АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті IAIS көпжақты өзара түсіністік меморандумының 75-мүшесі болды
Нұр-Сұлтан, Қазақстан – АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Халықаралық сақтандыру қадағалаушылар қауымдастығының (IAIS) Көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумының (Меморандум) 75-ші мүшесі болды.
Сақтандыру реттеушілері арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы көпжақты түсіністік туралы меморандум жасалды, ол қатаң сенімділікпен жүзеге асырылады. Меморандумның 75 қатысушысы бүкіл әлемдегі сақтандыру сыйлықақыларының шамамен 76% құрайды.
«Біз AFSA-ны көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюшы ретінде қабылдауға қуаныштымыз. Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың әлемдік нарықта қорғалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру реттеушісі тиімді және тиімді ынтымақтастық жасай білуі керек. Көпжақты түсіністік туралы меморандум дағдарыс кезеңінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті қызметте де маңызды реттеуші құрал болып табылады. Ынтымақтастық қауіпсіз және орнықты сақтандыру нарықтарының дамуына ықпал етеді», — деді Вики Сапорта, IAIS Атқару комитетінің төрағасы.
«Біз IAIS көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойғанымызға қуаныштымыз. Бұл келісім бізге сақтандыру компанияларын трансшекаралық қадағалау саласындағы басқа реттеушілермен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді, бұл АХҚО-да тиімді қадағалауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды дамыту үшін қажет», — деп түсіндірді АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бөбеев.
«75-ші қол қоюшы маңызды кезеңді белгілейді», — деп түсіндірді Джонатан Диксон, IAIS Бас хатшысы. «Бақылау саласындағы ынтымақтастық – трансшекаралық бақылаудың тиімді шарты. Осылайша, қол қоюшыларымыз қаншалықты көп болса, бұл жалпы IAIS мүшелері үшін соғұрлым құнды».
Меморандумның қатысушысы болу үшін үміткерлер құпиялылық режимін мұқият кәсіби бағалаудан өтеді. Көпжақты меморандум қол қоюшыға барлық басқа тараптардың осы режимді сақтауына сенуге мүмкіндік береді. Мәліметтер алмасу құпиялылықты барлық жағынан қорғау үшін қажетті ережелермен және рәсімдермен қорғалған.
Халықаралық қол қоюшылардың толық тізімін және Көпжақты түсіністік туралы меморандумның көшірмесін мына жерден таба аласыз.
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті лицензиялаған және таныған фирмалар Bloomberg терминалдарын тегін сынап көруге қол жеткізе алады
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – AFSA) AFSA лицензиялаған және танылған фирмалар AFSA-ның қолдауымен Bloomberg терминалдарын тегін сынап көруге қол жеткізуге құқылы деп мәлімдеді.
Bloomberg терминалы – бұл қаржылық деректерді, басты жаңалықтарды, терең зерттеулерді, тиімді аналитиканы, байланыс құралдары мен сауда технологияларын бір кешенді шешімге біріктіретін технологиялық шешім.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) келесі топтары AFSA-ның қолдауымен тегін сынақ түріндегі қолжетімдік құқығына ие болады, олар: (1) Уәкілетті нарық институттары; (2) Уәкілетті фирмалар; (3) АХҚО мүшелері емес танылған қатысушылар (RNAM); (4) Қосалқы қызметтерді жеткізушілер; (5) FinTech Lab қатысушылары.
Bloomberg терминалына тегін сынақ түрінде қол жеткізуге рұқсат алу үшін тиісті фирмалар Bloomberg-тің төменде көрсетілген сату өкілдерімен байланысуы керек. Bloomberg сату бөлімімен келіссөздерден кейін, егер сіз өлшемшарттарға сай болсаңыз, сіз тегін сынақ түріндегі қолжетімдікке сілтеме және қашықтан қосылуға болатын Bloomberg терминалын орнату және қосу туралы техникалық мәліметтер көрсетілген электронды хат аласыз. Bloomberg әрбір жаңа қолданушы үшін Bloomberg терминалын пайдалану бойынша тренинг өткізеді.
Тегін сынақ түріндегі қолжетімдік бір айға беріледі. Алайда, егер сізге Bloomberg терминалын бағалау үшін көбірек уақыт қажет болса, Bloomberg сату өкілдерінен тегін сынақ түріндегі қолдану мерзімін ұзартуды сұрай аласыз.
Bloomberg сату бөлімінің байланыс деректері:
AFSA Bloomberg терминалдарына қолжетімдік фирмаларға AFSA бақылау жүйелері мен құралдарының талаптарын сақтауға ықпал етуі, сондай-ақ оларға ұсынылатын ақпарат пен және тәуелсіз зерттеулердің арқасында бәсекеге қабілеттілікті сақтауға көмектесуі тиіс деп санайды.
Егер сізде AFSA-ға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, AFSA Коммуникациялар бөліміне [email protected]. мекенжайы бойынша хабарласуды сұраймыз.
AFSA Компаниялар тіркеушісінің кеңсесі толығымен цифрлық тіркеуге көшеді
АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) тіркелу үшін онлайн өтінімдер үшін Digital Resident порталының жаңартылғаны жайлы хабарлайды.
AFSA Компаниялар тіркеушісінің кеңсесі қазіргі уақытта тіркеуге тек онлайн өтінімдер қабылдайды.
Онлайн өтінім беру үшін сілтемені басып, келесі нұсқауларды орындаңыз:
1-қадам. Сілтемені ашыңыз
2-қадам. Аккаунтыңызға кіріңіз немесе тіркеліңіз
3-қадам. Тіркелуге арналған жаңа қосымша жасаңыз
4-қадам. Ұйымдық-құқықтық нысанды таңдаңыз
5-қадам. Өтінімді толтырыңыз
6-қадам. Төлем жасаңыз
Сілтеме бойынша төлем жасай аласыз немесе банктегі интернет-банкинг арқылы шот-фактураны жүктеп, төлем жасай аласыз.
7-қадам. Өтініш жіберіңіз
Өтінім жіберілгеннен кейін біз сізбен 5 жұмыс күні ішінде байланысамыз.
Құжаттар веб-сайтқа PDF форматында жүктелуі тиіс. Ағымдағы пандемиялық жағдайға байланысты, AFSA қосымша шаралар мен нұсқаулықтар қабылданғанға дейін уақытша ешқандай түпнұсқа құжаттарды қабылдамайды.
Өтінішті толтыруда сізге көмек қажет болған жағдайда [email protected] арқылы AIFC Business Connect тіркеуді қолдау тобына хабарласыңыз.
Реттелетін қоғамдастық КЖ/ТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының Заңына және КЖҚІ жөніндегі нұсқаулыққа түзетулерге арналған вебинарға қатысты
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) уәкілетті тұлғалар үшін заңсыз жолмен алынған кірісті жылыстатуға (КЖ) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ТҚҚІ) туралы заңға таяуда енгізілген түзетулерге қатысты вебинар өткізді. Вебинарға ақшаны жылыстатумен күресу мақсатында қадағалануға жататын реттелетін фирмалар қатысты.
Сессияны уәкілетті фирмалар, уәкілетті нарық институттары және FinTech Lab қатысушыларынан 50-ге жуық қатысушы тыңдады. Вебинар КЖ/ТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының Заңына және AFSA 2020 жылғы 21 мамырда бекіткен КЖҚІ жөнінде нұсқаулықтың элементтеріне түзетулерге арналды. AFSA АХҚО-ның КЭҚІ қағидаларына сәйкес КЖҚІ үшін қадағалануға жататын АХҚО қатысушыларына қолданылатын 50 жаңа норманы анықтады. Тиісті АХҚО қатысушыларына қатысты негізгі және оларға байланысты түзетулер, сондай-ақ ішкі бақылау, КЖ/ТҚҚІ тәуекелдерін басқаруды қамтитын КЖҚІ нұсқаулығының бағдарламалары және КЖҚІ бойынша тренингтерге қойылатын талаптар сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Вебинар барысында Уәкілетті тұлғалар өз саясаттарына, басқару құралдары мен КЖҚІ рәсімдеріне енгізуі керек КЖҚІ бойынша нұсқалықтың талаптары қарастырылды.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда [email protected] мекенжайы бойынша AFSA коммуникациялар бөліміне хабарласуды сұраймыз.
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Тағайындалған қаржылық емес кәсіпорындар мен кәсіптер үшін КЖ/ТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер хабарлау үшін вебинар өткізді
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылғы 13 мамырда қол қойған қылмыстық жолмен алынған кірісті жылыстатуға (КЖ) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ТҚҚІ) туралы заңға түзетулердің түрлі аспектілері жөнінде Тағайындалған қаржылық емес кәсіпорындар мен кәсіптер (DNFBPs) үшін вебинар өткізді.
Сессияға 13 DNBFPs-ден 16-дан астам қатысушы қатысты. Вебинар КЖ/ТҚҚІ туралы Қазақстан Республикасының Заңына және AFSA 2020 жылғы 21 мамырда бекіткен КЖҚІ жөнінде нұсқаулықтың элементтеріне түзетулерге арналды. AFSA АХҚО-ның КЭҚІ қағидаларына сәйкес КЖҚІ үшін қадағалануға жататын АХҚО қатысушыларына қолданылатын 50 жаңа норманы анықтады. Тиісті АХҚО қатысушыларына қатысты негізгі және оларға байланысты түзетулер, сондай-ақ ішкі бақылау, КЖ/ТҚҚІ тәуекелдерін басқаруды қамтитын КЖҚІ нұсқаулығының бағдарламалары және КЖҚІ бойынша тренингтерге қойылатын талаптар сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Вебинар барысында DNFBPs өз саясаттарына, басқару құралдары мен КЖҚІ рәсімдеріне енгізуі керек КЖҚІ бойынша нұсқалықтың талаптары қарастырылды.
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитет АХҚО капитал нарықтары құрылымын кеңейтуде
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО капитал нарықтары мен нарықтық институттардың құрылымын кеңейту мақсатында АХҚО-ның актілеріне (АХҚО нарық қағидалары, АХҚО инвестициялық фирмаларды пруденциялық реттеу қағидалары және АХҚО глоссарийі) бірқатар түзетулер енгізді. Бұл түзетулер Қаржы орталығының капитал нарығы сегментін дамыту бойынша АХҚО стратегиясының бөлігі болып табылады.
Капитал нарығының кеңейтілген құрылымының негізгі элементтері 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді және мыналарды қамтиды:
(1) Принципал және агент ретінде инвестициялармен айналысатын АХҚО-ның уәкілетті фирмаларына базалық капиталға қойылатын талаптарды төмендету есебінен капитал нарығына компаниялардың көбірек қосылуы үшін мүмкіндіктер ашу:
(2) қор акциялары нарығының Өңірлік сегментін (REMS) енгізу, бұл осы сегмент үшін олардың тәуекелдеріне сәйкес нормативтік талаптарды жеңілдете отырып және оларды нарық сегментінің жеке санатына қосып, шағын және орта бизнеске AIX-те (Астана халықаралық қор биржасы) листингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
(3) Бағалы қағаздары немесе бірдей санаттағы бағалы қағаздары Баламалы реттелетін биржада сауда-саттыққа жіберілген ұйымдарды нарықтық ақпаратты ашуға қатысты АХҚО-ның және/немесе Уәкілетті инвестициялық биржаның қағидалары мен ережелеріне сәйкес ақпаратты қосымша ашудан босататын белгілі бір шектеулердің ескерілуі;
(4) Тіркеуден босатылған бағалы қағаздар тізімін кеңейту, тіркеуден босатылған Бағалы қағаздар эмитенттері үшін сәйкестік құрылымына өзгерістер енгізу сияқты белгілі бір нақтылаулар мен пысықтауларды MAR-ға енгізу, бұл Уәкілетті инвестициялық биржаға басқа юрисдикцияда жарияланған және Эмитенттерге тиесілі активтер немесе құқықтар бойынша Сараптамалық есептің қолданыс мерзімін ұзартатын Проспектіні және есептілік пен сәйкестікке қойылатын басқа да талаптарды бекітуге (белгілі бір өлшемшарттар сақталған жағдайда) мүмкіндік береді.
(5) қажетті ақпарат көлемін азайту арқылы халықаралық озық практикаға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін проспект талаптарына өзгерістер енгізу;
(6) Проспектіні бекіту тәртібі мен мерзімдері және жылдық пен жарты жылдық есептерді ұсыну мерзімдерін ұзарту сияқты түрлі түзетулер енгізу.
Осы түзетулер мен өзгерістерді әзірлеу барысында жергілікті нарық жағдайын ескере отырып, ең жаңа халықаралық стандарттарға талдау жасалды. Орташа мөлшердегі бағалы қағаздардың әлеуетті жергілікті эмитенттерінің алаңдаушылығы, сондай-ақ қауіпсіз нарықтық операцияларды жүзеге асыру үшін сауатты талаптар мен қолайлы шарттар сақталған жағдайда бизнес пен инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтетін түзетулердің енгізілуіне байланысты болды.
Капитал нарығын дамыту – АХҚО-ның басты алты стратегиялық бағытының бірі. Ұсынылған түзетулер мен өзгерістер жергілікті және шетелдік кәсіпорындар мен инвесторлар үшін көп бейінді нормативтік-құқықтық базаны дамытуға бағытталған.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда [email protected] мекенжайы бойынша AFSA коммуникациялар бөліміне хабарласуды сұраймыз.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы өзінің 500-қатысушысын тіркеді
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) 500-ші компанияны тіркегенін хабарлайды.
Соңғы жылдары АХҚО қарқыны өсіп, әлемнің 42-ден астам елінің компаниялары қаржы орталығына келіп тіркелді. Аталған компаниялар Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, ҚХР, РФ, Эстония, Латвия, Италия, Финляндия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Үндістан, БАӘ, Түркия және тағы басқа да елдерден. Бүгінде мәмілелерді ашық және тиімді жасасу үшін АХҚО өз қатысушыларына қаржы құралдары мен тетіктерінің кең спектрін ұсынады.
АХҚО юрисдикциясындағы 500-ші компания SWISSFE CENTRAL ASIA LTD болды. SWISSFE LTD Германияда, Голландияда, Австралияда, АҚШ-та, ҚХР-да, Үндістанда, Малайзияда, Ұлыбританияда, Сербияда, Чехияда, Оңтүстік Кореяда, Испания мен Данияда жылжымайтын мүлік пен активтерді басқарумен айналысатын жеке меншік жаһандық инвестициялық компания. 2020 жылы компанияның басқаруында 1,8 млрд швейцариялық франк сомасына активтері бар. SWISSFE LTD өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық активтерге ерекше назар аудара отырып, жоғары сапалы инновациялық активтерге инвестиция салады.
Қайрат Келімбетов, АХҚО Басқарушысы:
«Бүгін біз АХҚО ресми ашылғаннан 2 жылдан кейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті және АХҚО-ның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болған тарихи жетістікті атап өтеміз. Осы кезеңді еңсере отырып, біз инфрақұрылым құруды аяқтап, енді біртіндеп іскерлік белсенділікті арттыру мен өңірге инвестиция тартуға жәрдемдесуге көшіп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанымызды қуана хабарлаймыз».
Джеймс Мартин AIFC Business Connect компаниясының бас директоры:
«AIFC Business Connect рөлі АХҚО-да тіркелу артықшылықтарын ілгерілету және Орталық шеңберінде компания құрылғаннан кейін бизнесті жүргізудің жеңілдігін қамтамасыз ету арқылы біздің қатысушы-ұйымдардың коммерциялық мақсаттарын қолдау болып табылады. Мен SWISSFE CENTRAL ASIA LTD ғаламдық қамту компаниясы Қазақстанда және аймақта АХҚО-ның қатысушысы ретінде өз бизнесін дамыту туралы шешім қабылдағанына және АХҚО-да тіркелген 500-ші компания болғанына қуаныштымын».
Гокан Есілгоз, SWISSFE CENTRAL ASIA LTD басқарма төрағасы:
«АХҚО халықаралық инвестициялық компаниялар үшін тамаша платформа ұсынады. Атап айтқанда, өзімізге бұрыннан таныс ағылшын құқығы мен салық жеңілдігі және шетелдік инвесторларды қолдау ұсынылып отыр. SWISSFE CENTRAL ASIA LTD ретінде біз Қазақстанда инвестициялық портфеліміз үшін жаңа мүмкіндіктерді көріп отырмыз».
АХҚО қатысушылары өз қызметін банк ісі, сақтандыру, қор нарығы, активтерді басқару, жеке банкинг, исламдық қаржыландыру, несиелік рейтингтер, заңгерлік кеңес беру, бухгалтерлік есеп, холдинг компанияларының қызметі және басқа да салаларда жүзеге асырады. Қазіргі уақытта АХҚО банк секторының активтері 680 млн АҚШ долларына жетті, капитал нарығы да өсім көрсетті. Ал тартылған акционерлік капитал 291 млн АҚШ долларын құрады.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты жетекші халықаралық қаржылық қызмет көрсету орталығын қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет АХҚО-да жалпы құқық жүйесі енгізілетін болады. АХҚО-ның ресми тілі – ағылшын тілі.
АХҚО-ның мақсаттары қаржы қызметтері саласына инвестициялар үшін тартымды орта құру жолымен экономикаға инвестициялар тарту, жергілікті капитал нарықтарын дамыту, олардың халықаралық капитал нарығымен интеграциялануын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сақтандыру және банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарықтарын дамыту болып табылады. www.aifc.kz
AFSA «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО—ның тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді. www.afsa.kz
AIFC Business Connect «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тұрақты өсуді ынталандыруға; халықаралық іскерлік тәжірибені және қозғаушы күштерді түсінуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әлеуетті инвестициялар үшін қолайлы жобаларды айқындауға бағытталған жеке коммерциялық емес компания ретінде құрылды. www.aifc.kz
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті кейбір реттелетін қызмет түрлеріне жеңілдетілген рәсімдерді енгізді
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) реттелетін қызметтің жекелеген түрлеріне лицензия алу рәсімдерін жеңілдетеді. Бұл іскери достастық қағидаттары мен тәуекелдерге негізделген қадағалауға қатысты реттеуші ортаны ұдайы дамытуда AFSA-ның жалпы көзқарасын көрсетеді.
Реттелетін алты қызметке қатысты өтініш беру процесі оңайлатылды: (1) инвестициялар бойынша кеңес беру, (2) инвестициялар бойынша мәмілелер жасасу; (3) несие желісі бойынша кеңес беру, (4) несие желісін ұйымдастыру, (5) сақтандыру делдалдығы ( клиенттің ақшасынсыз) және (6) сақтандыру менеджменті.
AFSA өтініш нысанын едәуір жеңілдетті және ықтимал қатысушылардың AFSA процедуралары мен талаптарын жеңілдету туралы сұраныстарынан кейін белгілі бір құжаттаманы ұсыну талаптарын алып тастады.
Жаңа жеңілдетілген өтінім нысаны жоғарыда айтылған реттелетін қызметке бейімделген және AFSA-ға өзінің реттеуші функцияларын орындау үшін қажетті негізгі ақпаратты ұсынады.
Сонымен қатар, AFSA қажетті саясат пен процедураларды (сәйкестік, тәуекелдерді басқару, ҚК/ТҚҚ, бақылау мен процедуралар, бизнестің үздіксіздігі, мүдделер қақтығысы) әзірлеп, АХҚО-да реттелетін қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген фирмаларға көмектесетін нұсқаулықтар жасады.
Қағидаттар фирмалардың саясаты мен рәсімдеріне қосылуы керек AFSA-дан күтілетін ең төменгі көрсеткіштерді және негізгі тармақтарды ұсынады.
Сонымен қатар, басшылық ұсынылатын бизнестің түріне байланысты фирманың өзіндік саясатын құру үшін пайдалы болуы мүмкін халықаралық стандарттау органдарының жарияланымдарына сілтемелер ұсынады.
Бұл қадамдар фирмаларға АХҚО-ға қатысу туралы шешім қабылдауға, өздерінің жүйелері мен басқару элементтерін құруға көмектесуге және авторизация процесі арқылы фирмаларға көмектесуге арналған.
(Өтінімнің жеңілдетілген формасына сілтеме)
(Нұсқаулыққа сілтеме)
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. ХФО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.
www.aifc.kz
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті АХҚО уәкілетті банктерімен және инвестициялық компанияларымен нормативтік талаптарды талқылауда
Жақында АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО-да тіркелген банктер мен инвестициялық компаниялар үшін онлайн-семинар өткізді. Семинардың мақсаты – декларацияларды дайындау жөніндегі нұсқаулықта келтірілген болжамдарды талқылауға мүмкіндік беру және оның іс жүзінде қалай болатындығы туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
AFSA Пруденциялық бақылау бөлімінің директоры Әнуар Қалиев: «Біз хабардарлық деңгейін арттырып, нормативтік нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен бірге әр түрлі пруденциялық декларациялар бойынша тиімді есептілік туралы түсінікті қалыптастырғымыз келеді» – деген пікір білдірді.
Семинар бірқатар әдістемелік ұсынымдар негізінде жасалды және уәкілетті банктер мен инвестициялық компаниялардың өкілдеріне реттеуші органның тікелей тәжірибесінен сабақ алуға мүмкіндік берді. «Сұрақ-жауап» сессиясы барысында Пруденциялық бақылау бөлімі қосымша ақпарат беріп, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Семинарға қатысушылардың пікірлері өте жақсы болды, қатысушылардың өздері AFSA қызметкерлерімен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоғары бағалады және құптады, олардың көпшілігі болашақта осындай өзара іс-қимылды жалғастырғысы келетіндіктерін білдірді.
Семинарға қатысушылар сонымен қатар «уәкілетті банктер мен инвестициялық компанияларға арналған семинар жақсы ойластырылған және қаржы қоғамдастығы мен реттеушіге орын алған проблемаларды талқылауға және фирмалар мен компаниялардың өз міндеттерін орындаудың ықтимал жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді» деп атап өтті. Семинардың тағы бір басты артықшылығы – қатысушыларға бір-бірімен және реттеушімен түрлі мәселелер бойынша өзара әрекеттесу мүмкіндігі берілді. AFSA реттеушімен және жалпы қаржылық қоғамдастықпен өзара әрекеттесуді ынталандыру және қолдау мақсатында АХҚО қатысушыларымен осы практиканы жалғастыруға ниетті».