Astana Finance Days аясында цифрлық активтер индустриясының өсімі талқыланды
Astana Finance Days 2022 аясындағы Реттеушілік форумында «Цифрлық активтердің өсімі: жаңа мүмкіндіктер, тәуекелдер, реттеу» тақырыбында панельдік сессия өткізіліп, оның жұмысына АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) Директорлар Кеңесі тәуелсіз және атқарушы емес директоры, Fnality International реттеу бөлімінің басшысы Дэниел Хеллер, Bitfinex Securities операциялық мәселелер жөніндегі директоры Джесси Кнутсон, Гонконг Университетінің заң профессоры Дуглас Арнер, Binance компаниясының Азиядағы аймақтық директоры Глеб Костарев және AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов қатысты.
Қатысушылар цифрлық активтер саласындағы жаһандық реттеуші трендтерді талқылады, тәуекелдерді басқару мен ФинТех инновацияларды қолдау арасындағы теңгерімдеу, бөлшек инвесторларды қорғау және цифрлық активтердің құбылмалылығы аясында қаржылық тұрақтылық мәселелеріне тереңдей түсті. Қатысушылар сонымен қатар жаһандық криптовалютаның ірі ойыншылары осы саланы басқаратын адамдар ретінде қалай әрекет ете алатындығы туралы пікір алмасты.
Қаржылық инновацияларды қолдау үшін 2018 жылы AFSA реттеушілік алаңқайын FinTech Lab құрған. Алаңқайда лицензия алған компаниялар өздерінің қаржылық инновациялық қызметтерін осы режимде сынай алады. Дәл қазір осы алаңқайда алты криптобиржа, бір криптоброкер, және құнды қағаздардың токендік биржасы лицензия алған
«Криптонарықтағы реттеушілік талаптарды құру осы индустрияның дамуына кедергі келтірмей-ақ ондағы тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді», — деді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 64 елден 1400-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz
Astana Finance Days спикерлері аймақтағы серіктестіктің нығаюындағы реттеушілердің рөлі туралы талқылады
Astana Finance Days 2022 аясында «Орталық Азиядағы қаржылық қызметтердің дамуы» тақырыбында сессия өтті. Онда бірлескен іс-қимылдар Орталық Азияны инвесторларға жағымды ету, жаңа қаржылық өнімдердің пайда болуы табысқа кенелту әлеуеті және коммерциялық және әлеуметтік жобалар арқылы финтех индустрияның потенциалы жайы талқыланды.
Спикерлер: АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) құқықтық мәселелер бойынша Басқарушы директоры Исхак Берни, AFSA Директорлар Кеңесі тәуелсіз директоры және Құнды қағаздар нарығы бойынша халықаралық ұйымының бұрынғы бас директоры Грегори Танзер, Өзбекстан Республикасы Қаржы министрлігі капитал нарығын дамыту департаментінің директоры Сарварбек Ахмедов, Қазақстандағы Еуропалық қайту құру және даму банкі директоры Хусейн Озхан, «Тошкент» республикалық қор нарығы Басқарма Төрағасы Абдуазимхуж Абдужабборов, Astana International Exchange Басқарма Төрағасы Ренат Бектуров.
Қатысушылар Орталық Азия реттеу ұйымдары арасындағы ынтымақтастық шекара аралық деңгейде қаржы қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдететін және капитал ағымын жақсартатын фактор деп қарастырды.
Аумағында 75,3 млн.халық тұратын Орталық Азия инвесторлар үшін тартымды нарық. Оның үстіне қаржы реттеушілер арасындағы бірлескен іс-шаралар жаңа қаржылық өнімдерді енгізуді жақсартады.
«Аймақтық ынтымақтастық бастамалары Орталық Азия нарықтарын дамытуда нарықтың өлшемімен, қаржының аздығымен және ұсынылатын инструменттердің шектеулігімен байланысты мәселелерді шеше алады. Бұл тұрғыдан АХҚО мен AFSA қаржы қызметтерін инновациялық және сенімді реттеуде, оны сынап көруде жақсы алаңқай бола алады» — деді AFSA құқықтық мәселелер бойынша Басқарушы директоры Исхак Берни.
Естеріңізге салсақ, АХҚО тәуелсіз реттеушісі, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан реттеушілері және өзге де халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен жоғарғы деңгейдегі кеңесте Бірлескен декларация қабылданған.
Оған сәйкес АХҚО әлеуетін қаржылық жүйені бірігіп пайдалану, қаржы қызметтері саласындағы трансшекаралық экономикалық бастамаларды қолдау, аймаққа инвестиция тарту, Бірлескен мәлімдеме аясындағы реттеушілер арасындағы ынтымақтастықты арттыру көзделген
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 64 елден 1400-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz
АХҚО Ислам Даму банкі (ИДБ) Тобының 2022 жылғы жыл сайынғы кездесулеріне қатысты
«Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) делегациясы Шарм-эль-Шейхте Египет Араб Республикасы Үкіметінің қолдауымен өткен Ислам Даму банкі (ИДБ) Тобының 2022 жылғы жыл сайынғы кездесулеріне қатысты. Делегацияны АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу Комитетінің (AFSA) Бас директоры, Ислам Даму Банкінің Қазақстан атынан Басқарушысының міндетін атқарушы Н. Көшімов басқарып барды.
ИДБ жыл сайынғы жиынына осы ұйымға қатысушы 57 елден мемлекеттік ұйым басшылары мен өкілдері, аймақтық және халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттарының өкілдері, бизнес пен қоғамдық көшбасшылар қатысты.
Кездесуде ИДБ Басқарушылары Кеңесінің жиындары, ИДБ топтары мүшелерінің жиындары, қосымша форумдар мен панельдік сессиялар болып, онда орнықты даму, исламдық қаржыландыру, цифрландыру және өзге де сұрақтар талқыланды.
ИДБ Қазақстан атынан Басқарушысының міндетін атқарушы Н. Көшімов «Қаржы қызметтері саласындағы цифрлық трансформация: ФинТех дәуір» атты арнайы жиынға қатысып, сөз сөйледі. Ол АХҚО-дағы финтех дамуы, AFSA-ның финтех саласындағы компанияларды реттеуі туралы айтты.
«Цифрлық трансформация реттеу тұрғысынан алғанда біраз қиындықтармен бетпе-бет келеді, нақтырақ айтсақ, ол инновациялық заң дайындап, тұтынушылар құқықтарын қорғауға баса мән берудің қажеттілігімен байланысты. Дегенмен біз финтехты қаржылық қауіпсіздік саласында орналасқандар және банк қызметтеріне қол жеткізе алмайтын топтың ортасындағы көпір ретінде, екпін беретін күш ретінде қарастырамыз.
Біз AFSA-да финтех саласындағы инновацияларды алға жылжытып, сонымен қатар реттеу мен қадағалауды қамтамасыз етуге талпынамыз. Бұл финтехтың жаңалықтарын қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді»,- деді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.
Сапар аясында ИДБ басшылығымен кездесу, ИДБ компаниялар тобы (ICD, ITFC, ICIEC) басшылығымен кездесулер өткізіліп, онда ИДБ Тобы мен Қазақстан Республикасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері, дәлірегінде, қазақстандық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері, ИДБ-нің ислам қаржылық қызметтерін дамытудағы ықпалы туралы талқыланды.
Сонымен қатар, әртүрлі банктер мен компаниялардың өкілдерімен, оның ішінде, ОПЕК қорының бас директорымен, Исламдық қаржылық қызметтер Кеңесінің бас хатшысы және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 64 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz
Ислам даму банкі (ИДБ) – бұл AAA рейтингісіне ие ұлттық органдардан жоғары тұратын халықаралық қаржылық институты, құрамына ИДБ-ге мүше елдердің әлеуметтік-экономикалық және орнықты дамуын қамтамасыз ететін 57 ел кіреді. Оның негізгі қызметі ғаламдық даму, серіктестік қатынастарды құру, ғылымның, инновациялар мен технологиялардың дамуы және ғаламдық құн түзілуі тізбегінің бекуіне ықпал ету.
www.isdb.org
Кәсіби жарамдылық пен адалдық талаптарына сәйкес келмегендігі үшін AFSA Sanity Capital Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтатты
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) қаржы регуляторының капитал және қаржы өтімділігіне қатысты реттеушілік талаптарын бұзғаны үшін Sanity Capital Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтаттты. Бұған қоса Sanity Capital Ltd компаниясы Бекітілген және Тағайындалған өкілдер туралы міндетті тағайындалулар туралы AFSA талаптарын да орындай алмады.
Осы мәселелерді уақытында шешу туралы ескертулер жасалынғандығына қарамастан, Sanity Capital Ltd ол міндеттерді орындай алмады, сондықтан да AFSA компанияға қарсы іс-шараларды қабылдауға мәжбүр болды.
AFSA компаниялардың өзі бекіткен ең шектеулі талаптарға сай болуын қадағалайды. Талаптарын көзге ілмеген немесе талаптарды жүзеге асырудағы шынайы жоспарларымен бөлісе алмаған қатысушы компанияларға AFSA өз тарапынан тиісті шешімдерді қабылдайды.
«Sanity Capital Ltd компаниясының ешбір клиенті зардап шеккен жоқ және оларға тәуекел қатері туған жоқ. Бірақ бұл — АХҚО құзыреті аймағында/ құзыреті аймағынан қаржылық қызметтерді жүргізу өкілеттігін сақтағысы келетін компаниялардың AFSA-ның заңды тұлғалардың кәсіби жарамдылық пен адалдық талаптарына қатысты төменгі талаптарын сақтауы қажеттілігіне көз жұмып қарауы деген сөз емес», — деп түйіндеді AFSA Бас директорының орынбасары Гаррет Линг.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 64 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz
AFSA Regulatory Townhall екінші жиынын өткізді
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті Regulatory Townhall екінші жиынын өткізді.
Жиын онлайн форматта өтті.
Жиында мынадай тақырыптар қамтылды:
- Нарықтарды танып реттеу туралы Ережелер
- Банк ұйымдарын реттеудің пруденциалдық Ережелері;
- Біліктілік пен адалдық талаптарына сәйкес болу үшін қысқа нормативті нұсқаулықтар;
- Валюталық реттеу Ережелері;
- АХҚО ФинТехЛаб токендік құнды қағаздары процедураларының нұсқаулықтары.
AFSA 2022 жылдың 1 мамырынан бастап қатысушылардың қызметін қадағалауға, кешіктірілген төлемдер және компаниялардың негізгі тұлғаларын өзгертуге қатысты жарналарды енгізді
AFSA 2022 жылдың 1 мамырынан бастап қатысушылардың қызметін қадағалауға, кешіктірілген төлемдер және компанияның негізгі тұлғаларын өзгертуге қатысты жарналарды енгізді. Бұл өзгерістер АХҚО жарналары туралы Ережелерде көрсетілген және олар АҚҚО қатысушы компанияларының өз қызметін реттестіріп алуы үшін берілген төрт жылдық жеңілдік кезеңінің аяқталуынан кейін енгізіліп отыр.
Тиісті консультациялық құжат AFSA вебсайтында жарияланып, қатысушылардан ұсыныстар алудың соңғы күні ретінде 2022 жылдың 29 сәуір күні көрсетілген.
Жарналар мынадай қатысушы компаниялардан алынады: қаржы қызметтерін ұсынатын компаниялардан, қаржы институттарынан, қосымша қызмет көрсететін компаниялардан және қаржы технологиялары саласындағы компаниялардан. Жарналардың өлшемімен АХҚО жарналары туралы Ережелерде (AIFC Fees Rules) мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Жарналарды жинау барлық халықаралық қаржы орталықтарына тән тәжірибе, мәселен Дубай, Абу-Даби, Катар, Сингапур, Гонконг, Лондон қаржы орталықтары жарна алады.
Жарнаның өлшемін анықтарда AFSA өзге де қаржы орталықтарын зерттеп, алынатын жарналар туралы салыстырмалы талдауға сүйенді, бұл арада АХҚО-ның қаржылық тұрақтылығы мен өсімін арттыру да көзделіп отыр.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 63 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. Орталық Азия мемлекеттерінің АХҚО қатысушылары негізінен қаржылық қызметпен байланысты емес секторларда ұсынылған.
www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.
www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Дина Тельтаева
+7 701 765 40 10
[email protected]
AFSA АХҚО қатысушыларына қатысты кәсіби жарамдылық және адалдық саласындағы талаптарға қатысты нұсқаулықты енгізу бойынша консультациялық құжатын жариялады. Пікірлерді жіберудің соңғы мерзімі – 2022 жылғы 14 мамыр.
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО қатысушыларының кәсіби жарамдылығы мен адалдығын бағалау бойынша AFSA тәсілдері туралы ұсынылған нұсқаулыққа қатысты пікір алу үшін № AFSA-P-CE-2022-0002 консультативтік құжатын жариялады. Нұсқаулыққа сәйкес кәсіби жарамдылық пен адалдықты бағалау АХҚО ережелеріне сәйкес қолданылатын болса, лицензиаттарға (Authorised Person) (соның ішінде FinTech Lab қатысушылары мен өтініш берушілеріне), қосалқы қызметтерді жеткізушілерге, уәкілетті тұлғаларға қолданылады. Беріліп отырған нұсқаулық AFSA-ның кәсіби жарамдылық және адалдық стандарттарына көзқарасы туралы көбірек түсінік беру үшін дайындалған. Ағымдағы жылы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ (ЕАТ) Қазақстан Республикасы заңнамасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарға техникалық сәйкестігіне өзара бағалаудың екінші кезеңін өткізеді. Сонымен қатар, ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық әрекет жөніндегі жұмыс тобы (FATF) қадағалаушыларға қылмыстық топтардың акцияларды бақылауға алуы немесе компаниялардағы басшылық лауазымдарды иеленуі мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдап жатқанын көрсетуді ұсынады.
Консультациялық құжаттың толық мазмұнын мына сілтемеден табуға болады https://aifc.kz/files/legals/450/file/cp-on-proposed-regulatory-guidance-on-fitness-and-propriety.pdf.
Барлық ескертулер жазбаша түрде немесе келесі мекенжайларға электрондық пошта арқылы жіберілуі керек:
Саясат және стратегия департаменті
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA)
Мәңгілік Ел 55/17, C3.2, Қазақстан
Электрондық пошта: consultation@afsa.kz
Пікірлерді жіберудің соңғы мерзімі – 2022 жылғы 14 мамыр.
Пікірлер жіберу кезінде тақырып жолында келесіну көрсетуді сұраймыз: «Consultation paper #AFSA-P-CE-2022-0002». Қаласауыңыз бойынша, хатта өкілдік ететін ұйымды көрсетуіңізге болады. AFSA, егер басқаша талап етілмесе, сіз берген кез келген түсініктемелерді, соның ішінде өз веб-сайтында жариялау құқығын өзіне қалдырады. Аргументтермен расталған пікірлердің AFSA-да талқылау процесінде көбірек салмағы болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес жеке компанияны өз еркімен таратудың практикалық қадамдары
2021 жылдың желтоқсанында «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес жеке компанияны өз еркімен тарату бойынша бірінші жоба сәтті аяқталды. Бұл процедура АХҚО Тіркеуші кеңсесі мен «RSP International» (РСП Интернэшнл) ЖШС жүзеге асырған пилоттық жоба болды, ол жеке компанияны ерікті түрде таратудың барлық аспектілеріне байланысты қазақстандық заң кеңесшісі қызметін атқарды.
Бұл мақалада АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке компанияны ерікті түрде тарату үшін қажетті негізгі процедуралық қадамдар белгіленетін болады. Бұл құжаттағы ескертулер түпкілікті және заңгерлік кеңес болып табылмайды.
АХҚО заңы бойынша ерікті тарату – бұл қатысушылардың (акционерлердің) көпшілік дауысымен қолдау тапқан компанияны тәуелсіз тарату. Мұндай шешім компанияның директорлар кеңесі оның қызметін жалғастыруға негіз жоқ деп шешкен кезде қабылданады. Ерікті тарату тек компания төлем қабілетті болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін, яғни оның активтері тарату басталған күннен бастап 12 айдан аспайтын мерзімге ресми мөлшерлеме бойынша сыйақымен бірге барлық қарыздарды толық төлеуге жеткілікті болуы керек.
Ерікті түрде тарату кезінде компания, оны тарату үшін қызметті жалғастыру талап етілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, тарату рәсімі басталған кезден бастап өз қызметін тоқтатуға міндетті. Бұл ретте компанияның корпоративтік заңды тұлғасы мен корпоративтік өкілеттігі ол таратылғанға дейін сақталады.
Ерікті таратудың алдын ала кезеңдері шеңберінде компанияның директорлары директорлар кеңесі мүшелерінің жай көпшілік дауысымен мақұлданған Төлем қабілеттілігі туралы декларацияны ұсынуы керек.
Декларация тарату туралы шешім қабылданғанға дейін 5 апта ішінде немесе сол күні, бірақ шешім бекітілгенге дейін берілуі керек.
Қомпания өз еркімен таратылған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысында компанияның қызметін тоқтату және оның мүлкін бөлу үшін бір немесе бірнеше таратушы тағайындалуы тиіс. Компанияны ерікті түрде тарату үшін тағайындалған таратушы АХҚО-ның Банкроттықпен айналысушылар мен ресми таратушылардың тізілімінде тіркелуі тиіс.
Компанияның таратушысы тағайындалған күннен бастап, егер компания жалпы жиналыста немесе таратушы оларды жалғастыруды мақұлдамаса, директорлардың барлық өкілеттіктері тоқтатылады.
Компанияны өз еркімен тарату кезінде директорлар:
− таратушыға компанияның қызметі туралы ақпарат беруге және қажет болған жағдайда отырыстарға қатысуға;
− серіктестіктің активтерін қадағалап, оларды барлық есеп кітаптарымен, жазбалармен, банктік есептермен, сақтандыру шарттарымен және серіктестіктің активтері мен міндеттемелеріне қатысты басқа да құжаттармен бірге таратушыға тапсыруы міндетті.
Компанияны өз еркімен тарату тәртібі бойынша барлық салық талаптары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, өйткені «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағындағы салық режимі, кейбір ерекшеліктерді қоспағандаб Қазақстан Республиканың Салық кодексімен айқындалады.
Таратушы өткізген қатысушылардың қорытынды жалпы жиналысынан кейін компания өз қызметін тоқтатқан кезде тарату аяқталды деп есептеледі. Жеке компанияны өз еркімен тарату процедурасы 4 айдан 6 айға дейін созылуы мүмкін. Тарату процесі сәтті аяқталғаннан кейін заңды тұлға өз қызметін тоқтатады.
Егер ерікті тарату рәсімі кезінде компанияның дәрменсіздігі анықталса, таратушы компания кредиторларының жиналысын шақырады, олар бұл процесті жалғастырады.
Компаниялардың бухгалтерлік есеп берулері
АХҚО актілеріне және халықаралық айқындылық стандарттарына сәйкес, компания жұмысын тоқтатқан кезде директорлар оның есептік құжаттарының компания таратылған күннен бастап кемінде 6 жыл сақталуын қамтамасыз етуі керек.
Бұл мақаланы 2021 жылдың желтоқсан айында «Астана» халықаралық қаржы орталығында жеке компанияны ерікті түрде тарату жобасын жүзеге асырған заң және кеңес беру қызметтерін жеткізуші RSP International LLP (РСП Интернэшнл) дайындады.
Байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Самал-2, 33А, блок 2, 21 қабат
Тел.: +7 (727) 259 91 66
Факс: +7 (727) 259 91 64
eMail: [email protected]
Web: www.rsp-i.com
AFSA АХҚО-ның жарна ережелеріне өзгертулер туралы консультациялық құжатын жариялады. Пікірлерді жіберудің соңғы мерзімі – 2022 жылдың 29 сәуірі.
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО жарна ережелеріне ұсынылған өзгертулер бойынша ұсыныстарды жинау мақсатында № AFSA-P-CE-2022-0001 консультациялық құжатын жариялады.
АХҚО-ның жарналар туралы ережелеріне сәйкес қадағалау, лицензияны өзгерту және уәкелетті тұлғаларға қатысты алымдар АХҚО-ға мүше компанияларға операцияларды құруға шоғырлануға мүмкіндік беретін 4 жылдық жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
АХҚО-ның жарна турлы ережелеріне келесі өзгертулер кіреді:
(а) қадағалау бойынша жылдық жарналар;
(b) уәкiлеттi тұлғаларды (approved individuals) бекітуге өтiнiм беру үшiн алынатын төлем;
(c) лицензияны өзгертуге немесе уәкілетті тұлғаны ауыстыруға өтініш беру үшін алымдар;
(d) финтех лабораториясы (FinTech Lab) мүшелерінің жарналары;
(e) сандық активтер сауда платформасының операторы қызметін лицензиялау үшін қайта қаралған жарналар;
(f) Компанияларды тіркеу кеңсесінің әкімшілік қызметтері бойынша алынатын жарналарға өзгерістер;
(g) шетелдік қорларды басқарушыларын тану үшін жарналар;
(h) Exempt Fund и Non-Exempt Fund тіркеу өтінімі және Exempt Fund туралы хабарландыру үшін алымдар;
(i) Мерзімі өткен міндеттемелер бойынша жарналар.
Консультациялық құжаттың толық мазмұнын мына сілтемеден табуға болады https://afsa.orderly.kz/articles/consultation-paper-on-proposed-amendments-to-aifc-fees-rules.
Барлық ескертулер жазбаша түрде немесе келесі мекенжайларға электрондық пошта арқылы жіберілуі керек:
Саясат және стратегия бөлімі
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA)
Мәңгілік Ел 55/17, C3.2, Қазақстан
Электрондық пошта: consultation@afsa.kz
Пікірлерді жіберудің соңғы мерзімі — 2022 жылдың 29 сәуірі.
Пікірлер жіберу кезінде тақырып жолында келесіну көрсетуді сұраймыз: «Consultation paper #AFSA-P-CE-2022-0001». Қаласауыңыз бойынша, хатта өкілдік ететін ұйымды көрсетуіңізге болады. AFSA, егер басқаша талап етілмесе, сіз берген кез келген түсініктемелерді, соның ішінде өз веб-сайтында жариялау құқығын өзіне қалдырады. Аргументтермен расталған пікірлердің AFSA-да талқылау процесінде көбірек салмағы болады.