АХҚО Орталық Азия қаржы саласын реттеушілермен арадағы ынтымақтастықты дамытуда
2021 жылғы 3 желтоқсанда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) базасында АХҚО тәуелсіз қаржы реттеушісі, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, сондай-ақ бірқатар халықаралық қаржы ұйымдарының қаржылық реттеушілерінің қатысуымен жоғары деңгейдегі кеңес өтті.
Кеңес осы жылдың 6 тамызында Түркменбашы (Түркіменстан) қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік тобы кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемені жүзеге асырудағы маңызды қадам болды. Бірлескен мәлімдеме қаржы жүйесін бірлесіп дамытудың және аймаққа инвестициялар тартудың маңыздылығын көрсеткен. АХҚО Орталық Азия аймағы елдерін, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен байланыстыратын экономикалық тұғырнама ретінде айқындалған.
Кеңестің мақсаты-қаржылық қадағалау саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту және қор, банк және сақтандыру нарықтарын реттеу саласында өзара тәжірибе алмасу. Іс-шара аймақтағы экономикалық дамуды қолдауда қаржы секторының рөлін арттыруға ықпал ететін болады.
АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов өзара түсіністік пен аймақтық деңгейдегі реттеушілер арасындағы ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
«Коронавирустық пандемия мен дағдарыстың әсерін талдау кезінде экономиканы біріктіру және шекарааралық ынтымақтастықтың күшейтілуі қажеттілігін көрдік. Бұл Орталық Азия аймағына да қатысты, өйткені мұндағы экономикалық байланыстарды тереңдету барлық бес елдің дамуына жаңа серпін бере алады. АХҚО алаңы көрші елдер үшін инвестициялар тартуда әлемдік капитал нарықтарына енуге деген мүмкіндік бола алады, елдер жаңа жобаларды іске асыру үшін шетелдік әріптестермен белсенді қызмет атқара алады», — деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов.
«Орталық Азия елдері арасындағы реттеуші ынтымақтастықты дамыту трансшекаралық экономикалық бастамаларды, мысалы, қаржы технологиялары, төлем жүйелері, ислам бағалы қағаздарын шығару, жасыл қаржыландыру және т. б. салалардағы нормативтік талаптардың кейбірінің қысқартуына ықпал етуі мүмкін. Тығыз экономикалық байланыстары және қарқынды дамып келе жатқан нарықтары бар аймақ инвесторларды қызықтыруы мүмкін — деді АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің Бас директоры Мұхтар Бөбеев.
Жиынның қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің қаржылық реттеушілері бірлескен декларация қабылдады, оған сәйкес АХҚО әлеуетін қаржылық жүйені бірігіп пайдалану, қаржы қызметтері саласындағы трансшекаралық экономикалық бастамаларды қолдау, аймаққа инвестиция тарту, Бірлескен мәлімдеме аясындағы реттеушілер арасындағы ынтымақтастықты арттыру көзделген. Тараптар, сонымен қатар, Орталық Азия реттеушілері Тобын құрып, оның аясындағы кездесулерді АХҚО аймағында өткізіп тұруға келісті.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 60 елден 1100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. Орталық Азия мемлекеттерінің АХҚО қатысушылары негізінен қаржылық қызметпен байланысты емес секторларда ұсынылған. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде ХҚК басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». https://aifc.kz/
АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінде Барбара Джадж ханымның құрметіне конференц-зал ашылды
Рәсім Джадж ханымның AFSA Директорлар кеңесінің бірінші төрағасы ретіндегі қызметін және оның АХҚО дамуына қосқан үлесін мойындау мақсатында өткізілді.
Леди Джадж американдық британдық заңгер, АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының комиссары, CIFAS, Ұлыбританияның алаяқтықтың алдын алу қызметінің төрағасы болды. Леди Барбара Джадж сонымен қатар Ұлыбританияның қаржылық есеп беру кеңесі төрағасының орынбасары және бірқатар басқа мемлекеттік және жеке технологиялық компаниялардың атқарушы емес директоры болды. Ол 2018-2019 жылдар аралығында AFSA Директорлар кеңесінің бірінші төрағасы қызметін атқарды.
AFSA басқару тобының қатысуымен салтанатты рәсімге AFSA Директорлар кеңесінің төрағасы Марк Хольцман мырза қатысты.
АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресіне қатысты
Бүгін Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресі өтті.
Президент Қ.Тоқаев Қаржыгерлер конгресіне арналған сөзінде ел экономикасын қаржыландырудың маңызды көздерінің бірі болуы тиіс АХҚО-ны қоса алғанда, отандық қор нарығын дамыту қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Конгресс өкілдеріне үндеуінде АХҚО қатысушыларының қазақстандық нарыққа қол жеткізуін кеңейту елге инвестициялар тартуға көмектесетінін және Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі дамытуды қамтамасыз ететінін атап өтті.
АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің бас директоры Мұхтар Бөбеев қатысқан Конгресстің «Қаржы секторын реттеу және қадағалау: болашаққа көзқарас» атты жеке отырысы реттеушілік қызметке арналды. Іс-шара жазбасы сілтемеде бойынша қол жетімді.
М.Бөбеевтің айтуынша, осыдан бір күн бұрын Қазақстанның реттеушілері арасында қол қойылған Валюталық реттеу актісі «Астана» халықаралық қаржы орталығының резиденттеріне көбірек айқындық береді. Өйткені, АХҚО-да жұмыс істейтін ұйымдарға қазақстандық клиенттерге қызмет көрсетуге бола ма, қай валютада, не болатыны, нені болмайтыны түсініксіз болды.
М.Бөбеев атап өткендей, АХҚО Қазақстанның қаржы жүйесіне көмектесуге және одан әрі дамытуға ұмтылады.
«Осы Заң аясында басты назар инвестициялық банкинг, активтерді басқару және сақтандыруға қатысты болды, өйткені бұл секторлар Қазақстанның қаржы нарығының дамуын толықтыра алатындай көрінеді», — деп түйіндеді М.Бөбеев.
Қазақстанның реттеушілері АХҚО-да валюталық реттеу және ақпарат алмасу ережелеріне қол қойды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) валюталық реттеу және Қазақстанның қаржы нарығына АХҚО қатысушыларының қол жеткізуі шарттары туралы келісімге келді.
Тиісті бірлескен құжатқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Ерболат Досаев, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қол қойды.
Валюталық реттеу ережелері АХҚО аумағында валюталық операцияларды жүргізудің шарттары мен тәртіптерін, АХҚО қатысушыларының қаржылық қызметтерді көрсету мәселелерін және олардың Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымына қолжетімділігін белгілейді.
Ережелер АХҚО қатысушыларының Қазақстан резиденттеріне, оның ішінде банк және сақтандыру секторларында, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында ұсына алатын қаржылық қызметтердің тізбесін анықтайды.
Акт 2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
Қосымша ақпарат алу үшін БАҚ өкілдері келесі байланыс көздері арқылы хабарласуына болады:
АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында бірлесіп жұмыс істеуге келісті
АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) кiрiстердi жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) және жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күресте бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Тараптар AFSA-ның тиісті саладағы реттеу міндеттерін тиімді орындау үшін ақпаратпен, оның ішінде құпия ақпаратты алмасады.
AFSA және ҚМА халықаралық стандарттарды (ФАТФ ұсынымдарын), қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топтың (EAТ) және кірістерді жылыстатуға қарсы қаржылық іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының (ФАТФ) бағалау әдістемесі мен нұсқауларын тану негізінде ынтымақтастық туралы келісті.
Бұл ынтымақтастық AFSA-ның ҚЖ/ТҚҚ реттеуші базасының ФАТФ стандарттары мен ұсыныстарына сәйкестігін қамтамасыз етуге деген берік міндеттемесін көрсетеді.
Келісімге қол қоюға Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов және АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті бас директоры Мұхтар Бөбеев қатысты.
Жанат Элиманов мырза былай деді: «Бүгін біз қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірлескен шаралар қабылдауға бағытталған меморандумға қол қоюға жиналдық. Болашақта Қазақстан ФАТФ халықаралық стандарттарына сәйкестігіне ЕАТ-тың өзара бағалауынан өтуі керек. Бағалау барысында ЕАТ-қа мүше елдер арасында теңдесі жоқ АХҚО қызметіне жеке назар аударылатын болады, Агенттік, өз кезегінде, бұл мәселеде барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетуге дайын».
Мұхтар Бөбеев мырза: «Бұл келісімнің негізінде AФМ және AFSA-ға көмектесетін маңызды ақпаратты бөлісу және бірлесіп жұмыс істеу мақсаты жатыр. Бұл АХҚО-да және жалпы Қазақстанда ақшаны жылыстатудың алдын алуға және оған қарсы тұруға қажетті. Бұған біздің күш-жігерімізді біріктіру және Қазақстан Республикасының ФАТФ ұсынымдары мен стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады».
АХҚО Халықаралық инвесторлар апталығын өткізеді
Нұр-Сұлтан, Қазақстан – 2021 жылғы 4-8 қазан аралығында АХҚО виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығын өткізеді.
Осы жылы АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығының басты тақырыбы – «Инвестиция туралы хабардарлықты арттыру». Іс-шараның негізгі мақсаттары: (1) инвестициялық мүмкіндіктер мен құралдар туралы ақпараттандыру; (2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері мен инвестициялық тәуекелдер туралы ақпараттандыруды арттыру; (3) инвестициялық сауатты ақпараттандыру арқылы қаржылық білімді насихаттау және қаржылық сауаттылықты көтеру; (4) қаржы нарығындағы инновацияларды талқылау. АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығы тақырыптық тұрғыда инвестициялаудың, ақылды инвестициялаудың, цифрлық активтердің, тұрақты қаржыландырудың, алаяқтықтың алдын алудың, қаржылық сауаттылық пен білімнің негіздерін түсінуге бағытталады.
Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 80 елдеріндегі қаржылық реттеушілерімен қор нарығын реттеушілердің халықаралық ұйымы болып табылатын Халықаралық бағалы қағаздар комиссиялары ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі. IOSCO мүшелері әлемнің 115-тен аса юрисдикциясында бағалы қағаздар нарығының 95%-нан астамын реттейді. Халықаралық инвесторлар апталығын өткізу АХҚО-нің қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша IOSCO стандарттарына адалдығын көрсетеді. АХҚО-да виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығының ұйымдастырушысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) болып табылады.
2021 жылы АХҚО төртінші рет Халықаралық инвесторлар апталығын өткізеді. Осы жылы іс-шаралар вебинарлар, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер мен онлайн панельдік сессиялар форматында өтеді. Іс-шараның спикерлері АХҚО сарапшылары, сондай-ақ қор нарығы, тұтынушылар мен инвесторларды қорғау, қаржылық технологиялар, жасыл және исламдық қаржыландыру, бағалы қағаздар нарығының құралдары, сондай -ақ кәсіби біліктілікті үздіксіз арттыру саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар болады.
Толығырақ ақпарат, іс-шара бағдарламасы және іс-шараға мына жерде тіркелуге болады.
«C.Invest Hedge Fund» компаниясына қатысты ескерту
Нұр—Сұлтан, Қазақстан – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) келесіні хабарлайды: “C.Invest Hedge Fund” компаниясының ашық түрде жариялаған ақпаратынан, бұл компания лицензиясыз криптовалюта бойынша сауда, оның ішінде инвестициялық кеңес беру, инвестициялық басқару, өзінің атынан және агент ретінде инвестициямен операция жасау қызметтерін көрсетумен айналысқаны мәлім болды.
Бұл ақпарат көпшілікке жарияланғандықтан, АХҚО қауымдастығы мен жұртшылық мүдделерін қорғау мақсатында АFSA келесіні түсіндіруді қажет деп санайды.
АХҚО—НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ «C.INVEST HEDGE FUND» КОМПАНИЯСЫНА ҚАНДАЙ ДА БІР РЕТТЕЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРМЕГЕН.
AFSA cinvest.kz веб-сайтында келесі мәлімдемелер ашық түрде жарияланғанын анық біледі:
- «C.Invest «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы болып табылады»: AFSA түсіндірмесі – Invest АХҚО қатысушысы емес. C.Invest қандай да болсын реттелетін қызметпен айналысуға құқылы емес;
- «C.Invest хедж-қор болып табылады»: AFSA түсіндірмесі – AFSA-ныңInvest-ке байланысы бар АХҚО-да тіркелген қор туралы хабары жоқ;
- Айына 5-30% немесе жылына 160% қайтарымды және кепілдендірілген кірісті күтуге болады: AFSA түсініктемесі – AFSA бұл талаптардың дұрыстығын растаймады.
«C.Invest Hedge Fund» компаниясы AFSA нұсқауы бойынша өзінің cinvest.kz веб—сайтын көпшілікке қолжетімділіктен алып тастады.
AFSA тұтынушыларға қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясы бар, яғни кез келген юрисдикцияда тиісті түрде реттелетін компаниялармен ғана жұмыс істеуді ұсынады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылар «C.Invest Hedge Fund» компаниясына қатысты сауалдарды https://afsa.aifc.kz/submit-your-complaint/ сілтемесіне немесе [email protected] мекен-жайы бойынша жіберулеріне болады.
AFSA тұтынушыларды АХҚО-мен байланысы туралы мәлімдеу арқылы криптовалютаға инвестиция тартатын компаниялардан сақ болуға шақырады. AFSA сақ болуға кеңес береді және қаржылық қызметтерді тек лицензиясы бар компаниялардан сатып алуға кеңес береді. AFSA-дан реттелетін және қаржылық қызметті көрсетуге лицензия алған жағдайда ғана АХҚО қатысушысының мәртебесі қаржылық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Тұтынушыларға AFSA веб-сайтында лицензиялау мәртебесін https://publicreg.myafsa.com/authorised/ сілтемесі арқылы тексеруге және жарнамалайтын қызметтері АХҚО-да жүзеге асыруға AFSA рұқсат етпеген компанияларға хабарласпауға кеңес беріледі.
Astana Finance Days конференциясы АХҚО-дағы қорларды басқару индустриясының болашағы зор перспективаларын ерекше атап өтті
Нұр—Сұлтан, Қазақстан –»Astana Finance Days» АХҚО жыл сайынғы конференциясы АХҚО қорларын басқару индустриясының болашағы зор перспективаларын жария етті. АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA), Бағалы қағаздар нарығын қадағалау еуропалық басқармасының (ESMA) өкілдері, сондай-ақ АХҚО және Люксембург қорларының басқарушылары Astana Finance Days конференциясы аясында Баламалы инвестициялық қорларының АХҚО – ЕО перспективаларын талқылауға өз үлестерін қосты.
АХҚО қор менеджерлері Еуропалық одақтың (ЕО) балама инвестициялық қорлары нарығының артықшылықтарын пайдалана алады. Атап айтқанда, АХҚО қорларының басқарушылары ЕО балама инвестициялық қорлары үшін не жеке орналастырудың ұлттық режимдері арқылы нарығына қол жеткізе алады, не ЕО-да орналасқан қормен және оның басқарушыларымен тиісті уағдаластықты қамтамасыз ете отырып, қолданыстағы паспорт режимдерін пайдалана алады. Талқылау сонымен қатар жеке қорларды ашу немесе қолданыстағы қор менеджерлерін жалдауды талап ететін ЕО-дағы қорлардың тұрғылықты жерінің практикалық аспектілеріне қатысты болды. ЕО үшінші елдердің төлқұжаттарын әлі іске қосқан жоқ, бірақ АХҚО және ЕО қорларының менеджерлері балама инвестициялық қорлар саласында өзара тиімді мүмкіндіктерді іздейді.
АХҚО қорының режимі инвестициялық бизнес компаниялары үшін де, олардың клиенттері үшін де салықтық жеңілдіктер ұсынады. Нәтижесінде, 2021 жылдың басынан бастап басқарылатын инвестициялардың екі есеге жуық өсуі байқалды, ал тіркелген инвестициялық қорлардың саны 2021 жылдың басынан бастап үш есе өсті. 2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда АХҚО-да жеке және мемлекеттік секторлардан қорлар құру мүмкіндігін қарастыратын қор басқарушылары тарапынан қызығушылық айтарлықтай өсті.
AFSA ESMA-мен үйлестіре отырып, балама инвестициялық қорларды (AIFM) ЕО-ның AIFM директивасына сәйкес басқарушыларды қадағалау саласындағы ынтымақтастық туралы ЕО бағалы қағаздарын реттеушілермен келісімдерге қол жеткізді. Бұл келісімдер негіздемелік шарттарды белгілейді және АХҚО-ның маркетинг және хедж-қорлары, тікелей инвестициялар қорлары және жылжымайтын мүлік қорлары сияқты баламалы инвестициялық қорларды басқару жөніндегі қорларын басқарушылар үшін, ЕО-ның тиісті елдеріндегі кәсіби инвесторлар үшін, сондай-ақ АХҚО-да баламалы инвестициялық қорларды басқару немесе маркетинг жөніндегі ЕО фирмалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
AFSA бас директоры Мұхтар Бөбеев: «Мен АХҚО қорларды басқару саласы үшін өте перспективалы бағыт болып табылады деп санаймын. Бұл сектор кез келген табысты қаржы орталығының қаржы нарықтарының ажырамас бөлігі болып табылады және АХҚО Еуразиядағы қаржы қызметтерінің жетекші орталығы болуға ұмтылады. АХҚО халықаралық инвесторларға Орталық Азия мен Еуразия нарықтарына қолжетімділікті ұсыну үшін өзінің географиялық жағдайын пайдаланады. Біздің ЕО-ның бағалы қағаздар жөніндегі реттеуші органдарымен жақындағы келісімдеріміз АХҚО-да қорларын басқарушылар үшін ЕО нарықтарына қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады».
АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті АХҚО қор менеджерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашатын ЕО бағалы қағаздарын реттеушілермен өзара түсіністік туралы 17 меморандумға қол қойды
Нұр—Сұлтан, Қазақстан – АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Еуропалық Одақтың (ЕО) AIFM директивасына сәйкес Балама инвестициялар қорлары басқарушыларын (AIFM) қадағалау саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы 17 меморандумға қол қойды.
Бұл келісімдер негіздемелік шарттарды белгілейді және АХҚО қорларын басқарушылар үшін хедж-қорлар, тікелей инвестициялар қорлары және жылжымайтын мүлік қорлары сияқты баламалы инвестициялық қорларды сату және басқару, ЕО тиісті елдеріндегі кәсіби инвесторларға, сондай-ақ ЕО фирмалары үшін АХҚО-да баламалы инвестициялық қорларды басқару немесе сату үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Әлемдік қаржы нарықтарының жаһандануының өсуіне және трансшекаралық операциялар мен балама инвестициялық қорларды басқарушылар қызметінің ұлғаюына байланысты АХҚО мен ЕО реттеушілері арасындағы ынтымақтастықты ресімдеу трансшекаралық негізде жұмыс істейтін баламалы инвестициялық қорларды басқарушыларды, олардың делегаттары мен депозитарийін қадағалауда өзара көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
AFSA-мен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойғандардың қатарына Австрия, Бельгия, Болгария, Хорватия, Кипр, Дания, Эстония, Греция, Ирландия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Мальта, Польша, Португалия, Румыния және Словакияның реттеуші органдары кіреді.
AFSA бас директоры Мұхтар Бөбеев: «Біз Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар басқармасымен (ESMA) баламалы инвестициялық қорларды басқарушыларды қадағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргіздік және ESMA үйлестіруімен ұлттық құзыретті органдармен 17 өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық. Бұл жұмыс жалғасуда және біз тағы бірнеше келісімге қол қоямыз. Біз бұл АХҚО қорларын басқарушылар үшін ЕО нарықтарына қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп санаймыз. АХҚО реттеушісі ретінде біз капитал нарықтарының қауіпсіз жұмысы үшін тиісті жағдайлар жасауға ұмтыламыз және бұл меморандумдар тиімді қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді».
AFSA Astana Finance Days конференциясы шеңберінде 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 13:00 – 13:50 (GMT +6) өтетін «Баламалы инвестициялық қорларының АХҚО – ЕО перспективалары» мамандарының кеңесін өткізеді. Қатысу үшін мына жерге тіркеліңіз: https://astanafindays.org/kz/register (панельдік сессия – Макроэкономикалық форумның бөлігі болып келеді).