АФСА-мен серіктестік қарым-қатынасты орнатуға қуанышты, бұл біздің пікірлес институттармен ынтымақтастық пен әріптестікті одан әрі нығайта түседі”.
Қайрат Келімбетов: «Мен БАӘ Орталық Банкі мен АФСА арасындағы ынтымақтастықты орнатуды құптаймын, бұл ортақ мүддені білдіретін, бірқатар екіжақты мәселелер бойынша, соның ішінде қадағалау ақпаратымен алмасуды және ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді», — деп атап өтті.
Мұхтар Бөбеев өз кезегінде: «Біз Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық Банкімен ынтымақтастық орнатуға қуаныштымыз. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға және БАӘ мен АХҚО тиісті юрисдикциялары арасында трансшекаралық бизнесті жеңілдетуге мүмкіндік береді»,-деп мәлімдеді.
Анықтамалық ақпарат:
Біріккен Араб Әмірліктерінің орталық банкі 1980 жылғы № 10 одақ туралы Заңға сәйкес құрылған БАӘ Банктік қадағалау және ақша—несие органы болып табылады. 2018 жылы орталық банкке және қаржы мекемелері мен қызметіне қатысты Федералдық № 14 Заңымен жойылған және ауыстырылған.
www.centralbank.ae/en
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО—ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты—халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО—ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.
www.aifc.kz
АФСА АХҚО тәуелсіз реттеушісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA қаржы компаниялар мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау, және қадағалау секілді АХҚО қызметтерін реттейді.
www.afsa.kz